Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2010.12.13 N 416/54-IV шешімімен
Қолданушылардың назарына !!!
Шешімнің қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз!
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңның 6 бабын және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Заңның 8 бабын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 17 қазандағы N 15/4-ІV "Азық-түлікке бағалардың қымбаттауына байланысты Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидасы туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2007 жылғы 5 қарашада N 476 тіркелген, 2007 жылғы 8 қарашада N 183, 2007 жылғы 10 қарашада N 184 "Астана хабары", 2007 жылғы 6 қарашада N 177, 2007 жылғы 10 қарашада N 179 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған), Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 30 қаңтардағы N 51/8-ІV "Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 17 қазандағы N 15/4-ІV "Азық-түлікке бағалардың қымбаттауына байланысты Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидасы туралы" шешіміне өзгерту енгізу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылғы 3 наурызда N 492 тіркелген, 2008 жылғы 8 наурызда N 32-33, 2008 жылғы 13 наурызда N 34 "Астана хабары", 2008 жылғы 8 наурызда N 27 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерту енгізілсін:
осы шешіммен бекітілген, Азық-түлікке бағалардың қымбаттауына байланысты Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидасында :
6-тармақтағы "0,5 айлық есептік көрсеткіш" деген сөздер "1 айлық есептік көрсеткіш" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді және 2008 жылғы 1 мамырда туындаған қатынастарға қолданылады.
Астана қаласы мәслихатының
сессия төрағасы С. Богатырев
Астана қаласы мәслихатының
хатшысы В. Редкокашин