"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы

Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 18 шілдедегі N А-5/298 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 8 тамызда N 3261 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2010 жылғы 2 сәуірдегі № а-4/103 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2010.04.02 № а-4/103 қаулысымен

      "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабына, "Жеке және заңды тұлғаларда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 561 қаулысына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымша берілген "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Қ. Шілікбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми басылымда жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 

      Облыс әкімі

                                            Ақмола облысы әкімдігінің
      2008 жылғы 18 шілдедегі
      N A-5/298 қаулысымен
      бекітілген    

"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және кезектілігі" мемлекеттік қызметті көрсету стандарты 1. Жалпы ережелер

      1. Осы мемлекеттік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі - Стандарт) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою және кезектілігі тәртібін анықтайды. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж, осы елді мекенде тұрақты тұратын (тұру мерзіміне қарамастан) және халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын табысы аз топтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге және сайланбалы мемлекеттік лауазымды тұлғалардың пайдалануына беріледі.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттік қызмет "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының , "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй-жай беру, жалдау және пайдаланудың тәртібі туралы" 1999 жылғы 2 қыркүйектегі N 1292 Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының , "Жеке заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 561 қаулысының негізінде жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттік қызмет аудандар мен Көкшетау және Степногорск қалаларының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінде (бұдан әрі - Бөлімдер) осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес көрсетіледі.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі олардың тізімдегі кезектілік нөмірін көрсете отырып, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беруге есепке қою және кезектілігі туралы немесе есепке және кезекке қоюдан бас тарту туралы хабарлама беру болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет келесі жеке тұлғаларға көрсетіледі:
      1) халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын топтары:
      Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдар;
      1 және 2-топтағы мүгедектер (өздері жасаған қылмыс салдарынан мүгедек болған адамдарды қоспағанда);
      мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылары;
      заңдарда белгіленген тәртіппен бекітілетін аурулар тізімінде аталған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар;
      жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
      кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған жиырма жасқа жетпеген жетім балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзімді әскери қызметтен өту мерзіміне ұзартылады;
      оралмандар;
      экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;
      көп балалы отбасылар;
      мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау кезінде, адам өмірін құтқару және құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан адамдардың отбасылары;
      толық емес отбасылар.
      2) Мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік ұйымның қызметкерлері, әскери қызметкерлер және сайланбалы мемлекеттік қызмет атқаратын тұлғалар.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 30 күнтізбелік күнді құрайды:
      1) азаматтардың өтініштерін және қажетті құжаттарын қарау - 15 күнтізбелік күн. Өтінішті қарау барысында ұсынылған құжаттардың дұрыстығы және толықтығы тексеріледі (тұрақты тұратын орнын тіркеу, меншік құқығында тұрғын үйдің болуы немесе болмауы, азаматтың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беруге құқық беретін тұлғалар санатына жатуы).
