Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 2010.09.02 № 254 Қаулысымен.
"Әкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1 бабына сәйкес, "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 558 қаулысын орындау үшін мемлекеттік қызмет көрсетулердің сапасын көтеру мақсатында Жамбыл облысы әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Отын сатып алу бойынша ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік көмек тағайындау бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің қоса берілген стандарты бекітілсін:
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Б. Иманәлиевке жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс Әкімі Б. Жексембин
Жамбыл облысы әкімиятының
2008 жылғы 29 мамырдағы
N 183 қаулысымен бекітілген
Отын сатып алу бойынша ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік көмек тағайындау бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты 1. Жалпы ережелер
1. Аталған стандарт отын сатып алу бойынша ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік көмек тағайындауды ресімдеу тәртібін анықтайды.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөндіріс кешені мен ауыл аймақтарын дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 5 тармағы негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызметті N 1 қосымшаға сәйкес аудандық маңыздағы қала әкімдері және аудандық әкімияттар көрсетеді.
Отын сатып алу бойынша ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік көмекке құжаттарды ресімдейтін жұмыс органы осы Стандарттың N 2 қосымшасына сәйкес жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (әрі қарай Бөлімдер) және аудандық маңыздағы қала әкімдері болып табылады.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқтау нысаны әлеуметтік қызмет тағайындау туралы хабарлама болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет ауыл аймағында тұратын әлеуметтік салада жұмыс істейтін мамандарына көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) қажетті құжаттарды тапсырған кезден бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 10 күн;
2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге кететін ең ұзақ уақыт: 30 минут;
3) хабарлама алған кезде кезек күтуге кететін ең ұзақ уақыт: 10 минут.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы толық ақпарат ресми ақпарат көздерінде орналасады: облыстық "Ақ жол" және "Знамя труда" газеттерінде, сондай-ақ бөлімдердің күту залдарында орналасқан стенділерде, аудандық әкімияттардың және аудандық маңыздағы қала әкімдерінің кабинеттерінде, сондай-ақ sobes.zhambyl.kz веб-сайтында.
10. Аудандық әкімияттар, аудандық маңыздағы қала әкімдерінің және бөлімдердің жұмыс кестесі: сенбі және жексенбіні қоспағанда, күн сайын сағат 9-00 ден 18-00 ге дейін, түскі үзіліс сағат 13-00 ден 14-00 ге дейін.
11. Бөлімнің және аудандық маңыздағы қала әкімдерінің күту залы мен құжаттарды қабылдайтын және консультативтік қызмет көрсететін мамандардың кабинеттерінде азаматтар үшін қажетті жағдайлар жасалған, анықтамалық-диспетчерлік қызмет жұмыс істейді, толтыратын құжаттардың үлгісі мен әлеуметтік көмек көрсету тәртібі туралы ақпарат қойылған тағандар бар, күту жағдайларын құру мақсатында күтетін азаматтар үшін орындықтар қойылған.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізімі:
1) ерікті үлгідегі өтініш;
2) жұмыс орнынан анықтама.
13. Өтініш нысандары қарастырылмаған.
14. Құжаттар 2-ші қосымшада көрсетілген бөлімдерге және аудандық маңыздағы қала әкімдерінің тиісті кабинеттеріне тапсырылады.
15. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын құжат болып өтініш бланкісінен алынған қабылдау мерзімі мен құжатты қабылдаған жауапты адамның тегі көрсетілген түбіршек табылады.
16. Мемлекеттік қызмет тағайындау бойынша қабылданған шешім туралы хабарлама алушының өзінің баруы арқылы аудандық әкімияттар және аудандық маңыздағы қала әкімдерінің тиісті кабинеттерінде беріледі немесе поштамен жіберіледі.
17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтату немесе қызмет көрсетуден бас тартуға жұмыс орнынан анықтаманың жоқтығы негіз болып табылады.
3. Жұмыс қағидаттары
18. Аудандық әкімияттар және аудандық маңыздағы қала әкімдері қызмет көрсетуді тұтынушыға қатысты басшылыққа алатын қағидаттары:
1) сыпайылық,
2) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат;
3) тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттық сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;
4) тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.
4. Жұмыс нәтижелері
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Стандарттың N 2 қосымшасына сәйкес көрсетілетін сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
5. Шағымдану тәртібі
21. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіретін және шағымды дайындауға жәрдем көрсететін мемлекеттік орган болып осы Стандарттың N 2 қосымшасына сәйкес аудандық әкімияттар және аудандық маңыздағы қала әкімдері табылады.
