Мүгедектер қатарынан кемтар балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсететін бөлімшелер туралы Ережені бекіту туралы

Қарағанды облысының әкімдігінің 2008 жылғы 23 қыркүйектегі N 26/08 қаулысы. Қарағанды облысының әділет Департаментінде 2008 жылғы 06 қарашада N 1857 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 2011 жылғы 6 желтоқсандағы N 44/02 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 06.12.2011 N 44/02 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы " Заңдарына, Қазақстан Республикасының Сауда және индустрия министрлігінің стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Комитеттің 2003 жылғы 21 ақпандағы N 65 бұйрығымен бекітілген "Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету. Кемтар балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету. Қызметтер көлемі" Қазақстан Республикасының ҚР СТ 1173-2003 Мемлекеттік стандартына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген кемтар балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсететін бөлімшелер туралы Ереже бекітілсін.
      2. Облыс қалалары мен аудандарының әкімдері мүгедектер қатарынан кемтар балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсететін бөлімшелер құру жұмысын осы ережеге сәйкес келтірсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.Е. Базарбаевқа жүктелсін.
      4. Ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді және өз әрекетін 2008 жылғы 11 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Облыс әкімі                                Н. Нығматулин

Қарағанды облысы әкімдігінің
2008 жылғы 23 қыркүйектегі
N 26/08 қаулысымен
БЕКІТІЛДІ

Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсететін бөлімшелер туралы
ЕРЕЖЕ

      Осы Ереже Қазақстан Республикасының "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының Сауда және индустрия министрлігінің стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Комитеттің 2003 жылғы 21 тамыздағы N 65 бұйрығымен бекітілген "Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету. Кемтар балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету. Қызметтер көлемі." Қазақстан Республикасының ҚР СТ 1173-2003 Мемлекеттік стандартына сәйкес, кемтар балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсетудің жалпы тәртібін белгілейді.

1. Жалпы ережелер

      1. Үйде әлеуметтік қызмет көрсету (бұдан әрі - қызмет көрсету) психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің (бұдан әрі - ПМПК) қорытындысы бойынша бөгде адамның күтіміне мұқтаж мүгедектер қатарындағы кемтар балаларға ұсынылады.
      2. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларға әлеуметтік көмек көрсету, олардың тәрбиесіне, күтіміне, тұрмыстарын ұйымдастыруға, бос уақытына, оқуына, еңбек және кәсіптік даярлығына байланысты мәселелерді шешу үшін үйде әлеуметтік көмек көрсететін бөлімше құрылады (бұдан әрі - әлеуметтік көмек бөлімшесі), мәртебесі мен құрылымын сәйкес қалалар мен аудандардың атқарушы органдары белгілейді.
      3. Әлеуметтік көмек бөлімшесі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарды, Кемтар балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету Ережелерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
      4. Әлеуметтік көмек бөлімшесінің ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсетуін сәйкес қалалар мен аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жүзеге асырады.

2. Басты міндеттер

      5. Әлеуметтік көмек бөлімшесінің басты міндеті мүгедектер қатарындағы кемтар балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету мемлекеттік стандартында көзделгеннен кем болмайтын түрлерде және көлемде бөгде адамның күтіміне мұқтаж кемтар балаларға қажетті әлеуметтік қызметтер ұсыну болып табылады.