      2) Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижесі бойынша - азаматқа оның қалыптасқан жеке ісін тұрғын үй комиссиясының қарауына шығару немесе жоғарыда көрсетілген шарттарға сәйкес келмеуіне байланысты мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беруге есепке қоюдан бас тарту туралы жазбаша жауап беріледі. Тұрғын үй комиссиясының отырысы кемінде айына бір рет өткізіледі. Тұрғын үй комиссиясының отырысында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және кезектілігі туралы соңғы шешім шығарылады. Тұрғын үй комиссиясының шығарған шешімі негізінде азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беруге есепке қою және кезектілігі немесе есепке және кезекке қоюдан бас тарту туралы ескерту дайындалып беріледі.
      3) Өтініш және қажетті құжаттарды қарау үшін тапсыру кезінде кезек күтуге шамамен 40 минут уақыт кетеді.
      4) Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін есепке қою және кезектілігі туралы немесе есепке және кезекке қоюдан бас тарту туралы ескерту алу кезінде кезек күтудің ең шектеулі уақыты - 40 минут.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Бөлімнің ақпараттық стендтерінде және веб-сайттарда орналастырылған. Бөлімдердің мекен-жайлары мен веб-сайттары осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты ақпарат көзі ретінде облыстық "Арқа ажары", "Акмолинская правда" газеттерде жарияланады.
      10. Мемлекеттік қызмет сағат 13.00-ден бастап сағат 14.00-ге дейінгі түскі демалыс үзілісі мен сенбі, жексенбі күндерін қоспағанда күн сайын сағат 9.00-ден сағат 18.00-ге дейін көрсетіледі. Қабылдау алдын ала жазусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне кезек тыс қызмет көрсетіледі.
      11. Бөлімдердің жайларында күту залы, құжаттарды толтыруға арналған орындары бар, қажетті құжаттар мен оларды толтыру үлгісі келтірілген стендтермен жарақтандырылған, мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін лайықты жағдай жасалып, қауіпсіздіктері қамтамасыз етілген. 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      12. Өтініш беруші мемлекеттік қызмет алу үшін келесі құжаттарды ұсынады:
      1) өз қолымен толтырылған нысан бойынша есепке тұру туралы өтініш;
      2) азаматтарды тіркеу кітабы. Қажеттілік болғанда өтініш беруші Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына сәйкес басқа тұлғаларды отбасы мүшесі деп мойындау туралы жергілікті атқару органдардың анықтамасын ұсынады;
      3) өтініш беруші мен онымен үнемі тұратын барлық отбасы мүшелерінің меншік құқығында тұрғын үйінің жоқ екендігін растайтын анықтама. Бөлімдердің мекенжайлары осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген;
      4) өтініш берушіні (отбасыны) әлеуметтік жағынан қорғалатын азаматтарға жататындағын растайтын әлеуметтік қорғау органының немесе мемлекеттік қызметкердің жұмыс (қызмет) орнынан, бюджеттік ұйым қызметкердің, әскери қызметшінің анықтамасын;
      5) қажеттілік болғанда өтініш беруші қосымша кісі тұратын бөлмеге құқық мүмкіндігі берілетін, отбасында ауыр түрде ауруынан зардап шегушiсі бар мемлекеттік денсаулық сақтау мекемесінің анықтамасын ұсынады.
      13. Мемлекеттік қызметті алу үшін белгіленген формадағы өтініш бланкісін Бөлімнің мамандары береді.
      14. Құжаттар өтініш берушінің өзімен толтырылады және осы Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес тұрғылықты орны бойынша Бөлімге тапсырылады.
      15. Құжаттарды қабылдап алған маманның тегі мен аты-жөні, тіркелген күні мен уақыты көрсетілген талон өтініш берушінің мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттарды тапсырғандығын растайды.
      16. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері көрсетілген шешім өтініш берушінің мекенжайына пошта арқылы жіберіледі немесе жеке келуі кезінде беріледі.
      17. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту немесе тоқтата тұру үшін негізі деп табылады:
      1) осы Стандартының 12-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарын бермеу;
      2) азамат мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берiлуiне мұқтаждығы туралы шындыққа сай келмейтiн мәлiметтер берсе;
      3) егер азаматтың соңғы бес жылдың iшiнде өз тұрғын үй жағдайларын қасақана нашарлатуы салдарынан мынадай жолдармен мұқтажға айналғаны:
      тұрғын үй-жайын ауыстырғаны;
      оның Қазақстан Республикасының белгiлi бiр елдi мекенiнде орналасуына қарамастан, өзiне меншiк құқығымен тиесiлi, тұру үшiн жарамды тұрғын үйдi иелiгiнен шығаруы;
      тұрғын үйдiң өз кiнәсiнен бұзылуы немесе бүлiнуi;
      тұрған кезiнде оның мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берiлуiне мұқтаж болмаған кезде тұрғын үйiнен кетуi;
      жұбайынан, кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз балаларынан, сондай-ақ еңбекке жарамсыз ата-аналарынан басқа адамдарды тұрғызу.

