Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2009.03.26 N 06-285қ қаулысымен
"Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 558 қаулысына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын көтеру мақсатында Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Астана қаласының Жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) көрсететін "Жер учаскелері туралы анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) ұсынылған стандарты бекітілсін.
2. Басқарма мемлекеттік қызмет көрсетудің бекітілген стандартын, оның ішінде жыл сайын бекітілген көрсеткіштердің сапасы мен қол жетімділігін, қалалық маңызы бар бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды;
есептік тоқсаннан кейінгі айдың 10 жұлдызына және әрбір есеп беру жылының 15 желтоқсанына дейін Астана қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі бөліміне сапа көрсеткіштері мен қол жетімділігінің мақсатты мәндеріне қол жеткізу жөнінде тоқсан сайынғы және жылдық есеп беруді қамтамасыз етсін.
3. Басқарма осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Е.Х. Сұлтановқа жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім
Астана қаласы әкімдігінің
2008 жылғы 29 қаңтардағы
N 37-152қ қаулысымен
Бекітілген
Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
"Жер учаскелері туралы анықтама беру"
1. Жалпы ережелер
1. Осы стандарт жер учаскелері туралы анықтама беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін белгілейді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің
14-1
және
44-баптары
негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызметті "Астана қаласының Жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) көрсетеді.
Қызмет көрсету орны: Астана қаласы, Абай даңғылы, 111.
Электронды поштаның мекен-жайы:
uzo301@mail.ru
5. Жер учаскелері туралы анықтама беріледі.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі жеті жұмыс күні ішінде:
1) құжаттарды мамандандырылған Астана қаласы бойынша жер ресурстары және жерге орналастыру жөніндегі еншілес мемлекеттік кәсіпорынға (бұдан әрі - ЕМК) жіберу өтініштерді тіркеген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;
кәсіпорынмен анықтаманы әзірлеу төрт жұмыс күні ішінде жүргізіледі;
тіркеу және өтініш берушіге анықтама беру өтініш түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде (тіркеу, талон алу кезде) кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт: 40 минутке дейін;
3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде құжаттарды алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт: 40 минуттан көп емес.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету ақылы.
9. Ақпараттық және анықтамалық тағандар Басқарманың және ЕМК-ның фойелерінде орналастырылған. Электрондық сайт:
uzo301@mail.ru
ЕМК, Желтоқсан көшесі, 25.
10. Жұмыс кестесі мен жұмыс режимі:
Басқарма - мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бейсенбіге дейін сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ке дейін, сенбі сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін, жұма күні - қабылдамайтын күн.
Қызметті алу үшін алдын ала жазылу және жедел қызмет көрсету жүзеге асырылмайды.
ЕМК - мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бейсенбіге дейін сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ке дейін, сенбі сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін, жұма күні - қабылдамайтын күн.
11. Қызмет құжаттарды қабылдау-беру терезелері орналасқан, отыратын орындықтары бар күту залдары, толтырылған бланк үлгілері қойылған ақпараттық тағандары бар Басқарма мен ЕМК ғимараттарында көрсетіледі.
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, І, ІІ топ мүгедектеріне кезектен тыс қызмет көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Тұтынушылар жер учаскелері туралы анықтама алу үшін төмендегідей құжаттар тізбесін ұсынады:
өтініш (
N 2 қосымша
бойынша), салық төлеушінің тіркеу нөмірі (бұдан әрі - СТН), жеке тұлға үшін жеке куәлігі, статистикалық карточканың, заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің көшірмесі.
13. Өтініштер бланкісін Басқармадан және ЕМК-ден алуға болады.
14. Құжаттарды (бланкілер, нысандар, өтініштер және басқа да құжаттар) қабылдау "терезелердің" атқаратын қызметтері мен бағытталуы туралы ақпараттар орналасатын "терезелердің" көмегімен жүзеге асырылады, сонымен қатар қызметкердің аты-жөні мен лауазымы көрсетіледі.
15. Өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетудің сұралған түрі, берілген құжаттардың аталуы мен аяқталған күні және анықтамалық қызмет телефонының нөмірі, сондай-ақ құжаттарды рәсімдеуге өтініш қабылдаған қызметкердің аты-жөні көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
16. Дайын құжаттарды беру Басқармада қолхат пен тұлғаны растайтын құжатты көрсету арқылы жүзеге асырылады.
17. Құжаттарды рәсімдеуде қателер (түзетулер, өшірулер және т.б.) анықталған жағдайда, Басқарма құжаттар пакетін алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде оларды бас тарту себебі көрсетілген жазбаша негіздемемен бірге ЕМК-ге қайтарады.
18. Басқарма мен ЕМК-ның қызметі келесі жұмыс қағидаттарына негізделеді:
1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандығын сақтау;
2) қызметтік борышын орындау кезінде заңдылықтарды сақтау;
3) нақтылы және толық ақпарат беру;
4) ақпараттың қорғалуы және құпиялылығы.
