Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2012.08.31 N 1825 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213-1 Заңының 28-бабына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Петропавл қаласы әкімдігінің "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Протездік-ортопедтік көмек көрсету үшін мүгедектердің құжаттарын ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы" 2007 жылғы 11 желтоқсандағы N 1964 қаулысына (2008 жылғы 11 қаңтардағы мемлекеттік тізілімде тіркелген N 13-1-97, "Проспект СК" газетінің 2008 жылғы 1 ақпандағы N 5-6 сандарында, "Қызылжар нұры" газетінің 2008 жылғы 1 ақпандағы N 5 санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
12 тармақта:
"2) жеке куәлігі" сөздері алынып тасталсын;
"3) Медициналық-әлеуметтік сараптау анықтамасы" сөздері алынып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Ә.З. Сәрсембаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімінің м.а. Т. Құлжанова