3. Жұмыс қағидалары

      18. Бөлімдердің қызметі келесі қағидаларға негізделеді:
      1) адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын сақтау;
      2) заңдылық;
      3) сыпайылық;
      4) толық және дәйекті ақпарат ұсыну;
      5) құпиялылық, ақпараттың сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз ету;
      6) өтініш берушінің белгіленген мерзім ішінде ала алмаған құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелері

      19. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі жұмысының нәтижелері осы Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      20. Мемлекеттік қызмет көрсететін Бөлімнің қызметі бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы мен қол жетімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәні арнайы құрылған жұмыс тобымен жыл сайын бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      21. Өкілетті лауазымды тұлғаның әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібін түсіндіру, сондай-ақ арызды дайындауға көмекті Бөлімдердің бастықтарынан немесе орынбасарларынан алуға болады. Электрондық поштаның мекенжайлары, телефон номерлері осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
      22. Шағым Бөлім басшыларынан атына беріледі. Арыз берілетін мемлекеттік органдардың атаулары, электрондық поштаның мекенжайлары, лауазымды тұлғалар осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
      23. Арызға жауап алу орны мен уақыты, сондай-ақ арызды қараудың барысы туралы білуіне болатын лауазымды тұлғаның байланыс телефоны көрсетілген талонды өтініш берушіге беру арыздың қабылданғандығын растайды. Қабылданған арыз есептік ақпараттық құжатта тіркеледі және 15 күнтізбелік күн ішінде қаралады. 

6. Байланыс ақпараты

      24. Бөлім жұмысының байланыс деректері, жұмыс кестесі мен Бөлім басшыларының қабылдаулары бөлім жұмысының кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
      1) Веб-сайт www.akmol.kz.;
      2) электрондық поштаның мекенжайы, заңды мекенжайы, телефоны, Бөлім басшыларының және олардың орынбасарларының осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.

"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан
      тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды
      есепке алу және кезекке қою"
      мемлекеттік қызметті көрсету
       стандартына 1-қосымша

Ақмола облысының аудандық (қалалық) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінің пошталық мекен-жайлары

Р\с №

Аудандық (қалалық) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінің атауы мемелекеттік мекемелер

Заңды
мекенжайы

Байланыс телефоны

1.

"Ақкөл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Ақкөл қ.,
Нұрмағамбетов көшесі, 94
gkh_akkol@mail.ru

8-(71638)-2-24-10

2.

"Аршалы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Аршалы с.,
Ташенов көшесі, 47
GKH_PT_AD@mail.ru

8-(71644) -2-25-85

3.

"Астрахан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Астраханка селоcы, Әл-Фараби көшесі, 50 www.akmol.kz.

8-(71641) -2-30-37

4.

"Атбасар ауданының  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Атбасар қ.,
Ш.Уәлиханов көшесі, 9
www.akmol.kz.

8-(71643)-4-16-35

5.

"Бұланды ауданының  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Макинск қ.,
Некрасов көшесі, 19 Bulandy_2007
mail.kz

8-(71646) -2-17-57

6.

"Егіндікөл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Егіндікөл с.,
Победа көшесі, 6
www.akmol.kz.

8-(71642) -2-19-20

7.

"Еңбекшілдер ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Степняк қ.,
Ленин көшесі, 96
www.akmol.kz.

8-(71639) -2-20-11

8.

"Ерейментау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Ерейментау
қаласы, Құнанбаев көшесі, 121 gkh_ereymen@mail.ru

8-(71633) -2-27-62

9.

"Есіл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Есіл қаласы,
Қонаев көшесі, 13
Otdel_esil@mail.kz

8-(71647) -2-16-83

10.

"Жақсы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Жақсы селосы,Ленин көшесі, 32  www.akmol.kz.