22. Шағым берілетін мемлекеттік орган болып осы Стандарттың N 2 қосымшасына сәйкес аудандық әкімияттар және аудандық маңыздағы қала әкімдері табылады.
23. Заңнамамен белгіленген тәртіпте тапсырылған шағымдар міндетті түрде қабылдануға, тіркеуге, есепке алуға және Қазақстан Республикасының Заңнамаларында көзделген тәртіп пен мерзімде қарауға жатады.
Берілген шағымға жауап алу орыны мен мерзімін, оның қаралу барысын тиісті аудандар мен Тараз қаласы әкімияттарынан білуге болады.
6. Байланыс ақпараты
24. Тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін басшыларының байланыс деректері (сайт, электронды пошта мекен-жайы, жұмыс және қабылдау кестесі, телефоны) осы Стандарттың N 2 қосымшасына сәйкес көрсетілген.
Жоғары тұрған органдар:
1) осы Стандарттың N 3 қосымшасына сәйкес тиісті аудандық және Тараз қаласының әкімияттары;
2) "Жамбыл облысы әкімиятының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі, Тараз қаласы, Қарахан көшесі, 1, телефон 453767, sobes.zhambyl.kz.
Күн сайын сағат 9-00-ден 19-00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден - 15-00-ге дейін.
Бастықтың қабылдау күндері: сейсенбі, бейсенбі, жұма сағат 9-00 ден 18-00 ге дейін.
Бастық орынбасарының қабылдау күндері: күн сайын сағат 9-00 ден 18-00 ге дейін.
25. Тұтынушыларға басқа қажетті ақпараттарды sobes.zhambyl.kz ресми сайтында табуға болады.
Стандарттың N 1 қосымша
Аудандық әкімияттар және аудандық маңыздағы қала әкімдерінің тізбесі
N | Атауы | Мекен жай | Байланыс телефондар және сайт (электрондық пошта) |
---|---|---|---|
1 |
Байзақ ауданының әкімияты |
Сарыкемер ауылы, Байзақ батыр көшесі 107 |
8-72637-21096 21582 baizak_akimat@mail.ru |
2 |
Меркі ауданының әкімияты |
Меркі ауылы, Исмаилов көшесі, 169 |
8-72632-21689, 21361 mozsp@mail.kz www.zhambul.kz |
3 |
Тұрар Рысқұлов ауданының әкімияты |
Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі, 75 |
8-72631-21600, 22342 T-Ryckulov.kz |
4 |
Қордай ауданының әкімияты |
Қордай ауылы, Төле би көшесі, 106 |
8-72636-21240 21360 www.akimatkorday.kz |
5 |
Шу ауданының әкімияты |
Төле би ауылы, Төле би көшесі, 272 |
8-72638-32198 31955 www.zhambulshu.kz |
6 |
Талас ауданының әкімияты |
Қаратау қаласы, Досты қ алаңы, 1 |
8-72644-62407 60105 ekonomkaratau@mail.ru |
7 |
Сарысу ауданының әкімияты |
Жанатас қаласы, Бейбитшілік көшесі, 1 |
87263461437 63281 www.sarysu.ku |
8 |
Жуалы ауданының әкімияты |
Бауыржан Момышұлы ауылы, Жамбыл көшесі 12 |
8-72635-21500 21573 www.new.zhualy.kz Jua_fin@tarnet.kz |
9 |
Жамбыл ауданының әкімияты |
Аса ауылы, Абай көшесі, 123 |
8-72633-22328, 211535 www.zhambyl.kz marxraiy@mail.ru |
10 |
Мойынқұм ауданының әкімияты |
Мойынқұм ауылы, Амангельды көшесі, 147 |
8-72642-24155 24487 Moinkum_ akimat@mail.ru |
11 |
"Қаратау қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі" |
Қаратау қаласы Шаина көшесі,47 2 қабат, 201 кабинет |
8-72644-623-24, 6-26-47 |
12 |
"Жанатас қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі" |
Жанатас қаласы Бейбітшілік көшесі, 25 N 6 кабинет |
8-72634-62828, 6-33-62 |
13 |
"Шу қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі" |
Шу қаласы, Қонаев көшесі, 23 N 32 кабинет |
8-72643-214-41 |
Стандарттың N 2 қосымша
Аудандар мен Тараз қаласы әкімияттарының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері байланыс деректері
№ | Атауы | Меңгерушінің аты-жөні | Мекен жай, кабинеті | Байланыс телефондар, электрондық пошта |
---|---|---|---|---|
1 |
"Тараз қаласы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесі" (әрі қарай ММ) |
Сейдалина Қосайкул Сатыбалдықызы |
Тараз қаласы, Достоевский көшесі, 14 кабинет N 201 |
8-7262-345124, 342879 sobes-taraz@mail.ru |
2 |
"Байзақ ауданы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ |
Абдрахманова Бақыткул Ешенқұлқызы |
Сарыкемер ауылы, Байзақ батыр көшесі, 112 кабинет N 102 |
8-72637-21971, 22338 utzszn_baizak@topmail.kz |
3 |
"Меркі ауданы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ |
Абылқасымо Шорман Төреханұлы |
Меркі ауылы, Исмаилов көшесі, 157 кабинет N 104 |
8-72632-22551, 21666 mozsp@mail.kz |
4 |
"Т. Рысқұлов ауданы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ |
Қосалов Шардарбек Амреқұлұлы |
Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі, 83 2 қабат кабинет N 204 |
8-72631-21281, 21644 TRS2008@topmail.kz |
5 |
"Қордай ауданы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ |
Қарамолдаева Баян Назкейқызы |
Қордай ауылы, Белашов көшесі, 3 кабинет N 105 |
8-72636-21281, 21249 utzsnkorday@mail.kz |
6 |
"Шу ауданы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ |
Оңласын Мейірбек Қалмырзаұлы |
Төле би ауылы, Балуан Шолақ көшесі 189 кабинет N 104 |
8-72638-31096, 31637 shuozsp@topmail.kz |
7 |
"Талас ауданы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ |
Тұралиева Роза Тұралықызы |
Қаратау қаласы, Қонаев көшесі, 26 кабинет N 106 |
8-72644-61306, 61522 otzsp_karatau@mail.ru |
8 |
"Сарысу ауданы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ |
Усембаев Болат Базарбайұлы |
Жанатас қаласы, Жібек жолы көшесі, 53 кабинет N 102 |
8-72634-62806, 61680 dkz@mail.kz |
9 |
"Жуалы ауданы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ |
Құрмашев Кәрібай |
Бауыржан Момышұлы ауылы, Жамбыл көшесі, 1 кабинет N 105 |
8-72635-22276, 22150 juali_sobes@mail.ru |
10 |
"Жамбыл ауданы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ |
Несіпбеков Нұрлан Құдербайұлы |
Аса ауылы, Абай көшесі, 123 кабинет N 201 |
8-72633-21756, 21182 asa_sobes@mail.ru |
11 |
"Мойынқұм ауданы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ |
Даниярова Жақсыгүл Мырзабайқызы |
Мойынқұм ауылы, Көшенов көшесі, 10 кабинет N 103 |
8-72642-24721, 24893 ozsp_moinkum@topmail.kz |
Стандарттың N 3 қосымша
Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері | Көрсеткіштің нормативтік мәні | Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні | Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні |
---|---|---|---|
1. Уақытылығы | |||
1.1. құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % (үлесі) |
100 |
100 |
100 |
1.2. қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % (үлесі) |
100 |
100 |
100 |
2. Сапасы | |||
2.1. қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) |
100 |
100 |
100 |
2.2. құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс ресімдеген жағдайдың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі) |
100 |
100 |
100 |
3. Қ ол жетімділік | |||
3.1. қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) |
100 |
100 |
100 |
3.2. тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % (үлесі) |
100 |
100 |
100 |
3.3. Интернет арқылы қол жетімді қызметтерінің ақпарат % (үлесі) |
|||
4. Шағымдану үдерісі | |||
4.1. қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі) |
1 |
0 |
1 |
4.2. белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың % (үлесі) |
1 |
0 |
1 |
4.3. шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) |
100 |
100 |
100 |
4.4. шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) |
100 |
100 |
90 |
5. Сыпайылық | |||
5.1. қызметкерлердің сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) |
99 |
100 |
99 |
Ескерту. Кестенің 4.1., 4.2., 4.3., 4.4. жолдарына өзгерту енгізілді - Жамбыл облысы әкімиятының 2008.09.25 N 305 Қаулысымен.