Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2010.01.05 № А-0/2 қаулысымен
Қазақстан Республикасы 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Қазақстан Ревпубликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармғының 13 тармақшасына, 37 бабына, Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31 бабы 1 тармақшасына, Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 21 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабы 5-2) тармақшасына сәйкес, әлеуметтік қорғауға мұқтаж тұлғаларға ықпал қөрсету, мүгедектерді қоғамға шоғырландыру үшін және оларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмыс орындардың жалпы санынан мүгедектер үшін үш пайыз жұмыс орын квотасын белгілесін.
2. Мүгедектерді еңбекке орналастыру үшін арнайы жұмыс орындары құрылған ұйымдардың қоса берілген тізбесі бекітілсін.
3. Осы қаулы 2008 жылдың 3 сәуірінен пайда болған құқық қатынастарына таратылады.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі орынбасарының міндетін атқарушы А.Д.Бралинаға жүктелсін.
5. Осы қаулы Ақмола облысы Жақсы ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми түрде жарыққа шыққан күннен қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі И.Қабдуғалиев
Жақсы ауданы әкідігінің
2008 жылғы 23 қыркүйектегі № А-12/252
қаулысымен бекітілсін
Мүгедектерді еңбекке орналастыру үшін арнайы жұмыс
орындары құрылған ұйымдардың
ТІЗІМІ
№ |
Кәсіпорынның атауы және |
Кәсіпорында құрылатын |
1 |
"Урожай" ЖШС-директоры Бралин Ғ.Б.(келісім бойншы) |
1 |
2 |
"Запорожье" ЖШС-директоры Чепурной С.И. (келісім бойншы) |
2 |
3 |
"Перекатненский элеватор" ЖШС-директоры Атабай С.Е. (келісім бойншы) |
2 |
4 |
"Ешім-Астық" ЖШС-директоры Әлімбаев Б.Ж. (келісім бойншы) |
1 |
5 |
"Новокиенка" ЖШС-директоры Гладченко А.М, (келісім бойншы) |
1 |
6 |
"Белағаш" ЖШС-директоры Гертнер В.Ф. (келісім бойншы) |
1 |
7 |
"Жаңа-Жол" ЖШС-директоры Мейрамов М.Ж. (келісім бойншы) |
1 |
8 |
"Казгородок-1" ЖШС-директоры Циммерман О.И. (келісім бойншы) |
2 |
9 |
"Агрофирма TNK" ЖШС-атқарушы директоры Өтенов Т.Н.(келісім бойншы) |
1 |
10 |
"Темп" шаруашылық қожалығы-басшысы Златухин А.И. (келісім бойншы) |
1 |
11 |
"Тарас" ЖШС-директоры Байзиров Е.Ә. (келісім бойншы) |
1 |
12 |
"Түгел-С" ЖШС-директоры Сматаев Ә.А. (келісім бойншы) |
2 |
Ескерту:
Аббревиатуралардың мағынасын ашу:
ЖШС-жауапкершілігі шектеулі серіктестік