8-(71635) -2-23-62

11.

"Жарқайың ауданының тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Державинск қ., Ленин көшесі, 34
www.akmol.kz.

8-(71648) -9-21-24

12.

"Зеренді ауданының  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Зеренді  с.,
Мир көшесі, 67
www.akmol.kz.

8-(71632) -2-10-63

13.

"қорғалжын ауданының тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Қорғалжын с.,
Х.Болғамбаев көшесі, 9  korg_urotdel@ mail.ru

8-(71637) -2-23-34

14.

"Сандықтау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Балкашино с.,
Ленин көшесі, 117
Sand_jkh@ mail.ru

8-(71640) -9-28-21

15.

"Целиноград ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Ақмол с., Гагарин көшесі, 14
apparat-07@
mail.ru
ORG@mail.kz

8-(71651) -3-11-21

16.

"Шортанды ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Шортанды кенті,
Абылайхан көшесі, 20gkh_ad_pt@mail.ru

8-(71631) -2-27-80

17.

"Щучье ауданының  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Щучинск қ.,
Набережная көшесі, 73
jch1@mail.kz

8-(71636) -4-68-78

18.

"Степногорск қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Степногорск қаласы,
4-ықшам ауданы,
1-ғимарат, www.akmol.kz.

8-(71645) -6-23-15

19.

"Көкшетау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы
көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Көкшетау қ.,
Әуелбеков көшесі, 139 а
окs-кокshеtау @mail.ru

8-(7162) -25-11-13

                 "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан
       тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды
       есепке алу және кезекке қою" мемлекеттік
      қызметті көрсету стандартына
      2-қосымша

Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің
келесі
жылдағы
мақсатты мәні

Көрсеткіштің
есеп беру
жылындағы
ағымдағы
мәні

1. Мерзімділігі

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен
бастап белгіленген
мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының
% (үлесі)

100

98

97

1.2. Қызмет алуды
кезекте 40 кезекте
минуттан аспайтын
уақыт күткен
тұтынушылардың % (үлесі)

90

90

88

2. Сапа

2.1.Қызметті ұсыну үдерісінің
сапасына қанағаттанған
тұтынушылардың % (үлесі)

95

93

91

3. Қол жетімділік

3.1. Қызметті
ұсыну тәртібі
туралы сапаға
және ақпаратқа
қанағаттанған
тұтынушылардың % (үлесі)

95

92

89

3.2. тұтынушы
құжаттарды дұрыс
толтырған және
бірінші реттен
тапсырған
оқиғалардың % (үлесі)

95

92

89

3.3. Интернет
арқылы қол жетімді
қызметтерінің ақпарат % (үлесі)

50

23

11

4. Шағымдану үдерісі

4.1.Қызметтің осы түрі бойынша
қызмет көрсетілген
тұтынушылардың
жалпы санына
негізделген
шағымдардың % (үлесі)

0,1

0,008

0,02

4.2. белгіленген
мерзімде қаралған
және қанағаттандырылғаннегізделген
шағымдардың % (үлесі)

100

99

98

4.3.шағымданудың қолданыстағы
тәртібіне
қанағаттанған
тұтынушылардың % (үлесі)

95

94

92

4.4.шағымдану
мерзіміне
қанағаттанған
тұтынушылардың % (үлесі)

95

94

92

5. Сыпайылық

5.1.
қызметкерлердің
сыпайылығына
қанағаттанған
тұтынушылардың % (үлесі)

99

97

96

Об утверждении стандарта оказания государственной услуги "Постановка на учет и очередность граждан, нуждающихся в жилье из государственного жилищного фонда"

Постановление акимата Акмолинской области от 18 июля 2008 года N А-5/295. Зарегистрировано департаментом юстиции Акмолинской области 8 августа 2008 года N 3261. Утратило силу - постановлением акимата Акмолинской области от 2 апреля 2010 года № а-4/103

