Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 30.03.2016 № 533 қаулысымен (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді)
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" жэне 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ақтау қаласының жұмыс берушілеріне жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (К.М. Айтбатырова) квотаға сәйкес жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру үшін мүгедектерге жолдаманы қамтамасыз етсін.
"Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" Ақтау қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 12 мамырдағы № 431 қаулысының (№ 11-1-28 тіркелген, 2006 жылғы 20 маусымдағы № 99 (6904) "Маңғыстау" газетінде жарияланған) күші жойылды деп есептелсін.
Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т.К.Хитуовке жүктелсін.
Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | С. Бекбергенов |
"КЕЛІСІЛДІ":
"Қалалық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
ММ-нің бастығы
К.М.Айбатырова
"29" 12.2008 ж.