Қазақстан Республикасы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабына, 7 бабы 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағы 13) тармақшасына сәйкес, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жұмысқа орналасуға көмектесу үшін 2008 жылға арналған Жітіқара ауданындағы халықтың мақсатты топтары белгіленсін (қосымша).
2. "Жітіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың мақсатты топтарына жататын тұлғаларды жұмысқа орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Қ. Жүндібаевқа жүктелсін.
4. "2007 жылға арналған Жітіқара ауданындағы халықтың мақсатты топтарының Тізбесін белгілеу туралы" 2007 жылғы 21 ақпандағы № 119 (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-10-68, 2007 жылғы 16 наурыздағы "Житикаринские новости" газетінде жарияланған) әкімдік қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
5. Әкімдік қаулысы оның бірінші ресми жарияланған кейін он күнтізбелік күн өткенінен соң қолданысқа енеді.
Аудан әкімі А. Әбенов
КЕЛІСІЛГЕН
"Жітіқара ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
И. Григорьева
Әкімдігінің
2008 жылғы 28 қаңтардағы
№ 122 әкімдік қаулысына
қосымша
Жұмысқа орналасуға көмектесу үшін
2008 жылға арналған Жітіқара ауданындағы
халықтың мақсатты топтары
1. Тұрмысы төмендер.
2. Жиырма бір жасқа дейінгі жастар.
3. 23 жасқа дейінгі балалар үйлерінің тәрбиеленушілері және ата-ананың қамқорлығысыз қалған балалар мен жетім балалар.
4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеуші жалғыз басты, көп балалы ата-аналар.
5. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленгендей тәртіпте қарамағындағыларға көмекті және тұрақты күтімді қажет етеді деп танылғандары бар азаматтар.
6. Зейнеткерлік алды жасындағылар (жасы бойынша зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалғандар).
7. Мүгедектер.
8. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарынан босатылған тұлғалар.
9. Мәжбүрлеп емдеуден және (немесе) бас бостандығынан айыру орынынан босатылған тұлғалар.
10. Оралмандар.
11. Ұзақ уақыт бойы жұмыс істемеген азаматтар (жыл және одан да көп).
12. 50 жастан асқандар.
13. Бастауыш, кәсіби орта білімі бар және кәсіби жоғары білімі бар түлектер.
14. Қостанай облысы бойынша тиісті кезеңіне белгіленгендей азық-түлік себеті құнынан аспайтын табысы бар толық емес отбасылар.