Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2012.08.10 № 63 Шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 6 және 7 баптарына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 Заңының 28 бабына сәйкес және "Ақтөбе қаласының аумағын көркейту, санитарлық тазалау, тазалық сақтау және жинауды ұйымдастыру Қағидасын бекіту туралы" Ақтөбе қалалық мәслихаттың кезекті үшінші сессиясының 2007 жылғы 19 желтоқсандағы N 28 шешіміне Ақтөбе табиғатты қорғау прокуратурасының 2008 жылғы 31 наурыздағы N 10д - 102 наразылығының негізінде Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақтөбе қаласының әділет басқармасында 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 3-1-83 санымен тіркелген "Ақтөбе қаласының аумағын көркейту, санитарлық тазалау, тазалық сақтау және жинауды ұйымдастыру Қағидасын бекіту туралы" Ақтөбе қалалық мәслихатының 2007 жылғы 19 желтоқсандағы кезекті үшінші сессиясының N 28 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1) шешім және Қағида атауы жаңа редакцияда жазылсын: "Ақтөбе қаласының аумағын көркейту Қағидасы";
2) шешімінің 1 тармағындағы және Қағиданың 1 тармағындағы "санитарлық тазалау, жинауды ұйымдастыру және тазалық сақтауды қамтамасыз ету" сөздері алынып тасталсын;
3) 18 тармақ жаңа редакцияда жазылсын: "аумақты тазарту - елді мекендердегі халықтың өмір сүру барысында пайда болған қалдықтарды (қоқыстарды) жинау, жою және залалсыздандыру болып табылатын мақсаттағы шаралар жиынтығы";
4) келесі тармақтар алынып тасталсын: 50,73,80;
5) 62 тармақтағы "өз бетінше, немесе" сөздері алынып тасталсын;
6) 72 тармақтағы "кәсіпорындар, мекемелер және жеке тұлғалар", "немесе" сөздері алынып тасталсын;
7) 81 тармақ жаңа редакцияда жазылсын: "қоқыс пен қалдықтарды жинауға арналған контейнерлерді орналастыру бойынша алаңдар мемлекеттік санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау органымен пәтер иелері кооперативтерімен және коммуналдық қызметтермен келісуі қажет";
8) 86 тармақтағы "Халық көп келетін орындарда қораптар бір - бірінен 40 метр қашықтықтан аспай, аулаларда, саябақтарда, алаңдарда және басқа аумақтарда 100 метр қашықтықтан аспай орнатылады" сөздері алынып тасталсын;
9) 99 тармақтағы "немесе өз бетімен қоқыс шығарады" сөздері алынып тасталсын.
2. Осы шешім ресми жарияланған соң күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы А.Айтжанов
Мәслихат хатшысы С.Шынтасова