3. Әлеуметтік көмек көрсететін бөлімше ұсынатын әлеуметтік қызметтер

      6. Әлеуметтік көмек бөлімшесі төмендегі әлеуметтік қызметтерді ұсынады:
      1) арнайы әлеуметтік қызметке мұқтаж мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды денсаулық сақтау, білім беру органдарымен бірлесіп анықтап, есепке алу;
      2) баланың қызығушылығы мен қажеттілігін анықтау мақсатында баланың шағын ортасын білу, кемтар балаларды әлеуметтік тексеру;
      3) ПМПК мамандары құрған жеке бағдарламаны есепке алып, жеке қызмет көрсету карталарын жасау, көмектің нақты түрі мен нысанын белгілеу;
      4) баланың ата-анасына баланың дамуына себепші болатын әдістер мен тәсілдерді, науқас баланың жалпы күтімінің тәжірибелік дағдыларын үйрету;
      5) мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға балаға қозғалу мен әлеуметтік дағдыларды үйретуге (киіну, жуыну, асханалық құралдарды пайдалануды білу, ақша жұмсай білу, сауда жасай білу, ас әзірлеу, телефонды пайдалануды білу, көлікке міну және тағы да басқа өзіне-өзі қызмет көрсететін дағдылар, тәртіп, өзін-өзі бақылау, қарым-қатынас жасау) көмек көрсету;
      6) отбасында баланың бейімделуі және оңалту іс-шараларын іске асыру мақсатында ата-аналармен жұмыс;
      7) мүгедек баланың бос уақытын (ойындар, кітап оқу, оны талқылау және тағы басқа) ұйымдастыру;
      8) балаға және ата-анасына психологиялық көмек көрсету;
      9) мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың ата-аналарымен жеке және топтық іс-шаралар (семинарлар, тренингтер және басқа түсіндіру іс-шаралары) ұйымдастыру арқылы ағартушылық-алдын алу жұмысын жүргізу;
      10) қажетті арнайы медициналық көмек пен медициналық қызмет алуға, дәрігерді үйге шақыруға, емханаға апаруға жәрдемдесу;
      11) шұғыл жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсету;
      12) медициналық көрсеткіштер бойынша протездік-ортопедиялық бұйымдармен, техникалық және басқа құралдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
      13) интернат-үйлеріне анықтау, жәрдемақылар тағайындауға, қорғаншылықты, қамқоршылықты тағайындау құжаттарын ресімдеуге жәрдемдесу;
      14) кеңестік көмек, оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік және арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар беру мәселелері жөнінде көмек көрсету;
      15) мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды тәрбиелеп отырған аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсету құжаттарын ресімдеуге жәрдемдесу;
      16) мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға демеушілік көмек көрсетуге оларды тарту мақсатымен қоғамдық ұйымдар мен қайырымдылық қорлармен байланыс жасау және жәрдем көрсету.

4. Әлеуметтік көмек бөлімшесінің жұмыс істеу тәртібі және шарттары

      7. Әлеуметтік көмек бөлімшесі қызмет көрсететін кемінде 80 кемтар бала (бұдан әрі балалар) болған жағдайда құрылады.
      Ірі қалалар мен елді мекендерде қажет болғанда бірнеше бөлімше біріктірілуі мүмкін.
      8. Әлеуметтік қызметке мұқтаж бала саны бөлімше құруға мүмкіндік бермейтін жерлерде бала күтімі жөніндегі әлеуметтік қызметкердің лауазымы жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге қызмет көрсететін үйде әлеуметтік көмек көрсететін бөлімшенің немесе аймақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығының штатына енгізіледі.
      Кемтар балаларға әлеуметтік көмек жеке көмекпен қатар және топпен де болуы мүмкін, яғни күндіз баратын бөлімшелерде көрсетіледі.
      9. Әлеуметтік қызметкерлердің штаттық бірлік саны есеппен белгіленеді, бір әлеуметтік қызметкердің қызмет көрсететін бала саны 6-дан аспайды.
      Кейбір жағдайларда баланың дамуы мен қозғалу белсенділігіндегі ауытқу деңгейі есебімен күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкерге жүктеме 4 немесе 5 мүгедектер қатарындағы кемтар бала болуы мүмкін.
      Егер отбасында қызметке мұқтаж екі немесе одан да көп бала болса, онда әр бала жеке тұлға болып есептеледі.
      10. Әлеуметтік қызметкер балаға кесте бойынша аптасына 2-3 рет барады.
      11. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларға қызмет көрсету ПМПК мамандары жасаған жеке бағдарлама бойынша, сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мүгедектеріне арналған оқытатын құжаттар пакетін пайдаланып және басқа әдістемелік әдебиетпен жүргізіледі. Баланың денсаулық жағдайы мен оның қозғалу белсенділігіне байланысты әлеуметтік қызметкердің жүктемесі мен әлеуметтік көмек бөлімшесі ұсынған қызмет көлемі белгіленеді.
      12. Әлеуметтік көмек бөлімшесі мен баланың ата-анасының арасындағы қатынастар үйде әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі қызметке Келісім шартпен ресімделеді. Келісім шарт екі дана болып жасалады, біреуі баланың ата-анасына беріледі, екіншісі әлеуметтік көмек бөлімшесінде қалады. Келісім шартта міндетті түрде мерзімдікті көздейтін шарттар саны, ұсынылатын әлеуметтік қызмет түрлері және балаға қызмет көрсетуге бекітілген әлеуметтік қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты, Келісім шартты бұзу шарттары, тараптардың жауапкершіліктері, Келісім шарттың әрекет ету мерзімі болады.
      13. Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкерлер өз жұмысын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2003 жылғы 16 мамырдағы N 101-б бұйрығымен бекітілген халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жүйесі қызметінің басшылары, мамандары және басқа қызметкерлері лауазымдарының Біліктілік мінездемелерінде белгіленген лауазымдық міндеттерге сәйкес орындайды.

