Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2011.03.03 N 432/58-IV (алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
Қолданушылардың назарына!!!
Шешімнің қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңның 6-бабын және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңның 22 , 25, 30-баптарын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Астана қаласы мәслихатының 2006 жылғы 7 маусымдағы N 252/32-III "Астана қаласының аумағында құрылыс салу Қағидалары туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2006 жылғы 27 шілдеде 447 нөмірмен тіркелген, 2006 жылғы 3 тамызда N 126 "Астана хабары", 2006 жылғы 8 тамызда N 120, 2006 жылғы 10 тамызда N 126 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған), Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 24 мамырдағы N 381/47-III "Астана қаласы мәслихатының 2006 жылғы 7 маусымдағы N 252/32-III "Астана қаласының аумағында құрылыс салу қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2007 жылғы 26 маусымда 468 нөмірмен тіркелген, 2007 жылғы 3 шілдеде N 109 "Астана хабары", 2007 жылғы 6 шілдеде N 117 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:
Осы шешіммен бекітілген, Астана қаласының аумағында құрылыс салу қағидаларында:
барлық мәтін бойынша "мемлсәулқұрылысбақылау жергілікті органы", "мемлсәулқұрылысбақылау аумақтық және жергілікті органдармен", "мемлсәулқұрылысбақылау аумақтық органы", "мемлсәулқұрылысбақылау органымен", "мемлсәулқұрылысбақылау органдарымен", "мемлсәулқұрылысбақылау органы", "мемлсәулқұрылысбақылау органына", "мемлсәулқұрылысбақылау органы", "мемлсәулқұрылысбақылау органдары" сөздері "мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органы", "мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарымен", "мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органы", "мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органымен", "мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарымен", "мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органы", "мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарына", "мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органымен", "мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарын" сәйкес сөздерімен ауыстырылсын.
1 тармақта 15, 16 азатжолдары алынып тасталсын;
30 тармақта:
"орындалуы тиіс" деген сөздер "орындалып жатыр" деген сөздермен ауыстырылсын;
30 тармақ келесі сөйлеммен толықтырылсын:
"Сәулет органдарымен келісімдер бір жылға дейін жарамды";
48 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"48 Инженерлік желілер мен құрылымдардың құрылысы және жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге әрі қарай абаттандыруды және зақымданған қала шаруашылығы элементтерін қалпына келтіру қолданыстағы нормативтер мен тәртіптерге, сондай-ақ мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органы рұқсатында көрсетілген шарттарға сәйкес жүргізілсін.
Учаскенің абаттандыруын қалпына келтіру рұқсатта көрсетілген мерзімде жүргізілуі тиіс";
49 тармақта "жұмыстар жүргізу үшін жауапты, міндетті", "шақыруға", "белгілеуге", "қолдануға", "жол жабындарын және көшелерді, алаңдарды және көпшілік пайдаланатын басқа орындарды қазу", "коммуналдық шаруашылық және пайдаланушы ұйымдардың" деген сөздер "мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органынан жұмыстар жүргізу үшін рұқсат алатын", "шақырады", "белгілейді", "қолданады", "қалалық аумақтың", "мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау";
50, 52, 53 тармақтар келесі редакцияда мазмұндалсын:
"50. Жұмыс жүргізуге рұқсат алған тұлға құрылыс және жөндеу жұмыстары басталғанға дейін мыналарды орындауға тиіс:
1) жоспарланған шекаралар бойынша қоршау қазу және белгіленген үлгідегі белгілерді орнатуға дайындайды;
2) көлік қозғалысы орындарында (мүмкіндігінше) көлік қозғалысы үшін тиісті қоршаулары мен жол белгілері орнатылған көлік жүру жолдарын дайындайды;
3) жаяу жүргіншілер қозғалысы орындарында тұтқалары бар жаяу жүргіншілер көпірлерін және қазу учаскесіне түнгі уақытта жарық беруді қамтамасыз етеді;
4) механизмдер жұмыс істейтін аймақта жасыл екпе ағаштар бар жағдайда олардың сақталуын кепілдік ететін және науалар мен құдықтарға қол жеткізуін қамтамасыз ететін қалқандармен бітеп қояды;
5) арық желілері мен жауын канализациясы жүйесінің тоқтаусыз жұмысын қамтамасыз етуге шаралар қолданады.
52. Жетілдірілген жапсары, жасыл екпелері бар көшелер мен алаңдарда жер асты қорғаныстарын өткізу және қайта орнату, жасыл екпелер мен жапсарды зақымдамай ("тесу", көлденең бұрғылау әдісімен) мүмкіндігінше жабық тәсілмен жүргізіледі.
Абаттандырылмаған көшелер мен алаңдарда, сондай-ақ жаңарту және күрделі жөндеуде кварталішілік абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізу жоспарланып төсемнің ашық тәсілі кварталдар ішінде өткізілуіне рұқсат етіледі.
Жол жабынын барынша сақтауға кепілдік беретін бастапқы дайындықтан кейін траншеяны өңдеу басталады.
Материалдарды жұмысты орындау орнына жеткізу жұмыстың басталуына дейін жиырма төрт сағаттан бұрын апаруға болмайды.
