"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Алға аудандық мәслихаты мен әкімдігінің, облыстық ономастика комиссиясының ұсыныстары негізінде, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Алға ауданының Петровка селосын - Ақсазды ауылы деп қайта аталсын.
2. Осы қаулы және шешім ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Е. САҒЫНДЫҚОВ |
Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы |
К.ЖҰМАБАЕВ |