Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2010.06.29 N 160 Қаулысымен
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңы 27-бабы 2-тармағына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 Заңы 28-бабына, "Қазақстан Республикасының Әлеуметтік-экономикалық даму тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-әрекеттер жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы N 1039 қаулысына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік субъектілерін бюджеттік кредиттеу туралы" облыс әкімдігінің 2008 жылғы 16 қыркүйектегі N 263 қаулысына (Солтүстік Қазақстан мемлекеттік тіркеу тізілімінің өңірлік тарауында 2008 жылғы 18 қыркүйекте N 1686 болып тіркелген, 2008 жылғы 19 қыркүйектегі "Солтүстік Қазақстан", 2008 жылғы 19 қыркүйектегі "Северный Казахстан" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерту мен толықтыру енгізілсін:
2 тармақта:
екінші абзац "шағын" сөзінен кейін "және орта" сөздерімен толықтырылсын;
үшінші абзац келесі редакцияда мазмұндалсын:
"бір соңғы заем алушыға бөлінетін кредиттік қаражаттардың ең үлкен сомасы:
шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін - 140 (жүз қырық) миллион теңге;
орта кәсіпкерлік субъектілері үшін - 300 (үш жүз) миллион теңге.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Е. Нұрақаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі С. Біләлов