"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 5, 7 баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңының 31 бабына сәйкес, Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Келесі санаттағы халықтың нысаналы топтары анықталсын:
1) табысы аз адамдар;
2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
7) мүгедектер;
8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
10) оралмандар;
11) ұзақ уақыт жұмыс істемеген азаматтар (бір жылдан артық);
12) келешегі жоқ жастағы тұлғалар (елу жастан асқандар);
13) бастауыш, орта және жоғары білім беру және курстық дайындық оку мекемелерінің түлектері, жұмыссыз жастар.
2. "Ұзынкөл ауданының еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығына:
1) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың уақытша жұмыспен қамтылуын және кәсіптік дайындығын анықтау жөніндегі шараларды қолдансын;
2) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды жұмысқа орналастыру жәрдемдесуді қамтамасыз ететін;
3) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды жұмысқа орналастыруға бақылау жасауды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ұзынкөл ауданы әкімінің орынбасары М. В. Слесарьға жүктелсін.
4. "Халықтың нысаналы топтарын және 2007 жылы олардың жұмыспен қамтылуы мен әлеуметтік қорғалуына жәрдемдесу жөніндегі шараларды анықтау туралы" (мемлекеттік тіркеу нөмірі 2007 жылғы 26 ақпандағы № 9-19-40, "Нұрлы жол" 2007 жылғы 29 наурыздағы № 13) Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 26 қаңтардағы № 23 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұзынкөл
ауданының әкімі А. Сейфуллин