Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2012.08.31 N 1825 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213-І Заңының 28-бабына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Петропавл қаласы әкімдігінің "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан студенттерге әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы" 2007 жылғы 11 желтоқсандағы N 1971 қаулысына (2008 жылғы 11 қаңтардағы мемлекеттік тізілімде тіркелген N 13-1-94, "Проспект СК" газетінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 4 санында, "Қызылжар нұры" газетінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 4 санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
7 тармақтағы "он күнтізбелік" сөздері "он бес" сөздерімен ауыстырылсын;
12 тармақтың 4) тармақшасындағы егер отбасы мүшелері жұмыс істемейтін болса, онда жұмыстан босатылғаны туралы жазуы бар еңбек кітапшасының көшірмесін тапсырады; сондай-ақ, "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның Солтүстік Қазақстан филиалынан зейнетақы немесе жәрдемақы алу туралы анықтамасын тапсырады" сөздері алынып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Ә.З. Сәрсембаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімінің м.а. Т. Құлжанова