Ескерту. Қолданылу мерзiмiнің аяқталуына байланысты күші жойылды – Қостанай облысы әкімдігінің 2010.11.10 № 08-08/3045 хатымен.
"Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы"Қазақстан Республикасының Заңына , Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі N 563 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес облыстық шақыру комиссия құрамы бекітілсін.
2. Қалалардың және аудандардың әкімдіктері:
1) қалалық және аудандық шақыру және медициналық комиссиялардың жұмыстарын ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін, қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерге (басқармаларға) керек мөлшерде дәрігер-мамандар мен техникалық қызметкерлерді бөлсін;
2) шақыру және медициналық комиссиясын өтуі yшін және оларды әскери қызметті өтеу yшін жіберілуіне алыс жерлерде тұратын азаматтардың жеткізілуін қамтамасыз етсін;
3) әскери қызметті өтеу yшін жіберілгендерді салтанатты шығарып салу жөнінде іс-шараларды ұйымдастырсын;
4) шақыру пункттерін дәрі-дәрмектермен, аспаптармен, медициналық және шаруашылық мүліктерімен, көлік құралдарымен, сонымен қатар байланыс құралдарымен қамтамасыз етсін;
5) хабарлау, шақыруды жүргізу, медициналық куәландыруды және шақырушыларды аудандық және қалалық шақыру пункттеріне, облыстық жиналу пунктіне, медициналық комиссияға жеткізу және әскерге жіберу бойынша шараларды орындауға байланысты шығындар облыстық, аудандық және қалалық бюджет есебінен қарастырылған қаржы шегінде жүргізілсін;
6) облыстық жиналу пунктіне және шақыру учаскелеріне жұмыс істеу үшін жіберілген шақыру комиссиясы мүшелерінің, медициналық және техникалық жұмыскерлердің және қызмет ететін тұлғалардың, яғни осы азаматтарды жіберіп отырған мекемелерінде атқаратын лауазымы, жалақысы, жұмыс орнының сақталатынын еске салсын;
7) қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерге (басқармаларға) шақыру пунктінде жабдықталған бөлмелерді бөлу жөнінде шаралар қолдансын.
8) Шақыру және әскерге жөнелтуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шараларды 2007 жылғы бюджетте қарастырылған қаржы шегінде уақытында жүзеге асырсын.
3. "Қостанай облысының денсаулық сақтау департаменті" мемлекеттік мекемесі облыстық, қалалық және аудандық медициналық комиссияны жетіспейтін дәрігер-мамандармен, медициналық аспаптармен және мүліктермен, сонымен қатар флюоропленкалармен және химиялық реактивтермен толықтыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырсын, облыстық медициналық комиссия құрамында жұмыс істеу үшін дәрігер мамандарды бөлсін;
4. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының Қостанай тасымалдау бөлімшесіне "Қостанай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) өтінімі бойынша жас шақырушылар командаларын қызмет орнына жөнелту үшін жолаушылар поездынан қажетті орын санын бөлу ұсынылсын.
5. "Қостанай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті" мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңына сәйкес облыстық жиналу пунктінде азық-түлік және ыстық тамақ сатуды ұйымдастырсын;
6. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қостанай облысының ішкі істер департаменті" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) шақыруды өткізу және командаларды жөнелту кезеңінде ұсынылсын:
1) әскери міндетті орындаудан бас тартқан тұлғаларды ұстау және іздестіруді өзінің қызмет бабы шегінде іске асырсын;
2) облыстық жиналу пунктінде, қалалық және аудандық шақыру пункттерінде шақырушылар арасында қоғамдық тәртіпті қолдау үшін тәуліктік полиция нарядын бөлсін;
3) шақырушыларды жөнелту кезінде облыстық жиналу пунктінде және темір жол вокзалында қоғамдық тәртіпті қолдау қамтамасыз етілсін.
7. Орындалған жұмыс туралы ақпарат облыс әкімдігі аппаратына 2008 жылғы 10 шілдеге және 2009 жылғы 10 қаңтарға дейін берілсін.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Ш. Бектұрғановқа жүктелсін.
9. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі
Әкімдік мүшелері:
КЕЛІСІЛДІ
Әкімдіктің
2008 жылғы 7 сәуірдегі
N 200 қаулысына қосымша
Облыстық шақыру комиссиясының құрамы
Негізгі құрамы:
Жұмабаев Дүйсембай - «"Қостанай облысының қорғаныс
Қималиденұлы істері жөніндегі департаменті"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы, төраға (келісім
бойынша)
Бисимбаев Жанабай Жолтайұлы - «"Қостанай облысы әкімінің
аппараты"»мемлекеттік мекемесі
әлеуметтік-саяси бөлімінің
меңгерушісі, орынбасар
Комиссия мүшелері:
Мақаев Қаумен Шалабанұлы - «"Қазақстан Республикасы Ішкі
істер министрлігінің Қостанай
облысының ішкі істер
департаменті"»мемлекеттік
мекемесі бастығының орынбасары
(келісім бойынша)
Дүйсенов Сәлім Айтбайұлы - «"Қостанай облысының қорғаныс
істері жөніндегі департаменті"
мемлекеттік мекемесі бастығының
көмекшісі, медициналық
комиссияның төрағасы (келісім
бойынша)
Брызгалова Надежда Михайловна - «"Қостанай облысының қорғаныс
істері жөніндегі департаменті"
мемлекеттік мекемесі шақыру
бөлімі бастығының аға көмекшісі,
комиссия хатшысы (келісім
бойынша)
Резервтік құрамы:
Травин Игорь Геннадьевич - "Қостанай облысының қорғаныс
істері жөніндегі департаменті"
мемлекеттік мекемесі бастығының
орынбасары, пункт (жиналу)
бастығы, төраға (келісім
бойынша)
Суднев Алексей Леонидович - "Қостанай облысының жұмылдыру
дайындығы, азаматтық қорғаныс,
авариялар мен дүлей апаттардың
алдын алуды және жоюды
ұйымдастыру басқармасы"
мемлекеттік мекемесі жұмылдыру
даярлығы бөлімінің бастығы,
орынбасары
Комиссия мүшелері:
Қамзин Ермұрат Базыкенұлы - "Қазақстан Республикасы Ішкі
істер министрлігінің Қостанай
облысының ішкі істер департаменті"
мемлекеттік мекемесі бастығының
орынбасары (келісім бойынша)
Бауэр Эммануил Иванович - «"Қостанай облыстық ауруханасы"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық
кәсіпорнының дәрігер-хирургі,
медициналық комиссияның төрағасы
Маевская Татьяна Геннадьевна - «"Қостанай облыстық ауруханасы"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық
кәсіпорнының мейірбікесі,
комиссия хатшысы