Әулиекөл ауданының 2008 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 26 наурыздағы № 61 қаулысы. Қостанай облысы Әулиекөл ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 4 сәуірде № 9-7-71 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданының әкімдігінің 2009 жылғы 21 қаңтардағы № 10 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданының әкімдігінің 2009.01.21 № 10 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 4-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына, 5, 7, 18-1 баптарына, Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 31 қаңтардағы № 23 "Әулиекөл ауданында 2008 жылға тұрғындардың нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы" (тіркеу № 9-7-67) қаулысына сәйкес және жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын беретін жұмыс берушілердің ұсынған тапсырысының негізінде Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Әулиекөл ауданы тұрғындарының нысаналы топтары үшін 2008 жылы әлеуметтік жұмыс орындары белгіленсін: "Москалевское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен - 6 адам, "Черниговское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен - 5 адам, "Тимофеевка-Агро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен - 4 адам, Қостанай облысы әкімиятының Қостанай облысы денсаулық сақтау департаментінің "Әулиекөл аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнынан - 8 адам.

      2. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру мөлшері белгіленген шарт бойынша жұмыс жалғасы алты ай шегінен аспаса, аудандық бюджет қаражаты есебінен төленеді.

      3. Жұмыс берушілердің әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың еңбекақы төлемі, әлеуметтік салық төлемі, Мемлекеттік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымы және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген еңбекақы мөлшерін тағайындау және төлеу бойынша банк қызметі үшін комиссиялық сыйақы төлеу шығыны жұмыс берушілердің есепшотынан аудару жолымен өтеледі.

      4. Әулиекөл ауданының әкімдігінің 2007 жылғы 3 сәуірдегі № 48 "Әулиекөл ауданында 2007 жылы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын беретін ұйымдардың тізбесі туралы" (тіркеу № 9-7-55, "Әулиекөл" газетінде 2007 жылғы 26 сәуірдегі № 16 жарияланған) қаулысының күші жойылды деп есептелсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Нұғманова Роза Сыздыққызына жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он түнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әулиекөл
      ауданының әкімі                            Б. Ғаязов

Об организации социальных рабочих мест в Аулиекольском районе в 2008 году

Постановление акимата Аулиекольского района Костанайской области от 26 марта 2008 года № 61. Зарегистрировано Управлением юстиции Аулиекольского района Костанайской области 4 апреля 2008 года № 9-7-71. Утратил силу постановлением акимата Аулиекольского района Костанайской области от 21 января 2009 года № 10

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Аулиекольского района Костанайской области от 21.01.2009 № 10.

      Согласно поданным заявкам работодателей, предоставляющих социальные рабочие места для трудоустройства безработных, в соответствии с подпунктом 5) пункта 2 статьи 4, статьями 5, 718-1 Закона Республики Казахстан "О занятости населения", подпунктом 13) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении в Республике Казахстан" и постановлением акимата от 31 января 2008 года № 23 "Об утверждении перечня целевых групп населения в Аулиекольском районе на 2008 год" (регистрационный № 9-7-67) акимат Аулиекольского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Организовать социальные рабочие места для целевых групп населения на 2008 год в товариществе с ограниченной ответственностью "Москалевское" - 6 человек, товариществе с ограниченной ответственностью "Черниговское" - 5 человек, товариществе с ограниченной ответственностью "Тимофеевка-Агро" - 4 человека, государственном коммунальном казенном предприятии "Аулиекольская центральна районная больница" Департамента здравоохранения Костанайской области акимата Костанайской области - 8 человек.

      2. Финансирование социальных рабочих мест производится за счет средств районного бюджета в размерах, установленных договором с продолжительностью работ не более шести месяцев.

      3. Расходы работодателей на выплату заработной платы безработным, трудоустроенным на социальные рабочие места, оплату социального налога, социальных отчислений в Государственный фонд социального страхования и оплату комиссионного вознаграждения за услуги банков по начислению и выплате заработной платы в размерах, установленных действующим законодательством Республики Казахстан, возмещаются посредством перечисления на расчетные счета работодателей.

      4. Постановление акимата Аулиекольского района от 3 апреля 2007 года № 48 "Об организации социальных рабочих мест в Аулиекольском районе в 2007 году" (регистрационный № 9-7-55, опубликованное в газете "Әулиекөл" от 26 апреля 2007 года № 16) считать утратившим силу.

      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Нугманову Розу Сыздыковну.

      6. Настоящее постановление вводится в действие по истечению десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким
      Аулиекольского района                      Б. Гаязов