Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2011.06.10 № 253 қаулысымен.
"Әкімшілік рәсімдер туралы"»Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына және "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 558 және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" 2007 жылғы 30 маусымдағы N 561 қаулыларына орай Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Отын сатып алу бойынша ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Ш. Бектұрғановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің
міндетін атқарушы
Әкімдік мүшелері:
КЕЛІСІЛДІ
Әкімдіктің
2008 жылғы 7 ақпандағы
N 129 қаулысымен бекітілген
"Отын сатып алу бойынша ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік көмек тағайындау"
мемлекеттік қызмет көрсету Стандарты
1. Ауылдық жерлерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына аудандардың (Облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті өкілетті органдардың (мәслихаттардың) шешімдері бойынша берілетін ақшалай төлемақы түрінде берілетін әлеуметтік көмек.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: жартылай автоматтандырылалған.
3. Мемлекеттік қызмет "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 5-тармағы және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті өкілетті органдардың ауылдық жерлерде тұратын мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы шешімдері (бұдан әрі - аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың мәслихаттарының шешімдері) негізінде көрсетіледі)
4. Мемлекеттік қызмет аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдіктері, аудандық маңызы бар қалалардың әкімдері арқылы көрсетіледі.
Аудандардың (облыстық маңызы қалалардың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі - бөлімдер) әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі жұмыс органдары болып табылады. Бөлімдердің толық атауы, олардың мекенжайлары мен веб-сайттары осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
5. Өтініш беруші алатын мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталу нысаны әлеуметтік көмекті тағайындау туралы хабардар ету болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке тұлғалардың (өтініш берушілердің) санаты аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдіктерінің қаулыларына сәйкес анықталады.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде уақытты шектеу мерзімі:
1) мемлекеттік қызмет өтініш берушіге талонды берген сәттен бастап он бес күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде көрсетіледі. Басқа объектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпаратты алу қажет болған, немесе тексеріс орынға барып жүргізілген жағдайда қызмет жағдайда қызмет өтініш берушіге талонды берген сәттен бастап отыз күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде көрсетіледі;
2) қажет құжаттарды тапсырғанда кезекте тұрған рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты: 40 минуттан аспау;
3) қажет құжаттарды алғанда кезекте тұрған рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты: 40 минуттан аспау.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету тегін.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Бөлімдердің веб-сайттарында, және Бөлімдердің үй-жайларындағы стендтерде орналастырылады. Бөлімдердің мекенжайлары мен веб-сайттары осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету күн сайын (сенбі мен жексенбіден басқа) жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін ұсынылады. Қабылдау кезек тәртібінде, алдын-ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
11. Мемлекеттік қызмет өтініш берушінің тұрғылықты жеріндегі Бөлімдердің ғимараттарында көрсетіледі. Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін, күту мен қажетті құжаттарды даярлау үшін қолайлы жағдайлар көзделген. Ақпараттық стендтер, қажетті құжаттарды толтыру үлгілері бар.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті құжаттар тізімі, аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдерінің қаулыларына сәйкес анықталады.
13. Мемлекеттік қызмет еркін түрдегі жазбаша өтініш бойынша өтініш берушіге беріледі.
14. Өтініш берушілер қажетті құжаттармен тұрғылықты жеріндегі Бөлімге өтініш білдіреді. Бөлімдердің мекенжайлары және веб-сайттары осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
15. Құжаттарды қабылдаған тұлғаның тегі, аты-жөні, тіркеу күні мен уақыты көрсетілген талон, өтініш беруші барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын дәлелдейді.
16. Қызмет көрсету нәтижесін жеткізу өтініш беруші тұрғылықты жеріндегі Бөлімге бару арқылы немесе пошталық хабарлама арқылы жүзеге асырылады. Бөлімдердің мекенжайлары осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
17. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бас тарту және (немесе) тоқтату аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдіктерінің қаулыларына сәйкес анықталады.
18. Бөлім қызметі:
1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
2) қызметтік борышты сақтау кезінде заңдылықты сақтау;
3) сыпайылық;
4) түбегейлі және толық ақпарат беру;
5) ақпаратты қорғау және құпиялылық;
6) белгіленген уақытта өтініш беруші алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.
19. Өтініш берушілерге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
21. Бөлімдердің және олардың лауазымды тұлғаларының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру, сондай-ақ шағымды дайындауға көмекті жоғары тұрған мемлекеттік органдарда - аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдіктерінде алуға болады. Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдіктерінің электрондық поштасының мекенжайлары осы Стандарттың 3-қосымшасында көрсетілген.
22. Шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда пошта бойынша немесе электронды түрде аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдіктеріне беріледі. Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдіктерінің электрондық поштасының мекенжайлары осы Стандарттың 3-қосымшасында көрсетілген.
23. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен берiлген өтiнiштер мiндеттi түрде қабылдануға, тiркелуге, есепке алынуға және қаралуға тиiс.
