Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 2009.07.07 N 18/10 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 9-1 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" N 558 қаулысына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру мақсатында Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Қарағанды облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - облыс әкімінің аппараты) көрсететін "Барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлауға және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісім-шарттарды тіркеу" және "Барлауға, өндіруге және бірлескен барлауға және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды өндіруге кепілдік шартын тіркеу" мемлекеттік қызметтерін көрсетудің стандарттары бекітілсін.
2. Облыс әкімінің аппараты осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді және мемлекеттік қызметтерді көрсетудің бекітілген стандарттарын облыстық маңызы бар бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.С. Камалиевке жүктелсін.
4. Қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.
Облыс әкімі Н. Нығматулин
Қарағанды облысы әкімдігінің
2008 жылғы 23 қыркүйектегі
N 26/03 қаулысымен
бекітілген
"Барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлауға және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісім-шарттарды тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
1. Барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлауға және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісім-шарттарды тіркеу - жүзеге асырылуы жер қойнауын пайдалану құқығы берілген және пайда болған деп санауға мүмкіндік беретін рәсім.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Осы мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасының "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңының 41-7-бабының 8-тармағымен, 44-бабының 3-тармағымен көзделген.
4. Мемлекеттік қызметті "Қарағанды облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мына мекенжай бойынша көрсетеді: Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары, 39, 102 кабинет, сайт: http://dpp.kz/.
5. Тұтынушы алатын мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны келісім-шартты мемлекеттік тіркеу туралы акт беру болып табылады.
6. Осы мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген тәртіпте келісім-шарт жасасу құқығын алған барлық жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақытқа шектеу мерзімдері:
1) Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - тұтынушылардың қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн;
2) Қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт - 40 минут;
3) Құжаттарды алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт - 40 минут.
8. Келісім-шартты тіркеу тегін көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет көрсетудің осы стандарты http://dpp.kz/ сайтына орналастырылған.
10. Мемлекеттік қызмет сенбі және жексенбі күнінен басқа, күн сайын, сағат 9.00-дан 18.00-ге дейін, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін үзілісімен көрсетіледі. Құжаттарды қабылдау кезек тәртібінде, мемлекеттік қызмет алу үшін алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
11. Қызмет көрсету орны телефон байланысымен, компьютерлік техникамен жабдықталған, кіреберісте жеке мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін пандус бар, электрондық Үкімет қызметтеріне және Интернет аймағының қазақстандық сегментіне қол жеткізудің қоғамдық пункті қойылған.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар мен талаптар тізбесі:
1) Екі данада еркін түрдегі өтініш (ілеспе хат);
2) Тараптардың қолы қойылған (облыс әкімі мен жер қойнауын пайдаланушының бірінші басшысы) жер қойнауын пайдалануға келісім-шарт.
13. Келісім-шартты тіркеу үшін жер қойнауын пайдаланушыдан өтініш беріледі. Өтініш мазмұны еркін түрде.
14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар "Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (ары қарай - Басқарма), Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары, 39, 114-кабинет мекенжайы бойынша жауапты тұлғаға тапсырылады.
15. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушының барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын құжат ол құжаттарды қабылдау жөніндегі талон болып табылады, онда мемлекеттік органның атауы, өтінішті қабылдаған қызметкердің лауазымы, тегі мен инициалдары, оның қабылдаған күні мен уақыты көрсетіледі.
16. Тіркелген келісім-шарт сертификатпен бірге тұтынушы өзі немесе оның өкілі келген кезде 102-кабинетте беріледі.
17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтату немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға тұтынушының келісім-шартты тіркеуге қажетті құжаттар пакетін тапсырмауы, тапсырылған құжаттар пакеті бойынша айқындалған ескертулерді жоймауы немесе жоюдан бас тартуы негіздеме бола алады.
18. Осы қызметті тұтынушыға қатысты Басқарманың басшылыққа алатын негізгі жұмыс қағидаттары: сыпайылық; көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат; тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, құпиялылығын қамтамасыз ету болып табылады.
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекеменің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс тобы бекітеді.
21. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты облыс әкімі аппаратының лауазымды тұлғаларынан (103, 108-кабинеттер) алуға болады, электрондық пошта мекенжайы: kancelyaria@krg.gov.kz; жеке тұлғалар үшін телефон (7212) 41-08-30, заңды тұлғалар үшін (7212) 42-10-67.
22. Шағым облыс әкімінің атына Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары, 39, 103, 108-кабинеттер мекенжайына; электрондық пошта: kancelyaria@krg.gov.kz. беріледі.