      Сноска. Утратило силу - постановлением акимата Акмолинской области от 02.04.2010 № а-4/103

      В соответствии со статьей 9-1 Закона Республики Казахстан от 27 ноября 2000 года "Об административных процедурах", постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2007 года N 561 "Об утверждении реестра государственных услуг, оказываемых физическим и юридическим лицам" акимат Акмолинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемый стандарт оказания государственной услуги "Постановка на учет и очередность граждан, нуждающихся в жилье из государственного жилищного фонда".
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области Шиликбаева С.К.
      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Аким области

                                                                Утвержден    
      постановлением акимата
      Акмолинской области 
      от 18 июля 2008 года 
      N A-5/298         

Стандарт
оказания государственной услуги "Постановка на учет и очередность граждан, нуждающихся в жилье из государственного жилищного фонда 1. Общие положения

      1. Данный стандарт оказания государственной услуги (далее - Стандарт) определяет порядок постановки на учет и очередности граждан Республики Казахстан, нуждающихся в жилье из государственного жилищного фонда. Жилища из государственного жилищного фонда предоставляются в пользование нуждающимся в жилье гражданам Республики Казахстан, постоянно проживающим в населенном пункте (независимо от срока проживания) и относящимся к малоимущим социально защищаемым слоям населения, а также государственным служащим, работникам бюджетных организаций, военнослужащим и лицам, занимающим государственные выборные должности.
      2. Форма оказываемой государственной услуги: частично автоматизированная.
      3. Государственная услуга оказывается на основании Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях", постановления Правительства Республики Казахстан от 2 сентября 1999 года N 1292 "О порядке предоставления, найма и эксплуатации жилищ из государственного жилищного фонда", постановления Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2007 года N 561 "Об утверждении реестра государственных услуг, оказываемых физическим и юридическим лицам".
      4. Государственная услуга оказывается отделами жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог районов, городов Кокшетау, Степногорска, согласно приложению 1 к настоящему Стандарту (далее - Отделы).
      5. Формой завершения государственной услуги является выдача уведомления о постановке на учет и очередность для получения жилья из государственного жилищного фонда с указанием порядкового номера очередности, либо об отказе в постановке на учет и очередность.
      6. Государственная услуга оказывается следующим физическим лицам:
      1) социально защищаемые слои населения: инвалиды и участники Великой Отечественной войны, а также лица, приравненные к ним;
      инвалиды 1 и 2 групп (за исключением лиц, ставших инвалидами в результате совершенного ими преступления);
      семьи, имеющие или воспитывающие детей-инвалидов;
      лица, страдающие тяжелыми формами некоторых хронических заболеваний, перечисленных в списке заболеваний, утверждаемом в установленном законодательством порядке;
      пенсионеры по возрасту;
      дети-сироты, не достигшие двадцати лет, потерявшие родителей до совершеннолетия. При призыве таких лиц на военную службу возраст продлевается на срок прохождения срочной воинской службы;
      оралманы;
      лица, лишившиеся жилища в результате экологических бедствий, чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера;
      многодетные семьи;
      семьи лиц, погибших при исполнении государственных или общественных обязанностей, воинской службы, при спасении человеческой жизни, при охране правопорядка;
      неполные семьи.
      2) Государственные служащие, работники бюджетных организаций, военнослужащие и лица, занимающие государственные выборные должности.
      7. Сроки оказания государственной услуги с момента сдачи гражданином необходимых документов для получения государственной услуги составляет 30 календарных дней:
      1) рассмотрение заявлений граждан и необходимых документов - 15 календарных дней. В ходе рассмотрения заявлений проверяются полнота и достоверность представленных документов (регистрация места жительства, наличие либо отсутствие жилья на праве собственности, отнесение гражданина к категориям лиц, имеющих право на предоставление жилья из государственного жилищного фонда);
      2) По результатам рассмотрения представленных документов гражданам выдается письменный ответ о вынесении их сформированного личного дела на рассмотрение жилищной комиссии, либо об отказе в постановке на учет в связи с несоответствием вышеперечисленным условиям получения жилья из государственного жилищного фонда. Заседания жилищной комиссии проводятся не реже одного раза в месяц. Жилищной комиссией выносится окончательное решение о постановке на учет и очередность граждан, нуждающихся в жилье из государственного жилищного фонда. На основании решения, вынесенного жилищной комиссией, гражданам предоставляется уведомление о постановке их на учет и очередность для получения жилья из государственного жилищного фонда, либо об отказе в постановке на учет и очередность;
      3) Максимально допустимое время ожидания в очереди при сдаче заявления и необходимых документов на рассмотрение составляет не более 40 минут;
      4) Максимально допустимое время ожидания в очереди при получении уведомления о постановке на учет и очередность для получения жилья из государственного жилищного фонда, либо об отказе в постановке на учет и очередность - 40 минут.
      8. Государственная услуга оказывается бесплатно.
      9. Полная информация о порядке оказания государственной услуги располагается на веб-сайтах, информационных стендах Отделов. Адреса и веб-сайты Отделов указаны в приложении 1 к настоящему Стандарту. Стандарт оказания государственной услуги как источник информации опубликовывается в областных газетах "Арқа ажары", "Акмолинская правда".
      10. Государственная услуга предоставляется ежедневно с 9.00 до 18.00 часов, перерыв на обед с 13.00 до 14.00 часов, выходные дни - суббота, воскресенье. Прием осуществляется в порядке очереди, без предварительной записи и ускоренного обслуживания. Ветераны Великой Отечественной войны обслуживаются вне очереди.
      11. В помещениях Отделов имеется зал ожидания, места для заполнения документов, информационные стенды с перечнем необходимых документов и образцами их заполнения, обеспечена безопасность и приемлемые условия для людей с ограниченными физическими возможностями.

