2009 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімиятының 2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 346/9 қаулысы. Павлодар облысы Шарбақты ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 30 қаңтарда N 73 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2010.03.05 N 35/2 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2010.03.05 N 35/2 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 6 тармағын және 5 бабының  2 тармағын жүзеге асыру мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөнінде Нұсқауы бекітілсін.
      2. Жұмыссыздардың ішінен әлеуметтік қорғауды қажет етуші тұлғалардың мақсатты топтары бекітілсін (1 қосымша).
      3. "Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі мақсатты топтан жұмыссыздарды басымдық бағытта қамтамасыз етуге әлеуметтік жұмыстарды орындау үшін кәсіпорын және мекемелермен бірге келісімшарт бекітсін.
      4. Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 22 қаңтардағы "2008 жылғы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" N 11/1 қаулысының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде N 12-13-42 тіркелген).
      5. Әлеуметтік жұмыс орындарын 002 "Жұмыспен қамту бағдарламасы" бағдарламаға қосымша 102 "Жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралары" бойынша аудандық бюджет қаржысы және өтініш бойынша жұмыс берушінің қаржысы есебінен қаржыландыру жүргізілсін.
      6. Осы қаулы ресми  жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Гүлстан Сағынтайқызы Теміржановаға жүктелсін.

      Аудан әкімі                                С. Смағұлов

Шарбақты ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 24 желтоқсандағы
N 346/9 қаулысымен
бекітілді

ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖӨНІНДЕГІ
НҰСҚАУ

      Осы нұсқау халықтың мақсатты тобының ішінен жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін анықтайды, әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынушы ұйымдармен есеп айырысу жүйесін және негізгі шарттарды реттейді.

1.ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      Осы нұсқауда қолданылатын негізгі ұғымдар:
      Әлеуметтік жұмыс орны – жергілікті бюджет қаржысы есебінен қабылданған жұмыскерлердің еңбекақысын төлеу үшін "Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде тіркеуге алынған жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілермен ұйымдастырылған жұмыс орны.
      Мақсатты топтар – Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңында белгіленген жұмысқа орналасуда қиындық көрген және әлеуметтік қорғауды талап ететін топтар.
      Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек туралы, зейнетақымен қамтамасыз ету және сақтандыру жөніндегі заң актілері таратылады.
      Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруға жолдама беруді "Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.

2. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ
ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ЖҰМЫССЫЗДАРДЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ

      Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін беріледі немесе кәсіпорындар мен ұйымдар қабылдаған жұмыскерлердің еңбекақысын толық немесе бөлшектеп төлеу жағдайында ұйымдастырылады.
       Уәкілетті органы әлеуметтік жұмыстарды орындау үшін кәсіпорындар және ұйымдармен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен құру мерзімі және қаржыландырудың шарты жөнінде келісімшарт бекітеді.
      Уәкілетті органы жұмыссыздарды әлеуметтік жұмысқа жіберуді олардың келісімі бойынша ғана іске асырады.
      Кәсіпорындар мен ұйымдарға әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздар "Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің есебінен шығарылады.

3. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗІ

      Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көзі жергілікті бюджет және жұмыс берушілердің қаражаты есебінен жүргізіледі.
      "Еңбекпен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралары" 002102 бағдарламасы бойынша жергілікті бюджет қаржысы есебінен әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру іске асырылады.
      Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға жұмыс берушілердің еңбекақы төлеу шығыны жергілікті бюджет қаржысы есебінен толықтырылады. Төлемақы жұмыс берушімен келісім негізінде жартылай өтемақы түрінде жасалады, бірақ республика  бойынша бекітілген ең төменгі еңбекақы көрсеткішінен артық болмауы тиіс. Бюджет қаржысы бойынша есептесу жұмыс берушілердің есеп шотына қаржы аудару арқылы жүргізіледі.

4. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЖӘНЕ
ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫҢ ТӘРТІБІН БАҚЫЛАУ

      Мемлекеттік органдары белгіленген заң тәртібінде әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі Нұсқаудың сақталуын бақылауды іске асырады.

Шарбақты ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 24 желтоқсандағы
N 346/9 қаулысына
1 қосымша

Шарбақты ауданы бойынша
халықтың мақсатты топтарының
ТІЗБЕСІ

      1. Отбасында бірде – бір жұмыскері жоқ, аз қамтамасыз етілгендер.
      2. 24 жасқа дейінгі жастар.
      3. Жасы 50 жастан асқан жұмыссыз азаматтар.
      4. Ұзақ (бір жылдан артық) уақыт жұмыс істемеген жұмыссыздар.
      5. Жұмысқа орналасу мәселесі бойынша қиындық көрген, оқу орындарын бітірген түлектер.

Об организации социальных рабочих мест на 2009 год

Постановление акимата Щербактинского района Павлодарской области от 24 декабря 2008 года N 346/9. Зарегистрировано Управлением юстиции Щербактинского района Павлодарской области 30 января 2009 года за N 73. Утратило силу постановлением акимата Щербактинского района Павлодарской области от 5 марта 2010 года N 35/2

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Щербактинского района Павлодарской области от 5 марта 2010 года N 35/2.