5. Үйде қызмет көрсетуге қабылдау тәртібі және үйде қызмет көрсетуден шығару

      14. Үйде қызмет көрсетуге ПМПК қорытындысы бойынша тұрақты күтімге мұқтаж мүгедектер қатарындағы кемтар балалар қабылданады.
      15. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды қабылдау үшін төмендегі құжаттар негіздеме болады:
      1) қызмет көрсетуге қабылдау туралы мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың ата-аналарының немесе басқа да заңды өкілдерінің өтініші;
      2) бөгде адам күтімінің қажеттілігі туралы ПМПК қорытындысы;
      3) емдеу-алдын алу мекемесі толтыратын баланың денсаулығы туралы медициналық карта;
      4) (медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне) мүгедектік туралы халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аймақтық бөлімшесінің анықтамасы;
      16. Үйде қызмет көрсетуге қабылдауға қарама-қайшылықтар: жұқпалы, созылмалы жұқпалы, карантин аурулары, бактериятасушылық, өкпе ауруының белсенді түрлері, арнайы денсаулық сақтау ұйымдарында емделуді талап ететін басқа да ауыр сырқаттар.
      17. Қызмет көрсетуден шығару ата-аналардың немесе басқа да заңды өкілдерінің өтініші бойынша немесе баланы интернат-үйіне орналастырғанда және басқа себептермен жүргізіледі.

6. Үйде әлеуметтік көмек көрсететін бөлімшелердің қызметін ұйымдастыру

      18. Үйде әлеуметтік көмек көрсететін бөлімшелер (бұдан әрі - бөлімшелер) қолданыстағы заңнамаға сәйкес құрылтайшы құрған дербес заңды тұлға ретінде де және жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері ретінде де болуы мүмкін.
      19. Бөлімшені халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту, еңбек (басқарма) бөлімінің, аудандық (қалалық) бөлімнің бұйрығымен тағайындалатын меңгеруші басқарады.
      20. Бөлімше меңгерушісі:
      1) басқарады, тәжірибелік көмек көрсетеді және әлеуметтік қызметкердің қызметіне бақылау жасайды;
      2) атқарушы және уәкілетті органдарда және басқа құрылымдарда қызмет көрсететін азаматтардың мүдделер мен құқығын қорғауда жәрдемдесуді ұйымдастырады.
      3) мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды әлеуметтік қолдау жұмысының жағдайын жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарының қарауына шығарады.

Об утверждении Положения об отделении социальной помощи на дому детям с ограниченными возможностями из числа инвалидов

Постановление акимата Карагандинской области от 23 сентября 2008 года N 26/08. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 06 ноября 2008 года N 1857. Утратило силу - постановлением акимата Карагандинской области от 6 декабря 2011 года N 44/02

      Сноска. Утратило силу - постановлением акимата Карагандинской области от 06.12.2011 N 44/02.

      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении в Республике Казахстан", от 11 июля 2002 года " О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями ", Государственным стандартом Республики Казахстан СТ РК 1173-2003 "Социальное обслуживание населения. Социальное обслуживание на дому детей с ограниченными возможностями. Объем услуг", утвержденным Приказом Комитета по стандартизации, метрологии и сертификации Министерства индустрии и торговли Республики Казахстан от 21 февраля 2003 года N 65, акимат Карагандинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемое Положение об отделении социальной помощи на дому детям с ограниченными возможностями.
      2. Акимам городов и районов области привести работу отделений социальной помощи на дому для детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов в соответствии с данным Положением.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области Базарбаева А.Е.
      4. Вводится в действие со дня его официального опубликования и распространяет свое действие на отношения, возникшие с 11 апреля 2008 года.

