Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімінің 31.01.2014 № 4-13/140 хатымен).
"Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңның орындау мақсатында, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңның және "Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы N 371 қаулысын басшылыққа ала отырып, қала әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Балқаш қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі: (Б.Ә. Бекмағамбетов келісім бойынша) 2009 жылғы қаңтар-наурыз аралығында, тіркеу жылында жастары 17-ге келетін Қазақстан Республикасы азаматтары мен бұрын шақыру учаскесіне тіркеуден өтпеген үлкен жастағы тұлғаларды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастырып, өткізсін.
2. Балқаш қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі (Б.Ә. Бекмағамбетов келісім бойынша) шақыру учаскесіне 1992 жылы туған азаматтарды әскери есепке алу, саны мен әскери қызметке жарамдылық дәрежесін, жалпы білім деңгейлерін, алған мамандықтары мен дене даярлығын анықтау және әскери оқу орындарына түсуге үміткерлерді айқындау мақсатында тіркеу өткізсін.
3. Қоңырат, Гүлшат, Саяқ кенттерінің әкімдері, ұйымдардың, оқу орындарының, үйлердің пайдалануын жүзеге асырушы тұтынушы пәтер иелері кооперативтерінің басшылары, Балқаш қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөліміне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы N 371 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбi туралы ережесінің N 1 қосымшасы бойынша 1992 жылы туған азаматтардың тізімін шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу үшін тапсыру ұсынылсын.
4. Білім беру ұйымдары мен басқа да ұйымдардың басшыларына әскерге шақырылатын жасөспірімдер медициналық комиссияға шақыру қағазын алған кезде медициналық куәландыруды өту және құжаттарды жинау үшін жұмыстан, оқудан босату ұсынылсын.
5. Балқаш қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі (Б.Ә. Бекмағамбетов келісім бойынша) 2009 жылғы 15 сәуірге дейін қала әкіміне 1992 жылы туған азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу нәтижелері жөнінде ақпарат берсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Людмила Мырзахметқызы Түкбаеваға жүктелсін.
7. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Балқаш қаласының әкімі Қ. ТЕЙЛЯНОВ
КЕЛІСІЛДІ
Балқаш қалалық қорғаныс істері
жөніндегі біріктірілген бөлімнің бастығы
29 желтоқсан 2008 жыл
____________________ Б. Бекмағамбетов