      В целях реализации пункта 6 статьи 7 и пункта 2 статьи 5 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения", акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить Инструкцию по организации и финансированию социальных рабочих мест.
      2. Утвердить дополнительный перечень лиц, относящихся к целевым группам (приложение 1).
      3. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ Щербактинского района" заключать договора на выполнение социальных работ с предприятиями и организациями, обеспечивать приоритетное направление безработных из целевых групп.
      4. Признать утратившим силу постановления акимата N 11/1 от 22 января 2008 года "Об организации социальных рабочих мест на 2008 год" (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 12-13-42).
      5. Финансирование социальных рабочих мест производить за счет средств районного бюджета 002 "Программа занятости", подпрограмма 102 "Дополнительные меры по социальной защите граждан в сфере занятости населения" и средств работодателя по его заявке.
      6. Настоящее постановление вводится в действие по истечении 10 календарных дней со дня первого официального опубликования.
      7. Контроль за исполнением данного постановления возложить на заместителя акима района Темиржанову Гульстан Сагинтаевну.

      Аким                                       С. Смагулов

Утверждено постановлением акимата
Щербактинского района 346/9 от 24 декабря 2008 года

ИНСТРУКЦИЯ
ПО ОРГАНИЗАЦИИ И ФИНАНСИРОВАНИЮ СОЦИАЛЬНЫХ РАБОЧИХ МЕСТ

      Настоящая инструкция детализирует организацию и финансирование социальных рабочих мест для трудоустройства безработных из целевых групп населения, регулирует основные условия и систему расчетов работодателей, которые предоставят социальные рабочие места.

1. ОБЩИЕ ПОЛОЖЕНИЯ

      Основные понятия, используемые в  инструкции:
      Социальное рабочее место – рабочее место, создаваемое работодателями на договорном основе с местным исполнительным органом для трудоустройства безработных граждан из целевых групп, с частичной компенсацией затрат работодателя на оплату их труда.
      Целевые группы – группы лиц, установленные Законом Республики Казахстан "О занятости населения" и настоящей Инструкцией, как испытывающие затруднения в трудоустройстве и требующие социальной защиты.
      На безработных, трудоустроенных на социальные рабочие места распространяются законодательные акты Республики Казахстан о труде, пенсионном обеспечении и страховании.
      Направление на трудоустройство на социальные рабочие места осуществляется государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ Щербактинского района" (далее – уполномоченный орган).

2. ОРГАНИЗАЦИЯ СОЦИАЛЬНЫХ РАБОЧИХМЕСТ И
ТРУДОУСТРОЙСТВА НА НИХ БЕЗРАБОТНЫХ

      Социальные рабочие места для трудоустройства безработных из целевых групп предоставляются или создаются работодателями на условиях частичной компенсации по оплате труда из средств местного бюджета.
      Уполномоченный орган заключает договора на выполнение социальных работ с работодателями, в которых будут предоставлены или   созданы социальные рабочие места, сроки и условия финансирования социальных рабочих мест.
      Направление безработных на социальные рабочие места осуществляется уполномоченным органом, с их согласия.
      Принятые работодателями на социальные рабочие места безработные снимаются с учета государственного учреждения "Отдел занятости и социальных программ Щербактинского района".

3. ИСТОЧНИКИ И УСЛОВИЯ ФИНАНСИРОВАНИЯ СОЦИАЛЬНЫХ РАБОЧИХ МЕСТ

      Источники финансирования социальных рабочих мест: средства работодателей и местного бюджета.
      Финансирование социальных рабочих мест из средств местного бюджета осуществляется по программе 002102 "Дополнительные меры по социальной защите граждан в сфере занятости населения".
      Расходы работодателей на оплату труда безработных, трудоустроенных на социальные рабочие места, возмещаются из средств местного бюджета. Оплата производится частичной компенсацией с договоренностью с работодателем, но не более установленной по республике минимальной заработной платы. Расчеты по перечислению бюджетных средств производятся на расчетные счета работодателей.

4. КОНТРОЛЬ ЗА ПОРЯДКОМ ОРГАНИЗАЦИИ И
ФИНАНСИРОВАНИЯ СОЦИАЛЬНЫХ РАБОЧИХ МЕСТ.

      Контроль за соблюдением Инструкции по организации и финансирования социальных рабочих мест осуществляется государственными органами в установленном законодательством порядке.

Приложение 1                  
к постановлению акимата       
Щербактинского района         
N 346/9 от 24 декабря 2008 года

      Дополнительный перечень лиц, относящихся к целевым группам.
      1. Безработные из семей, где нет ни одного работающего.
      2. Молодежь в возрасте до 24 лет.
      3. Безработные граждане в возрасте старше 50 лет.
      4. Безработные длительное время не работающие (более года).
      5. Выпускники учебных заведении, имеющие затруднения в трудоустройстве.