Шағымды қабылдау, өтініш берушіге шағымды қабылдап алған адамның тегі, аты-жөні, күні мен уақыты көрсетілген, сондай-ақ оның қарау барысы туралы білуге болатын телефоны көрсетілген талон беріледі.
24. Бөлімдердің және олардың жоғары тұрған органдарының байланыс деректері:
1) веб-сайт, электрондық поштаның мекенжайы, заңды мекенжайы, телефоны, Бөлім бастықтарының және олардың орынбасарларының азаматтарды қабылдау кестелері осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген;
2) веб-сайт, электрондық поштаның мекенжайы, орналасқан жері, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдіктерінің телефондары осы Стандарттың 3-қосымшасында көрсетілген. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдерінің және олардың орынбасарларының қабылдау мен жұмыс кестесі туралы ақпарат мемлекеттік және орыс тілдерінде осы Стандарттың 3-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша ғимараттардың үй-жайларындағы ақпараттық стендтерде орналасқан.
25. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қосымша ақпаратты өтініш беруші «"Қостанай облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі - Департамент) алады.
Департаменттің мекенжайы: 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Қасымқанов көшесі, 34, электрондық поштаның мекенжайы social@kostanay.kz, oblsots@mail. ru., Қостанай облысы әкімінің веб-сайты www.kostanay.kz электрондық қызметтер - www.e.kostanay.kz, байланыс телефоны: 8 (7142) 500616.
"Отын сатып алу бойынша ауылдық жерде
тұратын әлеуметтік сала мамандарына
әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік
қызмет көрсету Стандартына 1-қосымша
Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың)
жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
Бөлімдерінің байланыс деректері
Бөлімдердің |
Заңды мекенжайы, |
Веб-Сайт |
Электрон |
|
1 |
"Алтынсарин ауданы әкімдігінің |
110101, Алтынсарин ауданы, Обаған селосы, |
http:// |
sobes_ |
2 |
"Амангелді ауданы |
110200, Амангелді ауданы |
http:// |
Sobes_ |
3 |
"Әулиекөл ауданы |
110400, Әулиекөл ауданы, |
http:// |
aulsots |
4 |
"Жангелдин ауданы |
110660, Жангелдин ауданы, |
http:// |
djansots |
5 |
"Денисов ауданы |
110500, Қостанай облысы, Денисов селосы, Калинин көшесі, 6, телефон нөмірі 8-(71434)-9-13-44, |
http:// |
densots |
6 |
"Жітіқара ауданы |
100701, Жітіқара ауданы, Жітіқара қаласы, Асанбаев |
http:// |
jitsots |
7 |
"Қамысты аудандық |
110800, Қамысты ауданы, Қамысты кенті, Ленин көшесі, 22, телефон нөмірі 8-(71437)-21-8-49, |
http:// |
kamsots |
8 |
"Қарабалық |
110900, Қарабалық ауданы, |
http:// |
karasots |
9 |
"Қарасу ауданы |
111000, Қарасу ауданы, |
http:// |
karusots |
10 |
"Қостанай ауданы |
111100, Қостанай ауданы, Затобол кенті, Казахская көшесі, 5, телефон нөмірі 8-(71455)-2-12-95, |
http:// |
Sobes_ |
11 |
"Мендіқара ауданы |
111300, Мендіқара ауданы, Боровской селосы, Летунов көшесі, 7, телефон нөмірі 8-(71443)-2-23-02 бастықтың азаматтарды |
http:// |
Sobes_ |
12 |
"Науырзым ауданы |
111400, Науырзым ауданы, |
http:// |
sobes_ |
13 |
"Сарыкөл ауданы |
111600, Сарыкөл ауданы, Сарыкөл кенті, Ленин көшесі 104, телефон нөмірі 8-(71451)-21-9-48 бастықтың азаматтарды |
http:// |
sarsots@ |
14 |
"Таран ауданы |
111700, Таран ауданы, Таран селосы, Калинин көшесі, 72, телефон нөмірі 8-(71436)-3-67-08 бастықтың азаматтарды |
http:// |
zagita |
15 |
"Ұзынкөл ауданы |
111800, Ұзынкөл ауданы, |
http:// |
sobes_ |
16 |
"Федоров аудандық жұмыспен |
111900, Федоров ауданы, Федоров селосы, Красноармейский көшесі, 53, телефон нөмірі 8-(71442)-21-9-96, бастықтың азаматтарды |
http:// |
fedsots |
17 |
"Арқалық |
110300, Арқалық қаласы, Абай даңғылы, 62,телефон нөмірі 8-(71430)-7-09-12, бастықтың азаматтарды |
http:// |
sobes_ |
18 |
"Қостанай |
