Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылдың 23 қантарындағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылдың 8 желтоқсанындағы Заңының 14 бабының 4) тармағына және, Шортанды ауданының тілдер саясаты және ономастика жөніндегі комиссиясының 2007 жылғы 3 шілдедегі № 3 шешімі, Андреевка селосының турғындарының 2007 жылғы 17 сәуірдегі жиынының № 2 хаттамасына сәйкес Андреевка селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Шортанды ауданы Андреевка селолық округі әкімінің 28.07.2015 № 12 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
1. Андреевка селосы көшелерінің атауы өзгертілсін:
Маркс көшесі - Қонаев көшесіне;
Комсомольский көшесі - Достық көшесіне;
Ленин көшесі - Әуезов көшесіне;
Революционный көшесі - Уалиханов көшесіне;
Советский көшесі - Желтоқсан көшесіне;
Октябрьский көшесі - Мәметов көшесіне;
Тельман көшесі - Ақ-жайық көшесіне.
2. Осыға шешім Шортанды ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді және жарияланған сәттен бастап қолданысқан кіреді.
Андреевка селолық
округінің әкімі: В.Д.Шимков
КЕЛІСІЛДІ:
Шортанды ауданының
"мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімі" мемлекеттік
мекемесінін бастығы: Т.Л.Барто