«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 3, 10 баптарын, «Әкімшілік құқық бұзышылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 310 бабын орындау мақсатында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 1 тармағының 8 тармақшасын басшылыққа ала отырып, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Хромтау ауданының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау Ережесі бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау «Қазақстан Республикасының ауылшаруашылығы Министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Хромтау аудандық аумақтық инспекциясы» ММ-нің бастығы Қ.С.Ермановқа жүктелсін.
3. Шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезекті он екінші сессиясының 2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 87 шешімімен бекітілген |
Хромтаәу ауданы елді мекендердінде ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау ЕРЕЖЕЛЕРІ 1. Жалпы жағдайлар
1. Осы Ереже Хромтау ауданы аумағындағы ауыл шаруашылық үй жануарларын ұстауды белгілеу, індеттердің алдын алу мен олардың таралуын болдырмау мақсатында әзірленген.2. Ережелер ауыл шаруашылығы жануарларын ұстайтын барлық жеке және заңды тұлғаларға тарайды.
3. Осы Ережелер Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңына, «Әкімшілік қүқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 3-бабына сәйкес әзірленген.
4. Осы Ережелердің сақталуына бақылауды жүзеге асыруды «Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылығы Министрлігінің Ағроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Хромтау аудандык аумақтық инспекциясы» ММ-сі жүргізеді.
2. Ауыл шаруашылық үй жануарларын ұстау
5. Ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау, көбейту, жаю, айдау санитарлық аймақтың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.6. Ауыл шаруашылық жануарларын, құстарды үстау қолданыстағы санитарлық нормаларға сәйкес арнайы жабдықталған болмелерде және қоршаған ортаның экологиялық қауіпсіздігін есепке ала ұсталады.
7. Жануар ұсталатын тұрақ жай іргелес аумақтармен ветеринарлық санитарлық зоогигиеналық талаптарына сәйкес ұсталуы қажет.
8. Жәндіктерге, сондай-ак кеміргіштерге (тышқандар, егеуқұйрықтар) қарсы күрес мақсатында жануарлар түратын орындарды үнемі инсектицидтер мен дератизаторлық препараттармен өңдеу қажет.
9. Үй жануарларын мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде, мектептерде және баска да ұйымдар мен мекемелердегі зоологиялық бұрыштарда үстауға тек кана ветеринария, санитарлық эпидемиологиялық қадағалау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың келісімімен жол беріледі.
10. Қаланың тұрғын үй қорының пәтерлерінде ауылшаруашылығы жануарлары және құстарды ( ірі қаралар, қойлар, ешкілер, жылқылар, түйелер, шошқалар, маралдар мен бұғылар, тауықтар, үйректер, қаздар, күркетауықтар, бал аралар, мамық жүнді аңдар) ұстауға жол берілмейді.
11. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауылшаруашылығы жануарларын сату жануарлар сатылатын мамандандырылған базарларда жүзеге асырылады.
12. Аудан аумағына шет мемлекеттерден жануарларды алып келу, алып кету Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпті сақтай отырып, уәкілетті мемлекеттік органның рұқсаты болғанда жүзеге асырылады.
13. Жануарларды тасымалдау (орын ауыстыру) уәкілетті мемлекеттік органның берген арнаулы үлгідегі ветеринарлық төлқұжаты мен жүргізілген алдын ала емдеу мен денсаулығы туралы белгісі бар ветеринарлық кәулігі болған жағдайда жол беріледі.
3. Жануарлар мен құстар иелерінің міндеттері
14. Жануарлар. мен құстар иелерінің міндеті:1) жануарларды биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес ұстау, оларға мейірімділікпен қарау, жануарлар мен құстарды қараусыз қалдырмауға, олардың қаңбастығын болдырмауға, ауыра қалған жағдайда уақытында
ветеринарлық көмекке жүгінуге;
2) жануарларды осы Ереже талаптарына сай қалыпта үстауды қамтамасыз етуге;
3) оларды ұстаудың зоотехникалық және ветеринариялық-санитарлық талаптарын сақтауға, қоршаған ортаны ластамауға;
4) айналадағы орта қауіпсіздігін және тыныштық пен санитарлық ережелерді сақтауды қамтамасыз ету шараларын қабылдауға;
5) қоғамдық жалпылай пайдалану орындарының ластануын болдырмауға;
6) жануарлар өлекселерін қоқыстар орындарынан тыс жерлерге тастамауға, ветеринария саласындағы уәкілетті органның қызметкерлеріне ескерте және оларды қатыстыра отырып, жануарлар өлекселерін жойып отыруды қамтамасыз етуге;
7) жануарлардың нәжістерін жүйелі түрде жинастырып, күл-қоқысқа төгуге немесе жоюға;
8) паразитті насекомдар мен кемірушілердің пайда болуын болдырмау шараларын қабылдауға;
9) белгіленген мерзімдерде малдардың жұқпалы ауруларын жою жөніндегі ветеринарлык шаралар өткізуге, карантиндік режимді сақтауға.