      Аким области                               Н. Нигматулин

Утверждено
постановлением акимата
Карагандинской области
23 сентября 2008 года N 26/08

ПОЛОЖЕНИЕ
об отделении социальной помощи на дому детям
с ограниченными возможностями из числа инвалидов

      Настоящее Положение определяет общий порядок социального обслуживания на дому детей с ограниченными возможностями в соответствии с Законом Республики Казахстан "О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями", государственным стандартом СТ РК 1173-2003 "Социальное обслуживание населения. Социальное обслуживание на дому детей с ограниченными возможностями. Объем услуг", утвержденным Приказом Комитета по стандартизации, метрологии и сертификации Министерства индустрии и торговли РК от 21.08.2003 года N 65.

1. Общие положения

      1. Социальное обслуживание на дому (далее - обслуживание) предоставляется детям с ограниченными возможностями из числа инвалидов, нуждающихся в постороннем уходе по заключению психолого-медико-педагогической консультации (далее - ПМПК).
      2. Для обслуживания детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов создаются отделения социальной помощи на дому (далее - отделение социальной помощи), статус и структура которых определяется исполнительными органами.
      3. В своей деятельности отделение социальной помощи руководствуется Конституцией Республики Казахстан, Законами,   Правилами социального обслуживания на дому детей с ограниченными возможностями, а также настоящим Положением.
      4. Оказание организационно-методической помощи отделению социальной помощи осуществляет отдел занятости и социальных программ соответствующих городов и районов.

2. Основные задачи

      5. Основной задачей отделения социальной помощи является предоставление детям с ограниченными возможностями, нуждающимся в постороннем уходе необходимых социальных услуг, в объемах и видах, не менее предусмотренных государственными стандартами социального обслуживания на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов.

3. Социальные услуги, предоставляемые отделением социальной помощи

      6. Отделение социальной помощи предоставляет следующие социальные услуги:
      1) выявление и учет, совместно с органами здравоохранения, образования, детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов, нуждающихся в предоставлении специальных социальных услуг;
      2) социальное обследование детей с ограниченными возможностями, изучение микросреды ребенка с целью установления интересов и потребностей;
      3) определение конкретного вида и формы помощи, составление карты индивидуального обслуживания с учетом индивидуальной программы, разрабатываемой специалистами ПМПК;
      4) обучение родителей ребенка практическим навыкам общего ухода за больным ребенком, методам и приемам, способствующим развитию ребенка;
      5) оказание помощи семьям, воспитывающим детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов в обучении ребенка двигательным и социальным навыкам (одевание, умывание, умение пользоваться столовыми приборами, обращаться с деньгами, делать покупки и готовить пищу, пользоваться телефоном, транспортом и другим навыкам самообслуживания, поведения, самоконтроля и общения);
      6) работа с родителями в целях реализации реабилитационных мероприятий и адаптации ребенка в семье;
      7) организация досуга ребенка - инвалида (игры, чтение книг, их обсуждение и другие);
      8) оказание психологической помощи ребенку и родителям;
      9) просветительско-профилактическая работа с родителями детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов посредством организации индивидуальных и групповых мероприятий (семинары, тренинги и другие разъяснительные мероприятия);
      10) содействие в получении необходимой специальной медицинской помощи и медицинского обслуживания, в частности вызов врача на дом, сопровождение в поликлинику;
      11) оказание первой медицинской помощи в экстренных случаях;
      12) содействие в обеспечении по медицинским показаниям протезно-ортопедическими изделиями, техническими и иными средствами;
      13) содействие в оформлении документов для установления опеки, попечительства, назначения пособий, определения в дома-интернаты и других видов помощи;
      14) оказание консультативной помощи, в том числе по вопросам предоставления государственных социальных и специальных государственных пособий;
      15) содействие малообеспеченным семьям, воспитывающим детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов, в оформлении документов на оказание адресной социальной помощи;
      16) установление и поддержание связи с общественными организациями, благотворительными фондами с целью привлечения их к оказанию спонсорской помощи семьям, воспитывающим детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов.