23. Шағымды қабылдауды растайтын құжат өтінішті қабылдау жөніндегі талон болып табылады, онда мемлекеттік органның атауы, өтінішті қабылдаған қызметкердің тегі мен инициалдары, оның қабылдаған күні мен уақыты, телефондар көрсетіледі. Шағым Қазақстан Республикасының "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңымен көзделеген мерзімде қаралады. Шағымның қаралу барысы туралы (7212) 41-08-30, 42-10-67 телефондары бойынша білуге болады.
24. Басқарма басшысының, оның орынбасарының және жоғары тұрған ұйымның байланыс деректері:
1) тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекеме басшысының, оның орынбасарының байланыс деректері:
сайт: http://dpp.kz/;
электрондық пошта мекенжайы: dpp@mail.kz;
жұмыс кестесі: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;
қабылдау: апта сайын сәрсенбі күні сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін;
мемлекеттік мекеме басшысының телефоны: (7212) 42-11-20;
мемлекеттік мекеме басшысы орынбасарының телефоны: (7212) 42-45-05;
2) жоғары тұрған ұйым басшысының байланыс деректері:
сайт: www.karaganda-region.kz;
электрондық пошта мекенжайы: info@karaganda-region.kz;

қабылдау: қабылдауға жазылу (7212) 41-08-30 телефоны бойынша жүзеге асырылады;
мекенжайы: Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары, 39;
басшының телефоны: (7212) 42-10-90.
25. Осы қызмет түрін көрсетуге қатысты кез-келген қосымша ақпаратты Басқарманың (7212) 42-11-20 телефонынан білуге болады.
"Барлауға, өндіруге немесе бірлескен
барлауға және жалпыға таралған
пайдалы қазбаларды өндіруге
арналған келісім-шарттарды тіркеу"
мемлекеттік қызмет көрсету стандартына
қосымша
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері |
Көрсеткіштің нормативтік мәні |
Келесі жылдағы көрсеткіштің мақсаттық мәні |
Есептік жылдағы көрсеткіштің ағымды мәні |
1. Уақтылы |
|||
1.1. құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % (үлесі) |
97 |
||
1.2. қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % (үлесі) |
97 |
||
2. Сапа |
|||
2.1. қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %(үлесі) |
95 |
||
2.2. құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс рәсімдеген жағдайдың % (үлесі) (есептен өткен және т.б.) |
95 |
||
3. Қол жетімділік |
|||
3.1. қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) |
90 |
||
3.2. тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % (үлесі) |
90 |
||
3.3. Интернет арқылы қол жетімді қызметтерінің ақпарат % (үлесі) |
100 |
||
4. Шағымдану үдерісі |
|||
4.1. қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі) |
0,3 |
||
4.2. белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың % (үлесі) |
100 |
||
4.3. шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %(үлесі) |
90 |
||
4.4. шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) |
90 |
||
5. Сыпайылық |
|||
5.1. қызметкерлердің сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) |
97 |
Қарағанды облысы әкімдігінің
2008 жылғы 23 қыркүйектегі
N 26/03 қаулысымен
бекітілген
"Барлауға, өндіруге және бірлескен барлауға және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды өндіруге кепілдік шартын тіркеу"
мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
1. Жер қойнауын пайдалану құқығына кепілдік шартын тіркеу - жүзеге асырылуы мұндай тіркеуді жүзеге асыру сәтінен бастап жер қойнауын пайдалану құқығын беру іске асырылған деп санауға мүмкіндік беретін рәсім.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Осы мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасының "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңының 14-бабымен көзделген.
4. Мемлекеттік қызметті "Қарағанды облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мына мекенжай бойынша көрсетеді: Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары, 39, 102 кабинет, сайт: http://dpp.kz/.
5. Тұтынушы алатын мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны (нәтижесі): кепілдік шартын тіркеу куәлігі.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке және заңды тұлғалардың санаты: Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген тәртіпте жер қойнауын пайдалану құқығына кепіл арқылы несие алатын жер қойнауын пайдаланушылар.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақытқа шектеу мерзімдері:
1) Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - тұтынушылардың қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн;
2) Қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт - 40 минут;
3) Құжаттарды алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт - 40 минут.
8. Кепілдік шартын тіркеу тегін көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет көрсетудің осы стандарты http://dpp.kz/ сайтына орналастырылған.