2. Порядок оказания государственной услуги

      12. Для получения государственной услуги заявитель представляет следующие документы:
      1) заявление о постановке на учет по установленной форме заполненное собственноручно;
      2) книгу регистрации граждан. При необходимости заявитель представляет справку местных исполнительных органов о признании других лиц членами семьи в соответствии с Законом Республики Казахстан "О жилищных отношениях";
      3) справку об отсутствии у заявителя и постоянно проживающих с ним членов семьи жилища, принадлежащего им на праве собственности;
      4) справку органа социальной защиты, подтверждающую принадлежность заявителя (семьи) к социально защищаемым гражданам, либо справку с места работы (службы) государственного служащего, работника бюджетной организации, военнослужащего;
      5) при необходимости заявитель представляет также справку государственного учреждения здравоохранения о наличии в семье страдающего тяжелой формой заболевания, предоставляющую право на дополнительную жилую комнату.
      13. Для получения государственной услуги бланки заявлений установленной формы выдаются специалистами Отделов.
      14. Документы заполняются лично заявителем и сдаются в Отдел по месту жительства, согласно Приложения 1 к настоящему Стандарту.
      15. Подтверждением сдачи заявителем необходимых документов для получения государственной услуги является талон с указанием даты и времени регистрации, фамилия и инициалы специалиста, принявшего документы.
      16. Решение с результатом оказания государственной услуги направляется по почте на указанный в заявлении адрес заявителя либо при личном посещении.
      17. Основанием для приостановления либо отказа в предоставлении государственной услуги является:
      1) не предоставление необходимых документов, указанных в пункте 12 настоящего Стандарта;
      2) представление заявителем не соответствующих действительности сведений о нуждаемости в предоставлении жилища из государственного жилищного фонда или жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде;
      3) в случае, если будет установлено, что заявитель стал нуждающимся в результате преднамеренного ухудшения своих жилищных условий в течение последних 5 лет путем:
      обмена жилого помещения;
      отчуждения пригодного для проживания жилища, принадлежавшего ему на праве собственности, независимо от того, в том же или другом населенном пункте Республики Казахстан оно находилось;
      разрушение жилища или порча по его вине;
      выезда из жилища, при проживании в котором он не был нуждающимся в предоставлении жилища из государственного жилищного фонда или жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде;
      вселения других лиц, кроме супруга, несовершеннолетних и нетрудоспособных детей, а также нетрудоспособных родителей.

