Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 23.09.2013 № 336 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді).
Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына және 238-бабы 3-тармағына сәйкес Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудандық бюджет қаражаты есебінен кемінде жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен трафиктік ставкаларды алуға құқығы бар және ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін, қалалық жағдайда қызметтің осы түрімен айналысатын қызметшілердің жалақысымен салыстырғанда, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі қаулының қосымшасына сәйкес анықталсын.
2. Аудандық бюджет қаражаты есебінен кемінде жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен трафиктік ставкаларды алуға құқығы бар және ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін, қалалық жағдайда қызметтің осы түрімен айналысатын қызметшілердің жалақысымен салыстырғанда, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі Әулиекөл аудандық мәслихатының сессиясына келісу үшін енгізілсін.
3. Әкімдіктің 2007 жылғы 7 желтоқсандағы № 234 "2008 жылға арналған аудандық бюджет қаражаты есебінен кемінде жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар және ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" қаулысының күші жойылсын.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң іс-қимылға енгізіледі.
Әулиекөл ауданының әкімі Б. Ғаязов
Әкімдіктің
2008 жылғы 28 ақпандағы
№ 52 қаулысына қосымша
Аудандық бюджет қаражаты есебінен кемінде жиырма бес
пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік
ставкаларды алуға құқығы бар және ауылдық (селолық)
жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру,
мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі
1) үйге әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі;
2) күту бойынша әлеуметтік қызметші;
3) жалпы білім беру мектептерінің директорлары;
4) жалпы білім беру мектептерінің барлық мамандық мұғалімдері;
5) мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдардың басшылары;
6) алғашқы әскери даярлық басшысы;
7) жалпы білім беретін мектептердің кәсіптік оқыту, қосымша білім беру, оқу, оқу-тәрбие, тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары;
8) білім беру ұйымдарындағы бөлімше меңгерушісі;
9) әлеуметтік педагог;
10) қосымша білім беру педагогы;
11) педагог-психолог;
12) аға тәрбиеші, тәрбиеші;
13) музыкалық жетекші;
14) аға жетекші;
15) лагерь бастығы (сауықтыру);
16) аға әдістемеші, әдістемеші;
17) өндірістік оқыту шебері;
18) медициналық бике;
19) емдәм бикесі;
20) кітапханашы;
21) кітапхана меңгерушісі;
22) мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорынның басшысы мен басшысының орынбасары;
23) бөлімше (бөлім) басшысы;
24) әдістемеші;
25) аға библиограф, библиограф;
26) аға кітапханашы, кітапханашы;
27) суретші;
28) музыкалық жетекші;
29) мәдени ұйымдастырушы;
30) сақтаушы;
31) аккомпаниатор;
32) хореограф.