10. Мемлекеттік қызмет сенбі және жексенбі күнінен басқа, күн сайын, сағат 9.00-дан 18.00-ге дейін, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін үзілісімен көрсетіледі. Құжаттарды қабылдау кезек тәртібінде, мемлекеттік қызмет алу үшін алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
11. Қызмет көрсету орны телефон байланысымен, компьютерлік техникамен жабдықталған, кіреберісте жеке мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін пандус бар, электрондық Үкімет қызметтеріне және Интернет аймағының қазақстандық сегментіне қол жеткізудің қоғамдық пункті қойылған.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар мен талаптар тізбесі:
1) жер қойнауын пайдалану құқығына кепілдік шартын тіркеу туралы жер қойнауын пайдаланушының өтініші;
2) Құзырлы органның кепілге жер қойнауын пайдалану құқығын беруге рұқсаты;
3) Тікелей жер қойнауын пайдаланушы мен кепіл алушы арасында жасалған жер қойнауын пайдалану құқығына кепілдік шарты.
13. Кепілдік шартын тіркеу үшін жер қойнауын пайдаланушыдан өтініш беріледі. Өтініш мазмұны еркін түрде.
14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар "Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (ары қарай - Басқарма), Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары, 39, 114-кабинет мекенжайы бойынша жауапты тұлғаға тапсырылады.
15. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушының барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын құжат ол құжаттарды қабылдау жөніндегі талон болып табылады, онда мемлекеттік органның атауы, өтінішті қабылдаған қызметкердің лауазымы, тегі мен инициалдары, оның қабылдаған күні мен уақыты көрсетіледі.
16. Кепілдік шартын тіркеу туралы қол қойылған куәлік тұтынушы өзі немесе оның өкілі келген кезде 102-кабинетте беріледі немесе пошта арқылы жіберіледі.
17. Кепілдік шартын тіркеуден бас тартуға құзырлы органның жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге беруге рұқсатының (немесе беруден бас тартуы) болмауы негіздеме бола алады.
18. Осы қызметті тұтынушыға қатысты Басқарманың басшылыққа алатын негізгі жұмыс қағидаттары: сыпайылық; көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат; тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, құпиялылығын қамтамасыз ету болып табылады.
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекеменің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс тобы бекітеді.
21. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты облыс әкімі аппаратының лауазымды тұлғаларынан (103, 108-кабинеттер) алуға болады, электрондық пошта мекенжайы: kancelyaria@krg.gov.kz; жеке тұлғалар үшін телефон (7212) 41-08-30, заңды тұлғалар үшін (7212) 42-10-67.
22. Шағым облыс әкімінің атына Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары, 39, 103, 108-кабинеттер мекенжайына; электрондық пошта: kancelyaria@krg.gov.kz беріледі.
23. Шағымды қабылдауды растайтын құжат өтінішті қабылдау жөніндегі талон болып табылады, онда мемлекеттік органның атауы, өтінішті қабылдаған қызметкердің тегі мен инициалдары, оның қабылдаған күні мен уақыты, телефондар көрсетіледі. Шағым Қазақстан Республикасының "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңымен көзделеген мерзімде қаралады. Шағымның қаралу барысы туралы (7212) 41-08-30, 42-10-67 телефондары бойынша білуге болады.
24. Басқарма басшысының, оның орынбасарының және жоғары тұрған ұйымның байланыс деректері:
1) тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекеме басшысының, оның орынбасарының байланыс деректері:
сайт: http://dpp.kz/;
электрондық пошта мекенжайы: dpp@mail.kz;
жұмыс кестесі: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;
қабылдау: апта сайын сәрсенбі күні сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін;
мемлекеттік мекеме басшысының телефоны: (7212) 42-11-20;
мемлекеттік мекеме басшысы орынбасарының телефоны: (7212) 42-45-05;
2) жоғары тұрған ұйым басшысының байланыс деректері:
сайт: www.karaganda-region.kz;
электрондық пошта мекенжайы: info@karaganda-region.kz;
жұмыс кестесі: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;
қабылдау: қабылдауға жазылу (7212) 41-08-30 телефоны бойынша жүзеге асырылады;
мекенжайы: Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары, 39;
басшының телефоны: (7212) 42-10-90.
25. Осы қызмет түрін көрсетуге қатысты кез-келген қосымша ақпаратты Басқарманың (7212) 42-11-20 телефонынан білуге болады.
"Барлауға, өндіруге және
бірлескен барлауға және
жалпыға таралған пайдалы
қазбаларды өндіруге
кепілдік шартын тіркеу"
мемлекеттік қызмет көрсету
стандартына