Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша «селолық», «селосы», «селосының», «селолары» деген сөздер «ауылдық», «ауылы», «ауылының», «ауылдары» деген сөздермен ауыстырылды - Ақмола облысы әкімдігінің 17.02.2015 № А-2/65 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 17.02.2015 № 5С-34-6 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 3, 11 баптарына сәйкес және Степногорск қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N а-17/604 қаулысы мен Степногорск қалалық мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 4С-3/9 шешіміне, Жақсы ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 14 желтоқсандағы N 14 қаулысы мен Жақсы аудандық мәслихатының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы N С-5-10 шешіміне байланысты Ақмола облысының әкімдігі мен Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:
1) Степногорск қаласы бойынша:
Келесі елді мекендер басқа қоныстар категориясына көшірілсін және олар жақын елді мекендер құрамына енгізіліп, есептік деректерден шығарылсын:
Қарабұлақ ауылдық округі бойынша:
Қарабұлақ ауылының құрамына енгізіліп, Көксал ауылы;
Қарабұлақ ауылының құрамына енгізіліп, Первомайка ауылы.
Қарабұлақ ауылдық округінің категориясы Қарабұлақ ауылының категориясына көшірілсін.
2) Жақсы ауданы бойынша:
Есіл ауылдық округінің Жирен және Үкі ауылдары басқа қоныстар категориясына көшірілсін және олар Есіл ауылдық округі Трудовое ауылының құрамына енгізіліп, есептік деректерден шығарылсын:
2. Осы шешім Ақмола облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі