2008 жылы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы

Қарағанды облысының әкімдігінің 2008 жылғы 20 мамырдағы N 13/04 қаулысы. Қарағанды облысының әділет Департаментінде 2008 жылғы 12 маусымда N 1845 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 2009 жылғы 04 мамырдағы N 12/06 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 2009.05.04 N 12/06 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19, 20, 23 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 563 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2008 жылдың сәуір - маусымында және қазан-желтоқсаны аралығында мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын.
      2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды басқаруды үйлестіру және бақылауды ұйымдастыру үшін облыстық шақыру комиссиясы қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.
      3. Қалалар мен аудан әкімдіктері:
      1) қалалық және аудандық шақыру комиссияларын құрсын;
      2) шақыру комиссияларының жұмысын қамтамасыз ету және мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтардың шақыру учаскелеріне ұйымдасқан түрде келулері жөніндегі қажетті іс-шаралар қабылдасын;
      3) шақыру учаскелерін жабдықтауды, дәрі - дәрмекпен, құралдармен, медициналық және шаруашылық мүліктермен, автомобиль көлігімен, сондай-ақ байланыс құралдарымен қамтуды қамтамасыз етсін;
      4) қызмет көрсететін медициналық және техникалық қызметкерлердің қажетті санын қамтамасыз етсін.
      4. Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы (Шайдаров М.З.) қалалық және аудандық медициналық шақыру комиссияларын дәрігер - мамандар және орта медициналық қызметкерлермен толықтырсын, облыстық жинау пунктінің базасында шақырылғандарды адам иммунитеті тапшылығы вирусіне тексеру және бақылау флюорографиялық тексеру ұйымдастырсын.
      5. Қарағанды облысының ішкі істер департаменті (Қожахметов Қ.О. - келісім бойынша) өз құзырының шеңберінде ұсынылсын:
      1) қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басқармалары және бөлімдерімен бірлесе отырып шақыру учаскелерінде, жөнелту станцияларында, облыстық жинау пунктінде тәртіпті қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
      2) әскери міндетін орындаудан бас тартқан тұлғаларды іздестіруді және ұстауды жүзеге асыру;
      3) әскери қызметке шақырудан бас тартқан тұлғалардың жеткізілуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
      6. Қарағанды облысының мемлекеттік санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау басқармасы (Хамитов Т.Н.) облыстық жинау пункті бөлмелерінің санитарлық жағдайын бақылауды қамтамасыз етсін.
      7. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының Қарағанды облыстық телекоммуникациялар дирекциясына (Аманов Б.Р.) облыстық жинау пунктінде байланыс құралдарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету ұсынылсын.
      8. Ішкі саясат басқармасы (Любарская И.Ю.), Қарағанды облысының спорт және дене шынықтыру басқармасы (Халилин Е.Б.) қорғаныс істері жөніндегі басқармалар және бөлімдермен бірлесе отырып соғыс, еңбек және Қарулы Күштер ардагерлерімен кездесулер өткізумен әскери - патриоттық сипаттағы тәрбиелік іс шараларды ұйымдастырсын және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері және әскери құрамаларына шақырушылардың командаларын аттандыру кезінде спорт ұжымдарының көрсетілімдерін өткізсін.
      9. Қарағанды облысының мәдениет басқармасы (Омарбекова Р.К.) шақырылғандарды салтанатты шығарып салу күндері Қарағанды облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің облыстық жинау пунктінде және қорғаныс істері жөніндегі басқармалар мен бөлімдердің шақыру учаскелерінде көркемөнерпаз және шығармашылық ұжымдардың өнер көрсетуін ұйымдастырсын.
      10. Қарағанды облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы (Ибадилдин Ж.И.) шақыруды өткізумен байланысты іс шараларды өткізу үшін облыстың тиісті ұйымдар және мекемелермен қажетті шарттар жасассын, олардың орындалуы үшін бақылауды жүзеге асырсын.
      11. Қарағанды облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті (Дарманқұлов М.И. - келісім бойынша) шақыру аяқталған соң облыс әкіміне оның қорытындылары туралы ақпарат тапсыру ұсынылсын.
      12. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары А.Е. Базарбаевқа жүктелсін.
      13. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі                  Н. Нығматулин

