Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 17.04.2014 № 121 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II ҚРЗ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66-III ҚРЗ "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 4 тармағына және 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III ҚРЗ "Білім беру туралы" Заңының 53 бабының 2 тармағына 1 тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2010.04.23 № 166 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз) Шешімімен.
1. Азаматтық қызметші болып табылатын және Мәртөк ауданының ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға, сондай-ақ аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 17.04.2014 № 121 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. 2008 жылғы 25.03. № 04-1/998 Мәртөк аудандық әділет басқармасының ұсынысы бойынша 2007 жылғы 13.12. № 17 "Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және білім беру мамандарына үстемақы белгіленуі туралы" шешімінің күші жойылсын.
3. Осы шешім алғашкы рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы | А. Шек |
Аудандық мәслихат хатшысы | А. Смағұлов |