3. Принципы работы

      18. Деятельность Отделов основывается на следующих принципах:
      1) соблюдение прав и свобод человека и гражданина;
      2) законность;
      3) вежливость;
      4) предоставление полной и исчерпывающей информации;
      5) конфиденциальность, обеспечение сохранности и защита информации.
      6) обеспечения сохранности документов, которые заявитель не получил в установленные сроки.

4. Результаты работы

      19. Результаты оказания государственной услуги заявителям измеряются показателями качества и доступности в соответствии с приложением 2 к настоящему Стандарту.
      20. Целевые значения показателей качества и доступности государственных услуг, по которым оценивается работа Отделов, оказывающих государственные услуги, ежегодно утверждаются специально созданными рабочими группами.

5. Порядок обжалования

      21. Разъяснение порядка обжалования действий (бездействий) уполномоченных должностных лиц, а также содействие в подготовке жалобы можно получить у начальников либо заместителей начальников Отделов.  Адреса электронной почты, номера телефонов указаны в приложении 1 к настоящему Стандарту.
      22. Жалобы подаются на имя начальников Отделов. Наименования государственных органов, адреса электронной почты, должностные лица, которым подается жалоба, указаны в Приложении 1 к настоящему Стандарту.
      23. Принятие жалобы подтверждается выдачей заявителю талона с указанием срока и места получения ответа на поданную жалобу, а также контактные данные должностных лиц, у которых можно узнать о ходе ее рассмотрения. Принятая жалоба регистрируется в учетном информационном документе и рассматривается в течение 15 календарных дней.

6. Контактная информация

      24. Контактные данные Отделов, график работы и приема начальников Отделов осуществляется в соответствии с графиком работы отдела.
      1) веб-сайт: www.akmol.kz.;
      2) адрес электронной почты, юридический адрес, телефон начальника Отдела и их заместителей указаны в приложении 1 к настоящему Стандарту.

Приложение 1
       к стандарту оказания
      государственной услуги
      "Постановка на учет и очередность
      граждан, нуждающихся в жилье
      из государственного жилищного фонда"

Почтовые адреса районных (городских) отделов жилищно-коммунального хозяйства,
пассажирского транспорта и автомобильных дорог Акмолинской области

N
п/п

Наименование районных
(городских) государственных
учреждений отделов
жилищно-коммунального
хозяйства, пассажирского
транспорта и автомобильных
дорог

Юридический адрес

Контактный
телефон

1.

Государственное учреждение "Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог Аккольского района"

город Акколь,ул.Нурмагамбетова, 94
gkh_akkol@mail.ru

8-(71638)-2-24-10

2.

Государственное учреждение "Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог Аршалынского района"

село Аршалы,
ул. Ташенова, 47
GKH_PT_AD@mail.ru

8-(71644) -2-25-85

3.

Государственное учреждение "Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог Астраханского района"

с. Астраханка,
ул.Аль-Фараби, 50
www.akmol.kz.

8-(71641) -2-30-37

4.

Государственное учреждение "Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог Атбасарского района"

город Атбасар,
ул.Валиханова, 9
www.akmol.kz.

8(71643)-4-16-35

5.

Государственное учреждение "Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог Буландынского района"

г.Макинск, ул.Некрасова, 19Bulandy_2007mail.kz

8(71646) -2-17-57

6.

Государственное учреждение "Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог Егиндыкольского  района"

с.Егиндыколь, ул. Победы, 6
www.akmol.kz.

8-(71642) -2-19-20

7.

Государственное учреждение "Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог Енбекшильдерского района"

г. Степняк,
ул. Ленина, 96
www.akmol.kz.