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың
N 1 қосымшасына
сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
21. Лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану қажет болған жағдайда тұтынушы Басқарма бастығының орынбасарларына жүгіне алады, 302, 303-кабинеттер, телефон: 8 (717-2) 34-25-99; 34-26-99; немесе ЕМК-ны басшысына.
Тұтынушы сонымен қатар 8 (717-2) 34-26-99 нөмірі бойынша қабылдау бөлмесіне хабарласу арқылы Басқарма бастығының қабылдауына жазыла алады.
Қабылдау әр бейсенбі сағат 16:00-18:00 аралығында жүргізіледі.
22. Шағым Басқарма бастығының атына беріледі, қабылдау бөлмесі: 309-кабинет.
23. Тікелей жазбаша түрде жүгінген тұтынушыға өтінішті қабылдаған тұлғаның тегі, аты, уақыты, күні көрсетіле отырып тіркелген өтінішінің (шағымының) екінші данасы қайтарылады;
Басқармаға түскен шағымдар Қазақстан Республикасы заңнамаларында қарастырылған тәртіп пен мерзімде жүзеге асырылады;
Берілген шағымға жауапты не шағымның қаралу барысы туралы ақпаратты Басқарма орналасқан мекен-жай бойынша: Астана қаласы, Абай даңғылы 111, қабылдау бөлмесі - 309 кабинетте, не болмаса 1-қабаттағы кеңседен алуыңызға болады.
Заңнамада белгіленген ретімен берілген өтініштер міндетті түрде қабылданады, тіркеледі, есептен өтеді және қарастырылады.
24. Тұтынушыларды қабылдау Басқарманың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жүргізіледі:
1) Басқарма бастығы.
Мекен-жайы: Астана қаласы, Абай даңғылы 111, 309-кабинет, телефон: 8 (717-2) 34-26-99.
Электронды поштаның мекен-жайы:
uzo301@mail.ru
Жұмыс кестесі: мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бейсенбіге дейін сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00 ден 15.00-ге дейін, жұма - қабылдамайтын күн.
Жеке мәселелер бойынша: бейсенбі күні сағат 16.00-ден сағат 18.00-ге дейін, мерекелік күндерден басқа.
2) Басқарма бастығының орынбасарлары.
Мекен-жайы: Астана қаласы, Абай даңғылы 111, 302 және 303-кабинеттер, телефондар: 8 (717-2) 34-25-99 және 34-27-39.
Электронды поштаның мекен-жайы:
uzo301@mail.ru
Жеке мәселелер бойынша: мерекелік күндерден басқа, сейсенбі және сәрсенбі күндері сағат 16.00-ден сағат 18.00-ге дейін.
3) ЕМК директоры өзінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес.
25. Қосымша қызметтер көрсетілмейді.
Мемлекеттік қызмет көрсету
стандартына 1-қосымша
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және қол жетімділік
|
Көрсеткіштің
|
2008 жылда
|
2007 жылғы
|
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Уақтылы |
|||
1.1. құжаттарды тапсырған
|
100 |
75 |
69 |
1.2. қызмет алуды кезекте
|
80-85 |
60 |
40 |
2. Сапасы |
|||
2.1. қызметті ұсыну үдері-
|
90 |
50 |
36 |
2.2. құжаттарды лауазымды
|
100 |
95 |
81 |
3. Қол жетімділік |
|||
3.1. қызметті ұсыну тәртібі
|
90 |
75 |
56 |
3.2. тұтынушы құжаттарды
|
80 |
75 |
63 |
3.3. Интернет арқылы қол
|
50 |
10 |
0 |
4. Шағымдану үдерісі |
|||
4.1. қызметтің осы түрі
|
0,5 |
50 |
60 |
4.2. белгіленген мерзімде
|
100 |
50 |
32 |
4.3. шағымданудың қолданыс-
|
90-нан көп
|
45 |
28 |
4.4. шағымдану мерзіміне
|
90-нан көп
|
45 |
28 |
5. Сыпайылық |
|||
5.1. қызметкерлердің
|
90-нан көп
|
75 |
43 |
Мемлекеттік қызмет көрсету
стандартына 2-қосымша
Астана қаласының Жер қатынастары
басқармасының бастығы
________________________________
(аты-жөні)
Начальнику Управления земельных
отношений города Астаны
________________________________
(Ф.И.О.)
________________________________
(аты-жөні)
От ___________________________
(Ф.И.О.)
Жеке куәлік
Удостоверение личности
N ___ берілген күні (от) _______
СТН
РНН_____________________________
Тұрғын мекен-жайы
Адрес проживания _______________
Тел.____________________________
ӨТІНІШ
ЗАЯВЛЕНИЕ
Сізден жер учаскесі жоқтығын куәландыратын анықтама беруіңізді
сұраймын.
Прошу Вас выдать справку о неимении земельного участка.
Өтінішке келесі құжаттарды қосамын:___________________________
К заявлению прилагаю следующие документы:_____________________
1. Төлем құжаты, документ об оплате
2. Жеке куәлік, удостоверение личности
3. СТН растамасы, подтверждение РНН
_____________________
(күні, дата)
_____________________
(қолы, подпись)