Ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында жасалған мәмiлелердi бағаны манипуляциялау мақсатында жасалған деп тану, қор биржасы директорлар кеңесінің бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді манипуляциялау мақсатында жасалған деп тану мәселесі жөніндегі комитетін құру және оның жұмыс істеу ережесiн, сондай-ақ оның сандық құрамын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқарамасының 2008 жылғы 28 қарашадағы N 196 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 8 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5476 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 70 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 23.04.2014 № 70 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Бағалы қағаздар рыногының жұмыс істеуінің айқындылығы мен тиімділігінің дәрежесін арттыру, инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында, сондай-ақ, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 маусымдағы Заңының 56-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қоса берілген Ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында жасалған мәмiлелердi бағаны манипуляциялау мақсатында жасалған деп тану, қор биржасы директорлар кеңесінің бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді манипуляциялау мақсатында жасалған деп тану мәселесі жөніндегі комитетін құру және оның жұмыс істеу ережесi, сондай-ақ, оның сандық құрамы бекiтілсін.
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) Агенттік Басқармасының "Бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi бағаны манипуляциялау мақсатында жасалған ден тану ережесiн бекiту туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы N 110 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3615 тіркелген);
      2) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді бағаны манипуляциялау мақсатында жасалған деп тану ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы N 110 қаулысына толықтыру енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 312 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3844 тіркелген);
      3) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді бағаны манипуляциялау мақсатында жасалған деп тану ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы N 110 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2008 жылғы 26 мамырдағы N 78 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5259 тіркелген, 2008 жылғы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағының N 9, 2008 жылғы 1 тамызда "Заң газеті" газетінде N 116 (1342) санында жарияланған).
      3. Осы қаулы, ол бірінші рет ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
      4. "Қазақстан қор биржасы" АҚ осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап, он жұмыс күн ішінде өзінің ұйымдық құрылымын және ішкі құжаттарын осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін.
      5. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сауда-саттықты ұйымдастырушыларға және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.
      6. Агенттіктің Төрайым қызметі (А.А. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

       Төрайым                                           Е. Бахмутова

Қазақстан Республикасы Қаржы 
нарығын және қаржы ұйымдарын 
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының        
2008 жылғы 28 қарашадағы   
N 196 қаулысымен бекітілген 

Ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмiлелердi бағаны манипуляциялау мақсатында жасалған деп тану, қор
биржасы директорлар кеңесінің бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді манипуляциялау мақсатында жасалған деп тану мәселесі жөніндегі комитетін құру және оның жұмыс істеу ережесi, сондай-ақ оның сандық құрамы