4. Условия и порядок функционирования отделения социальной помощи

      7. Отделение социальной помощи создается при наличии на обслуживании не менее 80 детей с ограниченными возможностями (далее детей).
      При необходимости в крупных городах и населенных пунктах несколько отделений могут объединяться в одно.
      8. Там, где наличие детей, нуждающихся в социальном обслуживании, не позволяет создать отделение, должность социального работника по уходу за детьми вводится в штат отделения социальной помощи на дому, обслуживающего одиноких престарелых и инвалидов, либо территориального центра социального обслуживания.
      Социальная помощь детям с ограниченными возможностями наряду с индивидуальной может быть и групповой, то есть в отделении дневного пребывания.
      9. Число штатных единиц социальных работников устанавливается из расчета, что один социальный работник обслуживает не более 6 детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов.
      В отдельных случаях, с учетом степени отклонений в развитии ребенка и двигательной активности, нагрузка на социального работника по уходу может быть 4 или 5 детей.
      Если в семье двое или более детей, нуждающихся в обслуживании, каждый ребенок учитывается, как отдельное лицо.
      10. Посещение ребенка социальным работником осуществляется не реже 2-3 раз в неделю по графику.
      11. Обслуживание детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов проводится в соответствии с индивидуальной программой, рекомендованной ПМПК, а также с использованием обучающего пакета документов для инвалидов Всемирной Организации Здравоохранения и другой методической литературой.
      В зависимости от состояния здоровья ребенка и его двигательной активности определяется объем услуг, предоставляемых отделением социальной помощи и нагрузка на социального работника.
      12. Отношения между отделением социальной помощи и родителями ребенка или иными законными представителями оформляются Договором на оказание услуг по социальному обслуживанию на дому. Договор составляется в двух экземплярах, один из которых выдается родителям ребенка, второй остается в отделении социальной помощи.
      В Договоре обязательно должны быть указаны виды предоставляемых услуг, их периодичность, ответственность сторон, срок действия и условия расторжения.
      13. Социальные работники по уходу выполняют свою работу в соответствии с должностными обязанностями, определяемыми Квалификационными характеристиками должностей руководителей, специалистов и других служащих служб системы социальной защиты и занятости населения, утвержденными Приказом Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан N 101-п от 16.05.2003 г.

5. Порядок приема на надомное обслуживание
и снятия с надомного обслуживания

      14. На надомное обслуживание принимаются дети с ограниченными возможностями из числа инвалидов, нуждающихся по заключению ПМПК в постоянном уходе.
      15. Основанием для приема детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов являются следующие документы:
      1) заявление родителей или иных законных представителей детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов о приеме на обслуживание;
      2) заключение ПМПК о необходимости постороннего ухода;
      3) медицинская карта о состоянии здоровья ребенка, заполняемая лечебно-профилактическим учреждением;
      4) справка территориального подразделения центрального исполнительного органа в области социальной защиты населения об инвалидности (отдела медико-социальной экспертизы).
      16. Противопоказаниями к принятию на надомное обслуживание являются: инфекционные, венерические, карантинные заболевания, бактерионосительство, активные формы туберкулеза, иные тяжелые заболевания, требующие лечения в специализированных организациях здравоохранения.
      17. Снятие с обслуживания производится по личному заявлению родителей или иных законных представителей, или в случае определения ребенка в дом-интернат и по другим причинам.

6. Организация деятельности отделения социальной помощи на дому

      18. Отделения социальной помощи могут быть как самостоятельными юридическими лицами, создаваемыми учредителем в соответствии с действующим законодательством, так и структурными подразделениями местных исполнительных органов.
      19. Отделение возглавляет заведующий, который назначается приказом районного (городского) отдела занятости и социальных программ.
      20. Заведующий отделением:
      1) осуществляет руководство, практическую помощь и контроль за деятельностью социальных работников;
      2) организует оказание содействие в защите прав и интересов обслуживаемых граждан в представительных и исполнительных органах и других структурах;
      3) выносит на рассмотрение органов занятости и социальных программ состояние работы по социальной поддержке детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов.