Объектілердің құрылысына арналған учаскелерде Тобыл өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін, оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы

Қостанай облысының әкімдігінің 2008 жылғы 02 қыркүйектегі N 425 қаулысы. Қостанай облысының әділет департаментінде 2008 жылғы 18 қыркүйекте N 3653 тіркелді. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 4 шілдедегі № 329 қаулысымен. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 344 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 03.08.2022 № 344 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 04.07.2017 № 329 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39, 116, 125-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 04.07.2017 № 329 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Объектілердің құрылысына арналған телімде Тобыл өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуі 1-қосымшаға сай белгіленсін.

      2. Қостанай қаласының аумағындағы объектілердің құрылысына арналған учаскелерде Тобыл өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      Ескерту. 2 - тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 04.07.2017 № 329 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі С. Кулагин

  Әкімдіктің
2008 жылғы 02 қыркүйектегі
N 425 қаулысына 1-қосымша

Объектілердің құрылысына арналған учаскелерде Тобыл өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу

      Ескерту. 1 - қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 04.07.2017 № 329 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

№ р/с

Су объектісі, оның учаскесі

Су қорғау аймағы

Су қорғау белдеуі

шекараның қашықтығы, ұзындығы (м)

шекараның қашықтығы, алаңы (м)

шекараның қашықтығы, ені (м)

шекараның қашықтығы, ұзындығы (м)

алаңы, (га)

ені, (м)

1.

Тобыл өзені Қостанай қаласы, Речная көшесі мекенжайы бойынша орналасқан "Таун-Сай" тұрғын кварталы

303

22,86

783,9 – 721,5

303

3,03

100

2.

Тобыл өзені Қостанай қаласы, Речная көшесі, 6 мекенжайы бойынша орналасқан тұрғын үй

30

1,62

540

30

0,3

100

3.

Тобыл өзені Қостанай қаласы, Г. Қайырбеков көшесі мекенжайы бойынша орналасқан офисі және автокөліктерге арналған жабық тұрақ

31,50

1,83

543 – 621,5

31,50

0,31

100

4.

Тобыл өзені Қостанай қаласы, Гашек көшесі мекенжайы бойынша орналасқан шаңғы және су туризміне арналған база

110

2,695

230 – 290

110

1,312

80 –110

5.

Тобыл өзені Қостанай қаласы, Гашек көшесі мекенжайы бойынша орналасқан шаңғы және су туризміне арналған база

164

4,572

140 – 230

164

1,312

80

6.

Тобыл өзені Қостанай қаласы, С. Кубеев көшесі, 2 "А" мекенжайы бойынша орналасқан қайта құрылған және кеңейтілген құрылыс тауарлары дүкені

21

1,35

645

21

0,21

100

7.

Тобыл өзені Қостанай қаласы, 4 шағын ауданы мекенжайы бойынша орналасқан жеке тұрғын үйлер

68

2,742

420 – 474

68

0,68

100

  Әкімдіктің
2008 жылғы 02 қыркүйектегі
N 425 қаулысына 2-қосымша

Қостанай қаласының аумағындағы объектілердің құрылысына арналған учаскелерде Тобыл өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары

      Ескерту. 2 - қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 04.07.2017 № 329 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Су қорғау белдеулерінің шегінде мыналарға жол берілмейді:

      1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;

      2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылысжайлар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылысжайларын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көліктік инфрақұрылым, кәсіпшілік балық өсіру, балық шаруашылығы технологиялық су айдындары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылысжайларды салмай, ғимараттар мен құрылысжайларды салуға және пайдалануға. Осы тармақшаның ережесі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 125-бабының 7-тармағымен және 145-1-бабымен белгіленген талаптарды ескере отырып қолданылады;

      3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;

      4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;

      5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);

      6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;

      7) пестицидтер мен тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 26.07.2021 № 339 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Су қорғау аймақтарының шегінде мыналарға жол берілмейді:

      1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;

      2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;

      3) тыңайтқыштар, пестицидтер, мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;

      4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;

      5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;

      6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін пестицидтермен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;

      7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық пестицидтерді тыңайтқыш ретінде пайдалануға.

      Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 26.07.2021 № 339 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Об установлении водоохранных зон и полос реки Тобол на участках под строительство объектов, режима и особых условий их хозяйственного использования

Постановление акимата Костанайской области от 02 сентября 2008 года N 425. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 18 сентября 2008 года N 3653. Заголовок - в редакции постановления акимата Костанайской области от 4 июля 2017 года № 329. Утратило силу постановлением акимата Костанайской области от 3 августа 2022 года № 344

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Костанайской области от 03.08.2022 № 344 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Сноска. Заголовок – в редакции постановления акимата Костанайской области от 04.07.2017 № 329 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьями 39, 116, 125 Водного кодекса Республики Казахстан от 9 июля 2003 года, статьей 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 24 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" акимат Костанайской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      Сноска. Преамбула - в редакции постановления акимата Костанайской области от 04.07.2017 № 329 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Установить водоохранную зону и полосу реки Тобол, на участках под строительство объектов согласно приложению 1.

      2. Установить режим и особые условия хозяйственного использования водоохранных зон и полос реки Тобол на участках под строительство объектов на территории города Костанай согласно приложению 2.

      Сноска. Пункт 2 – в редакции постановления акимата Костанайской области от 04.07.2017 № 329 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким области С. Кулагин

  Приложение 1
к постановлению акимата
от 02 сентября 2008 года
N 425

Установление водоохранных зон и полос реки Тобол на участках под строительство объектов

      Сноска. Приложение 1 – в редакции постановления акимата Костанайской области от 04.07.2017 № 329 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

№ п/п

Водный объект, его участок

Водоохранная зона

Водоохранная полоса

протяженность границы, длина (м)

протяженность границы, площадь (м)

протяженность границы, ширина (м)

протяженность границы, длина (м)

Площадь, (га)

ширина, (м)

1.

Река Тобол жилой квартал "Таун-Сай", расположенный по адресу: город Костанай, улица Речная

303

22,86

783,9 – 721,5

303

3,03

100

2.

Река Тобол жилой дом, расположенный по адресу: город Костанай, улица Речная, 6

30

1,62

540

30

0,3

100

3.

Река Тобол офис и крытая стоянка для автомашин, расположенные по адресу: город Костанай, улица Г. Каирбекова

31,50

1,83

543 – 621,5

31,50

0,31

100

4.

Река Тобол база для лыжного и водного туризма, расположенная по адресу: город Костанай, улица Гашека

110

2,695

230 – 290

110

1,312

80 –110

5.

Река Тобол база для лыжного и водного туризма, расположенная по адресу: город Костанай, улица Гашека

164

4,572

140 – 230

164

1,312

80

6.

Река Тобол реконструируемый и расширяемый магазин строительных товаров, расположенный по адресу: город Костанай, улица С. Кубеева, 2 "А"

21

1,35

645

21

0,21

100

7.

Река Тобол индивидуальные жилые дома, расположенные по адресу: город Костанай, 4 микрорайон

68

2,742

420 – 474

68

0,68

100

  Приложение 2
к постановлению акимата
от 02 сентября 2008 года
N 425

Режим и особые условия хозяйственного использования водоохранных зон и полос реки Тобол на участках под строительство объектов на территории города Костанай

      Сноска. Приложение 2 – в редакции постановления акимата Костанайской области от 04.07.2017 № 329 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. В пределах водоохранных полос не допускается:

      1) хозяйственная и иная деятельность, ухудшающая качественное и гидрологическое состояние (загрязнение, засорение, истощение) водных объектов;

      2) строительство и эксплуатация зданий и сооружений, за исключением водохозяйственных и водозаборных сооружений и их коммуникаций, мостов, мостовых сооружений, причалов, портов, пирсов и иных объектов транспортной инфраструктуры, связанных с деятельностью водного транспорта, промыслового рыболовства, рыбохозяйственных технологических водоемов, объектов по использованию возобновляемых источников энергии (гидродинамической энергии воды), а также рекреационных зон на водном объекте, без строительства зданий и сооружений досугового и (или) оздоровительного назначения. Положения данного подпункта применяются с учетом требований установленных пунктом 7 статьи 125 и статьей 145-1 Водного кодекса Республики Казахстан;

      3) предоставление земельных участков под садоводство и дачное строительство;

      4) эксплуатация существующих объектов, не обеспеченных сооружениями и устройствами, предотвращающими загрязнение водных объектов и их водоохранных зон и полос;

      5) проведение работ, нарушающих почвенный и травяной покров (в том числе распашка земель, выпас скота, добыча полезных ископаемых), за исключением обработки земель для залужения отдельных участков, посева и посадки леса;

      6) устройство палаточных городков, постоянных стоянок для транспортных средств, летних лагерей для скота;

      7) применение всех видов пестицидов и удобрений.

      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными постановлением акимата Костанайской области от 26.07.2021 № 339 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. В пределах водоохранных зон не допускается:

      1) ввод в эксплуатацию новых и реконструированных объектов, не обеспеченных сооружениями и устройствами, предотвращающими загрязнение и засорение водных объектов и их водоохранных зон и полос;

      2) проведение реконструкции зданий, сооружений, коммуникаций и других объектов, а также производство строительных, дноуглубительных и взрывных работ, добыча полезных ископаемых, прокладка кабелей, трубопроводов и других коммуникаций, буровых, земельных и иных работ без проектов, согласованных в установленном порядке с местными исполнительными органами, бассейновыми инспекциями, уполномоченным государственным органом в области охраны окружающей среды, государственным органом в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения и другими заинтересованными органами;

      3) размещение и строительство складов для хранения удобрений, пестицидов, нефтепродуктов, пунктов технического обслуживания, мойки транспортных средств и сельскохозяйственной техники, механических мастерских, устройство свалок бытовых и промышленных отходов, площадок для заправки аппаратуры пестицидами, взлетно-посадочных полос для проведения авиационно-химических работ, а также размещение других объектов, отрицательно влияющих на качество воды;

      4) размещение животноводческих ферм и комплексов, накопителей сточных вод, полей орошения сточными водами, кладбищ, скотомогильников (биотермических ям), а также других объектов, обусловливающих опасность микробного загрязнения поверхностных и подземных вод;

      5) выпас скота с превышением нормы нагрузки, купание и санитарная обработка скота и другие виды хозяйственной деятельности, ухудшающие режим водоемов;

      6) применение способа авиаобработки пестицидами и авиаподкормки минеральными удобрениями сельскохозяйственных культур и лесонасаждений на расстоянии менее двух тысяч метров от уреза воды в водном источнике;

      7) применение пестицидов, на которые не установлены предельно допустимые концентрации, внесение удобрений по снежному покрову, а также использование в качестве удобрений необезвреженных навозосодержащих сточных вод и стойких хлорорганических пестицидов.

      При необходимости проведения вынужденной санитарной обработки в водоохранной зоне допускается применение мало- и среднетоксичных нестойких пестицидов.

      Сноска. Пункт 2 с изменениями, внесенными постановлением акимата Костанайской области от 26.07.2021 № 339 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).