Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" N 94-І Заңының 97 бабына 2 тармағына сәйкес, Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Петропавл қалалық мәслихатының 2004 жылғы 14 шілдедегі кезектен тыс жетінші сессиясының "Отбасыларға (азаматтарға) пәтер үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну ережелері туралы" N 6 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Аталған шешіммен бекітілген Отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну ережелерінде:
3 тармағында:
"Петропавл қаласының тұрғындары үшін 20 %, Кожзавод пен Заречный кенттері үшін 15 % мөлшерінде" бірінші абзацтағы сөздері "Петропавл қаласының тұрғындары үшін 15 %, Кожзавод пен Заречный кенттерінің тұрғындары үшін 10 % мөлшерінде" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарыққа шыққан күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Қалалық мәслихаты сессиясының төрағасы |
Қалалық мәслихатының хатшысы |