      Осы Ереже "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 маусымдағы Заңының (бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы Заң) 56-бабына сәйкес әзірленген және ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілелерді манипуляциялау мақсатында жасалған деп танудың тәртібін және талаптарын, сондай-ақ қор биржасы директорлар кеңесінің бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді манипуляциялау мақсатында жасалған деп тану мәселесі жөніндегі комитетін құру және оның жұмыс істеу тәртібін, сондай-ақ оның сандық құрамын белгілейді.
      1. Мәміле тараптары арасында алдын ала келісілген, осындай мәміле жасамас бұрын бағалы қағаздар нарығында қалыптасқан осы бағалы қағаздардың бағаларынан елеулі ерекшеленетін баға бойынша жасалатын мәміле деп, қор биржасымен өткізілген сауда-саттықта тікелей мәміле жасасу әдісімен жасалған, не мәміленің тараптары ретінде сауда-саттықтың қатысушысы сол бір тұлға болып табылатын мәміле танылады, егер:
      1) акциялармен мәмiле жасаған кезде осы акциялармен жасалған мәмiле бағасының осы акциялардың, осы Ереженің 3-тармағына сәйкес есептелген орташа алғандағы бағасынан ауытқуы отыз және одан астам пайызды құрайды;
      2) облигациялармен (оның ішінде мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздармен) мәміле жасаған кезде осы мәміленің бағасына сәйкес осы өтелетін облигациялар кірістілігінің, осы Ереженің 4-тармағына сәйкес есептелген, осы өтелетін облигациялардың орташа мөлшерленген нарықтық кірістілігінен ауытқуы үш және одан астам пайыздық тармақты құрайды.
      2. Бағалы қағаздар рыногы туралы Заңының 56-бабының 5-тармағының 1) тармақшасында көзделген талапқа сәйкес келетін мынадай мәмілелер манипуляциялау мақсатында жасалған болып табылмайды:
      1) қор биржасының сауда жүйесiнің мұндай операцияларға арналған секторында жүзеге асырылатын сол бiр "репо" операциясына жататын "репоны" ашу және жабу мәмiлелерi;
      2) бiрдей көлемдегі және сол бағалы қағаздармен жасалған екi мәмiле, олардың екiншiсi осы мәмiлелердiң бiрiншiсiн жасаған кезде жiберiлген техникалық қатенi түзету мақсатында жасалған болса;
      3) мәміле жасалған күнге дейінгі соңғы отыз күн ішінде, бірақ осы кезеңнің кемінде он күн ішінде осы атаудағы бағалы қағаздармен қор биржасының кемінде он мүшесі тараптары болып табылатын, жиынтық көлемі елу миллион теңгеден кем емес, кемінде жиырма мәміле жасалу шартымен қор биржасының сауда жүйесiнде бағалы қағаздармен ашық сауда-саттық әдісімен жасалған мәмілелер.
      Қатысушыларының бірі, қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленген маркет-мейкердің міндеттерін атқару шегінде әрекет ететін, осы мәміленің мәні болып табылатын бағалы қағаздардың маркет-мейкері болып табылатын, мәміле жасасқан кездегі маркет-мейкердің іс-әрекеттері бағалы қағаздар нарығында манипуляциялау мақсатында мәміле жасау болып табылмайды.
      3. Акциялардың орташа мөлшерленген нарықтық бағасы қор биржасы соңғы толық өткен жеті күнтiзбелiк күн iшiнде ашық сауда әдiсiмен өткiзген сауда-саттықтарда акциялармен (ақшалай) жасалған мәмiлелердiң жиынтық көлемiнiң мұндай мәмiлелердiң жиынтық мөлшерiне (бағалы қағаздармен) ара-қатынасы ретiнде есептеледі (осы тармақтың екiншi және үшінші абзацында белгiленген ерекшелiктi ескере отырып).
      Егер көрсетiлген кезең iшiнде акциялармен жасалған мәмiлелер саны бестен кем болған жағдайда, осы акциялардың орташа мөлшерленген нарықтық бағасы қор биржасы соңғы толық өткен алпыс күнтізбелік күн iшiнде ашық сауда әдісiмен өткiзген сауда-саттықтарда осы акциялармен (ақшалай) жасалған соңғы бес мәмiленiң жиынтық көлемiнiң мұндай соңғы бес (бағалы қағаздармен) мәмiленiң жиынтық мөлшерiне ара-қатынасы ретiнде есептеледi.
      Егер соңғы толық өткен алпыс күнтізбелік күн ішінде акциялармен жасалған мәмілелердің саны бестен кем болса, осы акциялардың орташа мөлшерленген бағасы есептелмейді.
      4. Өтелетін облигациялардың орташа мөлшерленген нарықтық кiрiстiлiгi мына формула бойынша есептеледi:                      

                      , мұнда

      I - өтелетін облигациялардың орташа мөлшерленген нарықтық кiрiстiлiгi, жылдық пайызбен;
      i - осы облигациялармен жасалған мәмiле бағасына сәйкес өтелетін облигациялардың кiрiстiлiгi, жылдық пайызбен;
      V - облигациялармен жасалған мәмiленің көлемі, ақшалай;
      n – қор биржасы соңғы толық өткен жеті күнтiзбелiк күн iшiнде ашық сауда әдiсiмен өткiзген сауда-саттықтарда облигациялармен жасалған мәмiлелер саны.
      Соңғы толық өткен жеті күнтізбелік күн ішінде облигациялармен жасалған мәмiлелер саны бестен кем болған жағдайда, n, қор биржасы соңғы толық өткен алпыс күн iшiнде ашық сауда әдiсiмен өткiзген сауда-саттықтарда облигациялармен жасалған мәмiлелер саны бес және одан астамын құрау шартымен, бес не одан көп болады.
      Егер соңғы толық өткен алпыс күнтізбелік күн ішінде облигациялармен жасалған бестен кем болса, осы өтелетін облигациялардың орташа мөлшерленген нарықтық кірістілігі есептелмейді.
      5. Бағалы қағаздар рыногы туралы Заңының 56-бабының 5-тармағында аталған талаптардың біреуіне сәйкес келетін мәмілелерден басқа бағалы қағаздар рыногында манипуляциялау мақсатында жасалған бағалы қағаздармен мәмілелерді анықтау үшін мынадай мәмілелер мониторингке және талдауға жатады:
      1) қор биржасының сауда жүйесінде немесе бағалы қағаздарды сатушы және сатып алушы дербес немесе қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік уәкілетті органының (бұдан әрі – уәкілетті орган) брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымының мәміле жасау жөніндегі бұйрықтарын тапсыру арқылы әрекет ететін сол бір тұлға болатын ұйымдастырылмаған нарықта жасалған мәміле;
      2) жай, заңды салдарын туғызуға ниеті болмай жасалған мәміле не бірнеше мәміле (жалған мәмілелер);
      3) басқа мәмілені жасыру мақсатында жасалған мәміле не бірнеше мәміле (бүркеме мәмілелер).
      6. Қор биржасының ішкі құжаттарында осы қор биржасының сауда жүйесінде жасалған мәмілелерді манипуляциялау мақсатында жасалды деп тану бойынша Бағалы қағаздар рыногы туралы Заңының 56-бабының және осы Ереженің талаптарына қарама-қайшы келмейтін қосымша талаптары көзделуі мүмкін.
      7. Жасалу параметрлері мен шарттары Бағалы қағаздар нарығында манипуляциялау мақсатында жасалды деп болжамдауға негіздеме беретін бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді (бұдан әрі - күмәнді мәмілелер) анықтауды мыналар жүзеге асырады:
      1) қор биржасы мен бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының есептерінде, бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің, мемлекеттік органдардың және өзге жеке және заңды тұлғалардың хаттарында (өтініштерінде, шағымдарында) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарда бар ақпараттың негізінде, сондай-ақ, бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметін тексеру қорытындысы бойынша уәкілетті орган;
      2) қор биржасының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерді қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын қор биржасының құрылымдық бөлімшесі.
      Манипуляциялау фактіні растау не болмауын анықтау мақсатында уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығының субъектілерінен қажетті ақпаратты ұсынуды сұратады не, қажет болған жағдайда, бағалы қағаздар нарығы субъектілердің тексеруін жүзеге асырады.
      8. Қор биржасының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерді қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын қор биржасының құрылымдық бөлімшесі күдікті мәмілелерді анықтаған жағдайда күдікті мәміле туралы есеп оны жасаған күні қор биржасы директорлар кеңесінің мәмілелерді манипуляциялау мақсатында жасалды деп тану мәселесі жөніндегі комитеттің (бұдан әрі – сараптама комитеті) қарауына тапсырылады.
      9. Сараптама комитеті жеті адамнан құрылады және құрамында төраға мен алты мүшесі болады. Сараптама комитетінің төрағасы қор биржасының директорлар кеңесімен сараптама комитеті мүшелерінің қатарынан сайланады.
      Сараптама комитетінің мүшелері:
      1) уәкілетті органның екі өкілі;
      2) бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастыру мәселелерін басшылық ететін қор биржасының атқарушы органының мүшесі;
      3) қор биржасының директорлар кеңесінің екі мүшесі;
      4) қор биржасының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерді қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын қор биржасының құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
      5) "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің өкілі.
      Қор биржасы атқарушы органының басшысы және қор биржасының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерді қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын қор биржасының құрылымдық бөлімшесінің басшысы сараптама комитетінің төрағасы болып сайлана алмайды.
      Сараптама комитетінің құрамы қор биржасының директорлар кеңесінің шешімімен бекітіледі және уәкілетті органмен келісіледі.
      10. Сараптама комитетінің отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.
      Сараптама комитетінің отырысына қаралатын күдікті мәміленің тараптары болып табылатын ұйымдардың өкілдері, және (немесе) осы ұйымдар мәміле жасау жөніндегі бұйрықтарына сәйкес әрекет еткен олардың клиенттері шақырылуы мүмкін.
      11. Сараптама комитетінің шешімдері оның мүшелерінің жалпы санының жай көпшілік дауысымен қабылданып, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында манипуляциялау мақсатында жасалған мәмілелер деп тану мәселелері жөніндегі сараптама комитетінің қорытындысы (бұдан әрі – сараптама комитетінің қорытындысы) түрінде ресімделеді.
      Қаралатын күдікті мәміленің тараптары болып табылатын ұйымдарға, бағалы қағаздың немесе қаралатын күдікті мәміленің мәні болып табылатын бағалы қағаздың базалық активінің эмитентіне қатысты аффилирленген сараптама комитетінің мүшелері дауыс беруге қатыспайды.
      12. Сараптама комитетінің қорытындысы, оған сараптама комитеті төрағасының қолы қойылып, қор биржасының директорлар кеңесінің жақын арада өтетін отырысына қарау үшін беріледі.
      Сараптама комитеті қорытындысында бар, қор биржасының директорлар кеңесінің қарауына ұсынылатын ақпарат бағалы қағаздар нарығында қызметтік не коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратқа жатпауы тиіс.
      13. Қор биржасының директорлар кеңесімен бекітілген сараптама комитетінің қорытындысы уәкілетті органға күмәнді мәмілені анықтаған күннен бастап он бес жұмыс күннен кешіктірмей жіберіледі.
      Қор биржасы сараптама комитетінің қорытындысын директорлар кеңесі бекіткеннен кейін уәкілетті органға жібереді.
      14. Сараптама комитетінің мүшелері сараптама комитетінің жұмысына қатысу барысында алған ақпараттың, оның ішінде қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
      15. Осы Ережемен реттелмеген мәселелері бойынша сараптама комитетінің жұмыс тәртібі қор биржасының ішкі құжаттарымен айқындалады.
      16. Ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілені манипуляциялау мақсатында жасалды деп тану уәкілетті органмен қор биржасының директорлар кеңесінің сараптамалық қорытындысын (егер оның сауда жүйесінде ондай мәміле жасалған болса) қарау нәтижесі бойынша жүзеге асырылады және уәкілетті органның бірінші басшысының немесе оның орынбасарының шешімімен ресімделеді.
      17. Уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығында манипуляциялау мақсатында жасалған деп танылған бағалы қағаздармен жасалған мәміленің тараптарын осындай тану туралы осы Ереженің 16-тармағында көрсетілген шешім ресімделген күннен бастап он жұмыс күн ішінде жазбаша хабардар етеді.
      18. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешілуге тиіс.

