Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы мәслихатының 2010.12.13 № 29/355 шемімімен.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Заңының 27 бабының 1-1 тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Салық салу мақсатында Жаңаөзен қаласы аумағын аймақтарға бөлу схемасы және жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері 1, 2 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
2.«Салық салу мақсатында "Жаңаөзен қаласы аумағын аймақтарға бөлу схемасы және жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері туралы" облыстық мәслихаттың 2007 жылғы 11 желтоқсандағы N 3/32 шешімі жойылсын.
3. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы К. Үйсінбаев
Облыстық мәслихат хатшысы Б. Шелпеков
"КЕЛІСІЛДІ"
Облыстық жер қатынастары
басқармасының бастығы
Қ. Сейілханұлы
"___"» ________ 2008 ж.
"КЕЛІСІЛДІ"
Маңғыстау облысы бойынша
Салық комитетінің төрағасы
А. Теңгебаев
"___"» ________ 2008 ж
Облыстық мәслихаттың 2008 жылғы
12 ақпандағы N 4/63 шешіміне
1-қосымша
Салықтың базалық ставкаларына түзету коэффициенттері
және Жаңаөзен қаласы жерлері аймақтарының сипаттамасы
Аймақ-тар № |
Аймаққа кіретін шағынаудандар және басқа да әкімшілік құрылымдар |
Орта коэф. |
І |
қаланың "Шаңырақ", "Шұғыла", "Самал", "Көктем", "өркен" және "Мұнайлы" шағынаудандары |
1,50 |
ІІ |
қаланың "Арай", "Арай-2", "Рахат, Рахат-2", "Астана" шағынаудандарының тұрғын үй секторы мен Теңге поселкесі |
1,25 |
ІІІ |
"Рахат-3" шағынауданының тұрғын үй секторы, қызылсай селосы |
1,0 |
ІV |
Өнеркәсіптік аймақ |
1,0 |
V |
Ауыл шаруашылық мақсаттағы және басқа да тәртіпте пайдаланылатын жерлер |
0,50 |
Аймақтардың сипаттамасы
1. Аймақ І
Селитебті, негізгі әкімшілік ғимараттар, жалпы білім беретін мектептер, балалар бақшасы, спорт мектебі, мәдениет үйі, байланыс үйі, кітапхана, емхана, аурухана кешені, мешіт, базар, қонақ үйлер, дүкендер, кафе, мейрамханалар орналасқан қаланың көп қабатты тұрғын үйлерін қамтитын "Шаңырақ", "Шұғыла", "Самал", "Көктем", "Өркен", "Мұнайлы" шағынаудандары кіреді. 1- аймақта су, газ, электр жүйелері, канализация орталықтандырылған.
2. Аймақ ІІ
Селитебті, қалаға жақын орналасқан жеке тұрғын үйлер секторын қамтитын қаланың "Арай", Арай-2", "Рахат", "Рахат-2", "Астана" шағынаудандары және Теңге поселкесі кіреді. Екінші аймақтағы шағынаудандарда жалпы білім беретін мектептер мен дүкендер орналасады. Теңге поселкесінде әкімшілік құрылымдар ғимараттары, жалпы білім беретін мектептер, мәдениет үйі, пошта, дүкендер орналасады. Бұл аймақта кей жерлерде орталықтандырылған су жүйесі, канализация бар. Тұрғын үй секторы газ және электр жүйесімен қамтамасыз етілген.
3. Аймақ ІІІ
Селитебті, жеке тұрғын үй құрылысына арналған аймақ, оның ішінде жер учаскелері жаңадан беріліп жатқан " Рахат-3" шағынауданы және қызылсай селосы кіреді.
4. Аймақ ІV
Өнеркәсіптік аймақ
5. Аймақ V
Ауыл шаруашылық мақсаттағы және басқа да тәртіпте пайдаланылатын жерлер.