      Келісілді
      Қарағанды облысының
      қорғаныс істері жөніндегі
      департаментінің бастығы
      М.И. Дарманқұлов
      2008 жылғы 15 мамыр

      Келісілді
      Қарағанды облысының ішкі
      істер департаментінің бастығы
      Қ.О. Қожахметов
      2008 жылғы 17 мамыр

Қарағанды облысы әкімдігінің
2008 жылғы 20 мамырдағы
"2008 жылы азаматтарды
мерзімді әскери қызметке
шақыруды өткізу туралы"
N 13/04 қаулысына қосымша

Облыстық шақыру комиссия құрамы

      Дарманқұлов                - Қорғаныс істері жөніндегі
      Мұрат Ильтайұлы              департаментінің бастығы
                                 - комиссия төрағасы

      Ибадилдин                  - Қарағанды облысының жұмылдыру
      Жұмамәді Ибаділдәұлы         дайындығы, азаматтық қорғаныс,
                                   авариялар мен дүлей апаттардың
                                   алдын алуды және жоюды
                                   ұйымдастыру басқармасының
                                   бастығы - комиссия төрағасының
                                   орынбасары

      Шинкарук                   - Қорғаныс істері жөніндегі
      Галина Васильевна            департаментінің облыстық
                                   медициналық комиссия медбикесі
                                 - комиссия хатшысы

Комиссия мүшелері

      Әуезов                     - Қорғаныс істері жөніндегі
      Әміржан Таңатарұлы           департаментінің шақыру
                                   басқармасы бастығының
                                   орынбасары - медициналық
                                   комиссия төрағасы - дәрігер
                                   (келісім бойынша)

      Вощенкова                  - Денсаулық сақтау басқармасы
      Тамара Анатольевна           бастығының бірінші орынбасары

      Лепеха                     - Ішкі істер департаменті
      Игорь Викторович             бастығының орынбасары
                                   (келісім бойынша)

О проведении призыва граждан на срочную воинскую службу в 2008 году

Постановление акимата Карагандинской области от 20 мая 2008 года N 13/04. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 12 июня 2008 года N 1845. Утратило силу - постановлением акимата Карагандинской области от 4 мая 2009 года N 12/06

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Карагандинской области от 04.05.2009 N 12/06.

      В соответствии со статьями 192023 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О воинской обязанности и воинской службе", статьей 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении в Республике Казахстан", в целях реализации Указа Президента Республики Казахстан от 1 апреля 2008 года N 563 "Об увольнении в запас военнослужащих срочной службы, выслуживших установленный срок воинской службы, и очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в апреле - июне и октябре-декабре 2008 года" акимат Карагандинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Организовать призыв на срочную воинскую службу в апреле - июне и октябре-декабре 2008 года граждан мужского пола в возрасте от восемнадцати до двадцати семи лет, не имеющих права на отсрочку или освобождение от призыва, а также граждан, отчисленных из учебных заведений, не достигших двадцати семи лет и не выслуживших установленные сроки воинской службы по призыву.
      2. Для координации руководства и контроля за организацией призыва граждан создать областную призывную комиссию в составе согласно приложения.
      3. Акиматам городов и районов:
      1) создать городские и районные призывные комиссии;
      2) принять необходимые меры по обеспечению работы призывных комиссий и организованной явки на призывные участки граждан, подлежащих призыву на срочную воинскую службу;
      3) обеспечить оборудование сборного пункта (призывных участков), снабжение медикаментами, инструментарием, медицинским и хозяйственным имуществом, автомобильным транспортом, а также средствами связи;
      4) обеспечить необходимое количество лиц обслуживающего персонала, медицинских и технических работников.
      4. Управление здравоохранения Карагандинской области (Шайдаров М.З.) укомплектовать районные и городские медицинские призывные комиссии врачами-специалистами и средним медицинским персоналом, организовывать на базе областного сборного пункта исследование на вирус иммунодефицита человека и контрольное флюорографическое исследование призывников.
      5. Рекомендовать Департаменту внутренних дел Карагандинской области в пределах своей компетенции (Кожахметов К.О. - по согласованию):
      1) организовать взаимодействие с управлениями и отделами департамента по делам обороны по обеспечению порядка на призывных участках, станциях отправки, областном сборном пункте;
      2) осуществлять розыск и задержание лиц, уклоняющихся от выполнения воинской обязанности;
      3) обеспечить доставку лиц, уклоняющихся от призыва на воинскую службу.
      6. Управлению государственного санитарно-эпидемиологического надзора Карагандинской области (Хамитов Т.Н.) обеспечить контроль за санитарным состоянием помещений областного сборного пункта.
      7. Рекомендовать Карагандинской областной дирекции телекоммуникации акционерного общества "Казахтелеком" (Аманов Б.Р.) обеспечить бесперебойную работу средств связи на областном сборном пункте.
      8. Управлению внутренней политики (Любарская И.Ю.), Управлению физической культуры и спорта Карагандинской области (Халилин Е.Б.) совместно с управлениями и отделами по делам обороны организовать воспитательные мероприятия военно-патриотического характера с проведением встреч с ветеранами войны, труда, Вооруженных Сил и показательных выступлении спортивных коллективов в период отправки команд призывников в ряды Вооруженных Сил, других войск и воинских формировании Республики Казахстан.
      9. Управлению культуры Карагандинской области (Омарбекова Р.К.) в дни торжественных проводов призывников организовать выступление художественной самодеятельности и творческих коллективов.
      10. Управлению по мобилизационной подготовке, гражданской обороне, организации предупреждения и ликвидации аварий и стихийных бедствий Карагандинской области (Ибадилдин Ж.И.) заключить договора необходимые для проведения мероприятий связанных с проведением призыва с соответствующими организациями и учреждениями области, осуществлять контроль за их выполнением.
      11. Департаменту по делам обороны Карагандинской области (Дарманкулов М.И. - по согласованию) по окончанию призыва представить акиму области информацию об итогах его проведения.
      12. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области Базарбаева А.Е.
      13. Настоящее постановление вводится в действие со дня официального опубликования.

      Аким Карагандинской области                Н. Нигматулин

      Согласовано

      Начальник Департамента
      по делам обороны
      Карагандинской области
      М.И. Дарманкулов
      15 мая 2008 г.

      Согласовано

      Начальник
      Департамента внутренних дел
      Карагандинской области
      К.О. Кожахметов
      17 мая 2008 г.

Приложение
к постановлению акимата
Карагандинской области
"О проведении призыва граждан
на срочную воинскую службу в 2008 году"
от 20 мая 2008 года N 13/04

Состав областной призывной комиссии

      Дарманкулов               - начальник Департамента по делам
      Мурат Ильтаевич             обороны - председатель комиссии;

      Ибадилдин                 - начальник управления по
      Жумамади Ибадилдинович      мобилизационной подготовке,
                                  гражданской обороне, организации
                                  предупреждения и ликвидации
                                  аварий и стихийных бедствий
                                - заместитель председателя комиссии;

      Шинкарук                  - медицинская сестра областной
      Галина Васильевна           медицинской комиссии
                                  Департамента по делам обороны,
                                  секретарь комиссии

Члены комиссии:

      Ауезов                    - заместитель начальника
      Амиржан Танатарович         Управления призыва Департамента
                                  по делам обороны -
                                  председатель медицинской
                                  комиссии - врач (по согласованию)

      Вощенкова                 - первый заместитель начальника
      Тамара Анатольевна          управления здравоохранения

      Лепеха                    - заместитель начальника
      Игорь Владимирович          Департамента внутренних дел
                                  (по согласованию)