Материалдарды жию орны көлік және жаяу жүргіншілердің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етілуін, қолданыстағы ғимараттардың, абаттандыру элементтерінің зақымдалуы мен аумақтың ластануын болдырмау есебімен белгіленеді;
53. Көшелерде, алаңдарда және басқа да абаттандырылған аумақтарда жер асты коммуникацияларын өткізу үшін траншеялар мен қазандықтарды қазу келесі жағдайларды сақтаумен жүргізіледі:
1) жұмыстар жұмыс жүргізу жобасына сәйкес қысқа учаскелерде орындалады;
2) аумақты жинау және қалпына келтіру жұмыстарын қоса, кейінгі учаскелердің жұмыстары алдыңғы учаскедегі барлық жұмыстар аяқталғаннан соң басталады;
3) алынған қатты жабудың фрагменттері және траншеялар мен котловандардан алынған топырақ жұмыс орнынан жедел шығарылады; уақытша қолданылатын және іргелес аумақ қанағаттанарлық жағдайда ұсталынады және жұмыс өндірісі учаскесінен (құрылыс алаңдары) ластауды шығаруды шектеу бойынша іс-шаралар қарастырылады - алаңішілік, кіре беріс жолдары мен шығу жолдарын жайластырады, (Астана қаласының ЖПБ ІІД келісімімен) транзиттік көліктің өтуін шектеу немесе жабу, қажеттілігінше дөңгелектерді жуу бекетін жабдықтау қарастырылады; жасыл екпелерге, жер асты құрылыстар құдықтарының қақпаларына, су ағатын торлар мен лотоктарға құрылыс материалдарын және топырақты төгуге болмайды.
4) траншеяны қайта жабу, цементтеу қасиеті жоқ құмды топырақпен, ұсақталған қиыршық таспен немесе басқа сығылғыштығы аз (деформация модулі 20 МПа және одан артық) жергілікті материалдармен орындалады;
5) Ені 7 м кем емес көшенің көлік жүретін бөлігіндегі қазылған орындардың жапсарларын қалпына келтіруі, сондай-ақ жапсар еніне қарамастан жол жапсарының 50 және одан артық пайызын ашуы көлік жүретін бөлігінің барлық еніне орындалады, ал жапсардың ені 7 м артық болғанда жапсарды қалпына келтіру траншея бойынша және құрылыс механизмдері жұмысының аймағында орындалады.
6) Ені 3 м кем тротуарларда инженерлік желілерді өткізу, сондай-ақ тротуардың еніне қарамастан 50 және одан артық пайызын ашу барысында, жапсарды қалпына келтіру тротуардың барлық ені бойынша жүзеге асырылады;
7) Егер қазу барысында жобада көрсетілмеген жер асты коммуникациялары анықталса, рұқсат қағаз алушы осы коммуникациялардың иесі болып табылатын кәсіпорындар өкілдерін, жеке тұлғаларды, сәулет органы өкілін шақырады;
Осы коммуникацияларды иеленетін кәсіпорындар басшылары, жеке тұлғалар, пайдаланатын кәсіпорындар рұқсат қағаз алушының шақыруымен жұмыс орнына өкілін жібереді. Сонымен қатар шақыруға өкілдері келмеген кәсіпорындар мен жеке тұлғалар кейінгі нәтижелер үшін жауапкершілік тартады.";
54 тармақта:
"куәландыруға міндетті", "мемлсәулқұрылысбақылау органы", "ресімдеуге" сөздері "куәландыруды жүргізеді", "сәулет органы факт", "ресімдейді" сөздерімен ауыстырылсын;
56, 57 тармақтар келесі редакцияда мазмұндалсын:
"56. Жобада белгіленген жер асты желілері мен құрылыстары бұзылғанына, сондай-ақ абаттандыру элементтері мен жасыл екпелерге зақым келтіріп, жойғанына жауапкершілікті рұқсат қағазды алушы атқарады.
57. Инженерлік желілер төсемдерінің орындарында қатты жабудың бұзылуы, отыруы пайда болған жағдайда, жұмыстарды жүргізуге рұқсат алушы екі жыл бойы тұрақты отырған жерлерді жөндейді және асфальтбетондық жабуды қайта орнына келтіреді.";
60 тармақта:
"сәулет органын", сөздері "сәулет органдарын" сөздерімен ауыстырылсын;
"органы", "органдарды", "техникалық инспекциясының" сөздері жойылсын;
63 тармақта:
"люктердің," сөзі "инженерлік желілердің жер үсті құрылыстарын" сөздерімен толықтырылсын;
"Қаланың (елді-мекендердің) көшелеріндегі және ораміші аумақтарындағы" сөздері жойылсын;
65 тармақта:
"міндетті", "шақыру", "хабарлау", "орган", "әкім аппаратының кезекшісі" сөздері "келесі шараларды өткізеді", "шақырады", "хабарлайды", "авариаларды жоюды және алдын алуды ұйымдастыру жөніндегі органдар,", "әкімдіктің тиісті қызметіне" сөздерімен ауыстырылсын;
69 тармаққа:
"Осы Ережелермен белгіленген тәртіпте" сөздері жойылсын;
"Келтірілген зиян шығындарын белгіленген тәртіп бойынша төлету" сөздерін "Келтірілген зиян шығындарын белгіленген тәртіп бойынша төлету жұмыстарын жүргізу үшін мүдделі қызметтерге ақпарат жолдау, бұзушыға заңға сәйкес шаралар қолдану.";
110 тармақтағы "үш тәуліктен аспайтын мерзімде", "екі куәгердің қатысуымен", "қоса берілген түсініктемеде көрсетіп" сөздер жойылсын
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Астана қаласы
мәслихатының сессия төрағасы Ж.Нүркенов
Астана қаласы
мәслихатының хатшысы В.Редкокашин