8-(71639) -2-20-11

8.

Государственное учреждение "Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог Ерейментауского района"

г.Ерейментау,
ул.Кунанбаева, 121 gkh_ereymen@mail.ru

8-(71633) -2-27-62

9.

Государственное учреждение "Отдел жилищно-
коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог Есильского района"

г. Есиль,
ул. Кунаева,13Otdel_esil@mail.kz

8-(71647) -2-16-83

10.

Государственное учреждение "Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог Жаксынского района"

с. Жаксы,
ул. Ленина, 32
www.akmol.kz.

8-(71635) -2-23-62

11.

Государственное учреждение "Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог Жаркаинского района"

г. Державинск,
ул. Ленина, 34
www.akmol.kz.

8-(71648) -9-21-24

12.

Государственное учреждение "Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог Зерендинского района"

с. Зеренда,
ул. Мира, 67
www.akmol.kz.

8-(71632) -2-10-63

13.

Государственное учреждение "Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог Коргалжынского района"

с. Коргалжын,
ул.Х.Болганбаева, 9 korg_urotdel@ mail.ru

8-(71637) -2-23-34

14.

Государственное учреждение "Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог Сандыктауского района"

с. Балкашино,
ул.Ленина, 117
Sand_jkh@ mail.ru

8-(71640) -9-28-21

15.

Государственное учреждение "Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог Целиноградского района"

с. Акмол,
ул.Гагарина, 14apparat-07@mail.ru ORG@mail.kz

8-(71651) -3-11-21

16.

Государственное учреждение "Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог Шортандинского района"

п. Шортанды,
ул.Абылай-хана,20 gkh_ad_pt@mail.ru

8-(71631) -2-27-80

17.

Государственное учреждение "Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог Щучинского района"

г. Щучинск,
ул.Набережная, 73 jch1@mail.kz

8-(71636) -4-68-78

18.

Государственное учреждение "Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог город Степногорска"

г.Степногорск,4 микрорайон,
здание 1www.akmol.kz.

8-(71645) -6-23-15

19.

Государственное учреждение "Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог город Кокшетау"

г. Кокшетау,
ул.уельбекова, 139 а окs-кокshеtау@mail.ru

8-(7162) -25-11-13

                 Приложение 2         
к стандарту оказания государственной услуги
      "Постановка на учет и очередность граждан,
      нуждающихся в жилье из государственного
      жилищного фонда"      

Значения показателей качества и доступности

Показатели качества
и доступности

Нормативное
значение
показателя

Целевое
значение
показателя
в последующем
году

Текущее
значение
показателя
в отчетном
году

1. Своевременность

1.1. % (доля) случаев предоставления услуги в установленный срок с момента сдачи документа

100

98

97

1.2. % (доля) потребителей,
ожидавших получения услуги в очереди не более 40 минут

90

90

88

2. Качество

2.1. % (доля) потребителей,
удовлетворенных качеством процесса
предоставления услуги

95

93

91

3. Доступность

3.1. % (доля) потребителей,
удовлетворенных качеством и информацией о порядке
предоставления услуги

95

92

89

3.2. % (доля) случаев правильно заполненных потребителем документов и сданных с первого раза

95

92

89

3.3. % (доля) услуг информации, о которых доступно через Интернет

50

23

11

4. Процесс обжалования

4.1. % (доля) обоснованных жалоб
общему количеству обслуженных
потребителей по данному виду услуг

0,1

0,008

0,02

4.2. % (доля) обоснованных жалоб, рассмотренных и удовлетворенных в
установленный срок

100

99

98

4.3. % (доля) потребителей,
удовлетворенных существующим
порядком обжалования

95

94

92

4.4. % (доля) потребителей,
удовлетворенных сроками обжалования

95

94

92

5. Вежливость

5.1. % (доля) потребителей,
удовлетворенных вежливостью
персонала

99

97

96