110000, Қостанай қаласы, |
http:// |
gorsob |
19 |
"Лисаков |
111200, Лисаков қаласы, 4 ағын аудан, 37А»үй, телефон нөмірі 8-(71433) -3-21-71, бастықтың |
http:// |
lissoc |
20 |
"Рудный |
111500, Рудный қаласы, Пионерский көшесі, 21, телефон нөмірі |
http:// |
rudsots |
"Отын сатып алу бойынша ауылдық жерде
тұратын әлеуметтік сала мамандарына
әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік
қызмет көрсету Стандартына 2-қосымша
Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштердің маңызы
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері |
Көрсет |
Келесі |
Есептік |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Уақытылылық |
|||
1.1. Құжат тапсырылған уақыттан бастап белгіленген мерзімде |
90 |
95 |
90 |
1.2. Кезекте 40 минуттан аспай қызмет көрсетілуін күткен тұтынушылардың %(үлесі) |
80 |
85 |
81 |
2. Сапа |
|||
2.1. Тұтынушылар |
89 |
90 |
89 |
2.2. Лауазымды тұлғамен құжаттарды дұрыс толтыру(жасалған |
85 |
90 |
85 |
3. Қол жетімділік |
|||
3.1. Қызмет көрсету сапасы мен тәртібі туралы ақпаратпен |
80 |
85 |
80 |
3.2. Тұтынушының |
80 |
85 |
79 |
3.3. Интернет арқылы |
40 |
45 |
30 |
4. Шағым беру үдерісі |
|||
4.1. Осы қызмет түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына дәлелді шағымдар % (үлесі) |
0,5 |
0,2 |
0,1 |
4.2.Белгіленген мерзімде қаралып, |
89 |
95 |
89 |
4.3. Тұтынушылардың |
90 |
95 |
85 |
4.4. Тұтынушылар шағым беру мерзіміне |
88 |
90 |
89 |
5. Сыпайылық |
|||
5.1. Тұтынушылардың |
89 |
90 |
88 |
"Отын сатып алу бойынша ауылдық жерде
тұратын әлеуметтік сала мамандарына
әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік
қызмет көрсету Стандартына 3-қосымша
Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың)
әкімдіктерінің байланыс деректері
Аудан |
Орналасқан жері |
Веб-Сайт |
Электрон |
|
1 |
Алтынсарин |
110101, Алтынсарин ауданы, Обаған селосы, Ленин көшесі, 4, телефон нөмірі 8-(71445)-34-1-78 |
http:// |
altynsar |
2 |
Амангелді |
110200, Амангелді ауданы, |
http:// |
amangeldy |
3 |
Әулиекөл |
110400, Әулиекөл ауданы, |
http:// |
auliekol |
4 |
Жангелдин |
110660, Жангелдин ауданы, |
http:// |
jangeldy |
5 |
Денисов |
110500, Қостанай облысы, Денисов селосы, Калинин көшесі, 5, телефон нөмірі 8-(71434)-9-15-01 |
http:// |
denisovka |
6 |
Жітіқара |
100701, Жітіқара ауданы, Жітіқара қаласы, 6 шағын аудан, 65 үй, телефон нөмірі 8 (71435)-2-00-02 |
http:// |
zhitikara |
7 |
Қамысты |
110800, Қамысты ауданы, |
http: |
kamysty |
8 |
Қарабалық |
110900, Қарабалық ауданы,Қарабалық к. Космонавтов к., 31, телефон нөмірі |
http: |
karabalyk |
9 |
Қарасу |
111000, Қарасу ауданы, Қарасу с., Исаков көшесі, |
http:// |
karasu |
10 |
Қостанай |
111100, Қостанай ауданы, Затобол кенті, Калинин көшесі, 65, телефон нөмірі 8-(71455)-2-12-05 |
http: |
kost_ |
11 |
Мендіқара |
111300, Мендіқара ауданы, |
http:// |
mendikara |
12 |
Науырзым |
111400, Науырзым ауданы, |
http:// |
naurzum |
13 |
Сарыкөл |
111600, Сарыкөл ауданы, Сарыкөл кенті, Ленин көшесі, 72, телефон нөмірі 8-(71451)-21-7-90 |
http:// |
sarykol |
14 |
Таран |
111700, Таран ауданы, Таран селосы, Калинин көшесі, 60, телефон нөмірі 8-(71436)-3-71-45 |
http:// |
taranovka |
15 |
Ұзынкөл |
111800, Ұзынкөл ауданы, |
http:// |
uzunkol |
16 |
Федоров |
111900, Федоров ауданы, Федоров селосы, Калинин көшесі, 53, телефон нөмірі 8-(71442)-2-13-04 |
http:// |
fedorovka |
17 |
Арқалық |
110300, Арқалық қаласы, Абай даңғылы, 29, телефон |
http: |
arkalyk |
18 |
Қостанай |
110000, Қостанай қаласы, Пушкин көшесі, 98, |
http: |
gorakimat |
19 |
Лисаков |
111200, Лисаков қаласы, Мира көшесі, 32, телефон нөмірі 8-(71433)-3-45-76 |
http: |
lisakovsk |
20 |
Рудный |
111500, Рудный қаласы, Ленин көшесі, 93, телефон нөмірі 8-(71431)-4-53-31 |
http: |
rudny |