Об утверждении Правил признания сделок, заключенных на организованном рынке ценных бумаг как совершенных в целях манипулирования, формирования и работы комитета совета директоров фондовой биржи по вопросу признания сделок с ценными бумагами, совершенных в целях манипулирования, а также его количественного состава

Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 28 ноября 2008 года N 196. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 8 января 2009 года № 5476. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 23 апреля 2014 года № 70

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 23.04.2014 № 70 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В целях повышения степени прозрачности и эффективности функционирования рынка ценных бумаг, защиты прав и интересов инвесторов, а также в соответствии со статьей 56 Закона Республики Казахстан от 2 июня 2003 года «О рынке ценных бумаг», Правление Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций (далее – Агентство) ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила признания сделок, заключенных на организованном рынке ценных бумаг как совершенных в целях манипулирования, и формирования и работы комитета совета директоров фондовой биржи по вопросу признания сделок с ценными бумагами, совершенных в целях манипулирования, а также его количественный состав.
      2. Признать утратившими силу:
      1) постановление Правления Агентства от 26 марта 2005 года № 110 «Об утверждении Правил признания сделок с ценными бумагами как заключенных с целью манипулирования ценами» (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 3615);
      2) постановление Правления Агентства от 27 августа 2005 года № 312 «О внесении дополнения в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 26 марта 2005 года № 110 «Об утверждении Правил признания сделок с ценными бумагами как заключенных с целью манипулирования ценами» (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 3844);
      3) постановление Правления Агентства от 26 мая 2008 года № 78 «О внесении изменения в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 26 марта 2005 года № 110 «Об утверждении Правил признания сделок с ценными бумагами как заключенных с целью манипулирования ценами» (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 5259, опубликованное 1 августа 2008 года в газете «Юридическая газета» № 116 (1516), 15 сентября 2008 года в Собрании актов центральных исполнительных и иных центральных государственных органов Республики Казахстан № 9).
      3. Настоящее постановление вводится в действие после дня его первого официального опубликования.
      4. АО «Казахстанская фондовая биржа» в течение десяти рабочих дней со дня государственной регистрации настоящего постановления привести свою организационную структуру и внутренние документы в соответствие с требованиями настоящего постановления.
      5. Департаменту надзора за субъектами рынка ценных бумаг и накопительными пенсионными фондами (Хаджиева М.Ж.):
      1) совместно с Юридическим департаментом (Сарсенова Н.В.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления;
      2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления довести настоящее постановление до сведения заинтересованных подразделений Агентства, организаторов торгов и Объединения юридических лиц «Ассоциация финансистов Казахстана».
      6. Службе Председателя Агентства (Кенже А.А.) принять меры по опубликованию настоящего постановления в средствах массовой информации Республики Казахстан.
      7. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Агентства Алдамберген А.У.

       Председатель                               Е. Бахмутова

У тверждены постановлением 
Правления Агентства Республики
Казахстан по регулированию и
надзору финансового рынка и
финансовых организаций  
от 28 ноября 2008 года № 196

Правила
признания сделок, заключенных на организованном рынке ценных
бумаг как совершенных в целях манипулирования, и формирования и
работы комитета совета директоров фондовой биржи по вопросу
признания сделок с ценными бумагами, совершенных в целях
манипулирования, а также его количественный состав

      Настоящие Правила разработаны в соответствии со статьей 56 Закона Республики Казахстан от 2 июня 2003 года «О рынке ценных бумаг» (далее – Закон о рынке ценных бумаг) и устанавливают порядок и условия признания сделок, заключенных на организованном рынке ценных бумаг как совершенных в целях манипулирования, а также порядок формирования и работы комитета совета директоров фондовой биржи по вопросу признания сделок с ценными бумагами, совершенных в целях манипулирования, а также его количественный состав.
      1. Сделкой, совершенной по предварительно оговоренной между ее сторонами цене, существенно отличающейся от цен на данные ценные бумаги, которые сложились на рынке ценных бумаг до заключения такой сделки, признается сделка, заключенная на торгах, проведенных фондовой биржей, методом заключения прямых сделок, либо по которой в качестве сторон сделки выступает один и тот же участник торгов, если:
      1) при заключении сделки с акциями отклонение цены данной сделки с акциями от средневзвешенной рыночной цены этих акций, рассчитанной в соответствии с пунктом 3 настоящих Правил, составляет тридцать и более процентов;
      2) при заключении сделки с облигациями (в том числе с государственными эмиссионными ценными бумагами) отклонение доходности этих облигаций к погашению в соответствии с ценой данной сделки от средневзвешенной рыночной доходности этих облигаций к погашению, рассчитанной в соответствии с пунктом 4 настоящих Правил, составляет три и более процентных пункта.
      2. Не являются совершенными с целью манипулирования следующие сделки, соответствующие условию, предусмотренному подпунктом 1) пункта 5 статьи 56 Закона о рынке ценных бумаг:
      1) сделки открытия и  закрытия «репо», которые относятся к одной и той же операции «репо», осуществляемой в предназначенном для таких операций секторе торговой системы фондовой биржи;
      2) две сделки одного и того же объема с одними и теми же ценными бумагами, вторая из которых заключена в целях исправления технической ошибки, допущенной при заключении первой из данных сделок;
      3) сделки с ценными бумагами, заключенные в торговой системе фондовой биржи методом открытых торгов, при условии, что в течение последних тридцати дней, предшествующих дате заключения сделки, но не менее чем в течение десяти дней из этого периода, с ценными бумагами данного наименования было заключено не менее двадцати сделок суммарным объемом не менее пятидесяти миллионов тенге, сторонами которых являлись не менее десяти членов фондовой биржи.
      При заключении сделки с ценными бумагами, одним из участников которой является маркет-мейкер ценных бумаг, являющихся предметом данной сделки, действующий в рамках исполнения обязанностей маркет-мейкера, установленных внутренними документами фондовой биржи, действия маркет-мейкера не являются совершением сделки с целью манипулирования на рынке ценных бумаг.
      3. Средневзвешенная рыночная цена акций рассчитывается как отношение суммарного объема сделок с акциями (в деньгах), которые заключены на торгах, проведенных фондовой биржей методом открытых торгов в течение последних семи истекших календарных дней, к суммарному размеру таких сделок (в ценных бумагах) (с учетом особенности, установленной абзацами вторым и третьим настоящего пункта).
      В случае, если количество сделок с акциями, заключенных в течение указанного периода, составляет менее пяти, то средневзвешенная рыночная цена этих акций рассчитывается как отношение суммарного объема последних пяти сделок с этими акциями (в деньгах), которые заключены на торгах, проведенных фондовой биржей методами открытых торгов в течение последних шестидесяти истекших календарных дней, к суммарному размеру таких последних пяти сделок (в ценных бумагах).
      В случае, если количество сделок с акциями, заключенных в течение последних шестидесяти истекших календарных дней, составляет менее пяти, то средневзвешенная рыночная цена этих акций не рассчитывается.
      4. Средневзвешенная рыночная доходность облигаций к погашению рассчитывается по формуле:

      I - средневзвешенная рыночная доходность облигаций к погашению, в процентах годовых;
      i - доходность облигаций к погашению в соответствии с ценой сделки с этими облигациями, в процентах годовых;
      V - объем сделки с облигациями, в деньгах;
      n - количество сделок с облигациями, которые заключены на торгах, проведенных фондовой биржей методом открытых торгов в течение последних семи истекших календарных дней.
      В случае, если количество сделок с облигациями, заключенных в течение последних семи истекших календарных дней, составляет менее пяти, n равно пяти при условии, что количество сделок с облигациями, которые заключены на торгах, проведенных фондовой биржей методом открытых торгов в течение последних шестидесяти полностью истекших календарных дней, составляет пять и более.
      В случае, если количество сделок с облигациями, заключенных в течение последних шестидесяти истекших календарных дней, составляет менее пяти, средневзвешенная рыночная доходность этих облигаций к погашению не рассчитывается.
      5. Мониторингу и анализу на предмет выявления сделок с ценными бумагами, совершенных в целях манипулирования на рынке ценных бумаг, помимо сделок, соответствующих одному из условий, перечисленных в пункте 5 статьи 56 Закона о рынке ценных бумаг, подлежат следующие сделки:
      1) сделка, заключенная в торговой системе фондовой биржи или на неорганизованном рынке, при которой в качестве покупателя и продавца ценных бумаг выступает одно и то же лицо, действующее самостоятельно либо путем передачи приказов на заключение сделки организации, обладающей лицензией уполномоченного государственного органа по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций (далее – уполномоченный орган) на осуществление брокерской и (или) дилерской деятельности;
      2) сделка либо несколько сделок, совершенные лишь для вида, без намерения вызвать юридические последствия (мнимые сделки);
      3) сделка либо несколько сделок, совершенных с целью прикрыть другую сделку (притворные сделки).
      6. Внутренними документами фондовой биржи могут быть предусмотрены дополнительные условия по признанию сделок, заключенных в торговой системе данной фондовой биржи, как совершенных в целях манипулирования, не противоречащие требованиям статьи 56 Закона о рынке ценных бумаг и настоящих Правил.
      7. Выявление сделок с ценными бумагами, параметры и условия, заключения которых дают основания предполагать, что данные сделки заключены в целях манипулирования на рынке ценных бумаг (далее – подозрительные сделки), осуществляется:
      1) уполномоченным органом на основании информации, которая содержится в отчетах фондовой биржи и профессиональных участников рынка ценных бумаг, письмах (заявлениях, жалобах, обращениях) субъектов рынка ценных бумаг, государственных органов и иных физических и юридических лиц, публикациях средств массовой информации, а также по результатам проверок деятельности субъектов рынка ценных бумаг;
      2) структурным подразделением фондовой биржи, осуществляющим деятельность по надзору за совершаемыми сделками в торговой системе фондовой биржи.
      В целях подтверждения либо отсутствия факта манипулирования уполномоченный орган запрашивает у субъектов рынка ценных бумаг предоставление необходимой информации либо, при необходимости, осуществляет проверку субъектов рынка ценных бумаг.
      8. В случае выявления подозрительных сделок структурным подразделением фондовой биржи, осуществляющим деятельность по надзору за совершаемыми сделками в торговой системе фондовой биржи, отчет о подозрительной сделке в день его составления передается на рассмотрение комитета совета директоров фондовой биржи по вопросу признания сделок с ценными бумаги совершенными в целях манипулирования (далее – экспертный комитет).
      9. Экспертный комитет формируется в составе семи человек и состоит из председателя и шести членов. Председатель экспертного комитета избирается советом директоров фондовой биржи из числа членов экспертного комитета.
      Членами экспертного комитета являются:
      1) два представителя уполномоченного органа;
      2) член исполнительного органа фондовой биржи, курирующий вопросы организации торгов с ценными бумагами;
      3) два члена совета директоров фондовой биржи;
      4) руководитель структурного подразделения фондовой биржи, осуществляющего деятельность по надзору за совершаемыми сделками в торговой системе фондовой биржи;
      5) представитель Объединения юридических лиц «Ассоциация финансистов Казахстана».
      Член исполнительного органа фондовой биржи, курирующий вопросы организации торгов с ценными бумагами, и руководитель структурного подразделения фондовой биржи, осуществляющего деятельность по надзору за совершаемыми сделками в торговой системе фондовой биржи, не могут быть избраны председателем экспертного комитета.
      Состав экспертного комитета утверждается решением совета директоров фондовой биржи и согласовывается с уполномоченным органом.
      10. Заседания экспертного комитета проводятся по мере необходимости.
      На заседание экспертного комитета могут быть приглашены представители организации, являющиеся сторонами рассматриваемой подозрительной сделки, и (или) их клиенты, в соответствии с приказами, на заключение сделки которых действовали данные организации.
      11. Решения экспертного комитета принимаются простым большинством голосов от общего количества его членов и оформляются в виде заключения экспертного комитета по вопросам признания сделок, заключенных на организованном рынке ценных бумаг как совершенных в целях манипулирования (далее – заключение экспертного комитета).
      В голосовании не принимают участие члены экспертного комитета, аффилиированные по отношению к организациям, являющимся сторонами рассматриваемой подозрительной сделки, эмитенту ценной бумаги или базового актива ценной бумаги, являющихся предметом рассматриваемой подозрительной сделки.
      12. Заключение экспертного комитета подписывается председателем экспертного комитета и выносится на ближайшее заседание совета директоров фондовой биржи для его рассмотрения.
      Информация, содержащаяся в заключении экспертного комитета, предоставляемого на рассмотрение совета директоров фондовой биржи, не должна относиться к информации, составляющей служебную и коммерческую тайну на рынке ценных бумаг.
      13. Заключение экспертного комитета, утвержденное советом директоров фондовой биржи, направляется в уполномоченный орган не позднее пятнадцати рабочих дней с даты обнаружения подозрительной сделки.
      Фондовая биржа в течение трех календарных дней после утверждения заключения экспертного комитета советом директоров, направляет его в уполномоченный орган.
      14. Члены экспертного комитета обеспечивают конфиденциальность информации, полученной в ходе участия в работе экспертного комитета, в том числе информации, составляющей служебную, коммерческую и иную охраняемую законом тайну, и несут ответственность в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      15. Порядок работы экспертного комитета по вопросам, не урегулированным настоящими Правилами, определяется внутренними документами фондовой биржи.
      16. Признание сделки, заключенной на организованном рынке ценных бумаг как совершенной с целью манипулирования на рынке ценных бумаг, осуществляется уполномоченным органом по итогам рассмотрения экспертного заключения совета директоров фондовой биржи (если такая сделка была заключена в ее торговой системе) и оформляется решением первого руководителя уполномоченного органа или его заместителя.
      17. Уполномоченный орган письменно уведомляет стороны сделки с ценными бумагами, признанной как заключенной с целью манипулирования на рынке ценных бумаг, о таком признании в течение десяти рабочих дней со дня оформления решения, указанного в пункте 16 настоящих Правил.
      18. Вопросы, не урегулированные настоящими Правилами, подлежат разрешению в соответствии с законодательством Республики Казахстан.