Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігінің 2009.08.14 N 197 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1-бабының 2, 3-тармақтарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету Тізімі және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы» № 558 қаулысының 2-тармағы негізінде және мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жоғарылату мақсатында аудан әкімі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жеке тұлғаларға көрсетілетін «Кәмелетке толмаған балаларға тиесілі тұрғын үй алаңын ауыстыруға немесе сатуға рұқсат беру үшін нотариалды кеңсеге анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.
2. Аудан әкімінің құқықтық мәселелері жөніндегі кеңесшісі (Галиаскарова А.В.) осы қаулының Айыртау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Н.В.Кислинаға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш арнайы жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Е. Айнабеков
Айыртау ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 1 шілдедегі
№ 170 қаулысымен бекітілген
«Кәмелетке толмаған балаларға тиесілі тұрғын үй алаңын ауыстыруға немесе сатуға рұқсат беру үшін нотариалды кеңсеге анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандарты
1. Осы стандарт «Кәмелетке толмаған балаларға тиесілі тұрғын үй алаңын ауыстыруға немесе сатуға рұқсат беру үшін нотариалды кеңсеге анықтама берудегі» мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібін анықтайды.
2. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
З. Мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 қыркүйектегі № 1346 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы қорғаншылық және қамқоршылық органдары туралы Ережесінің 18-тармағының 10) тармақшасы негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесімен іске асырылады, заңды мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл селосы, Ықшам ауданы-20. Электрондық мекені asel55@yandex.ru телефон (8 71533) 27461.
5. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны (нәтижесі) Кәмелетке толмаған балаларға тиесілі тұрғын үй алаңын ауыстыруға немесе сатуға рұқсат беру үшін нотариалды кеңсеге анықтама беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетіледі:
1) 18 жасқа дейінгі балалары бар Қазақстан Республикасының азаматтарына;
2) 18 жасқа дейінгі балалары бар, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын және түрып қайту рұқсаты бар оралмандар, шетелдіктер, азаматтығы жоқ тұлғаларға;
3) Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелеттік жасқа толмаған балалардың қорғаншысы және қамқоршысы болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтарына.
7.Мемлекеттік қызмет көрсетілу келесі мерзімдерде ұсынылады:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін өтінуші қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
30 күннен артық емес;
2) мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт: 40 минуттан аспауы тиіс;
3) құжаттарды алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт: 40 минуттан аспауы тиіс.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету ақысыз болып табылады.
9. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі және қажетті құжаттар туралы, және де оларды толтыру үлгілері туралы толық ақпарат, сондай-ақ олардың үлгілердің толтыру арнайы жергілікті ақпараттық стенділерде орналасады: «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының білім бөлімі», мекен-жайы: 150100 Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл селосы, ықшам ауданы, № 20 үй, телефон (871533) 27461, электронды пошта мекен-жайы: asel55@yandex.ru.
10. Жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін. Қабылдау алдын ала жазбасыз және жедел қызмет көрсету реттік тәртіппен жүзеге асырылады.
11. Аудан білім бөлімінің үй-жайы күту залымен, құжаттарды толтыру орнымен, қажетті құжаттар тізбесі қойылған стендтерімен және оларды толтыру үлгілерімен, нормалық құқықтық актілер үзінділерімен қамтамасыз етілген.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш берушіден талап етілетін құжаттар:
1) жеке тұлғаның өтініші;
2) жеке бастың куәлік құжаты (көшірмесі);
3) нәрестенің туу туралы куәлігі (көшірмесі);
4) заң бойынша мұра құқығы туралы куәлік немесе нәресте мүлігінің жеке меншігін немесе оның үлесін растайтын құжаттар;
5) тұрғын үй алаңына құжат (көшірмесі);
6) 10 және одан үлкен жастағы нәрестенің келісімі;
13. Бланктер «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесімен беріледі, мекен-жайы: 150100 Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл селосы, ықшам ауданы, № 20 үй, телефон (871533) 27461, электронды пошта мекен-жайы: asel55@yandex.ru.
14. Толтырылған құжаттар «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесімен беріледі, мекен-жайы: 150100 Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл селосы, ықшам ауданы, № 20 үй, телефон (871533) 27461, электронды пошта мекен-жайы: asel55@yandex.ru
15. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды ұсынған соң, мемлекеттік қызметті тұтынушыға қабылдау күні және орындалу мерзімі, өтініш қабалдаған маманның фамилиясы, аты-жөні көрсетілген талон беріледі.
16. Қызмет көрсету тәсілі - жеке бару.
17. Мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту негіздері:
1) өтініш берушінің осы стандарттың 12 тармағында көрсетілген құжаттарды толық бермеуі;
2) берілген құжаттардың сәйкессіздігі.
18. Аудан білім бөлімінің қызметі адамның конституциялық құқықтарын сақтауға, қызметтік парызын орындаудағы заңдылыққа, мемлекеттік қызметкерлер ар-намыс Кодексіне негізделген және сыпайылық көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат, тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету, тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету қағидасымен жүзеге асырылады.
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері Үлгі стандартқа қосымша сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекеменің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасының және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
21. Ұсынылған мемлекеттік қызметтің сапасыз көрсетілгені бойынша «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мамандарының іс-әрекетіне шағымдар болған жағдайда, олар шағым бере алады:
«Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына, мекен-жайы:150100 Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл селосы, ықшам ауданы, № 20 үй, телефон (871533) 27461, электронды пошта мекен-жайы asel55@yandex.ru.
Аудан әкіміне, мекен-жайы: 150100 Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл селосы, Шоқан Уәлиханов атындағы көшесі, 44, телефон (8 71533)21102. Электрондық мекені: airtay-akimat@mail.kz;
«Солтүстік Қазақстан облысы білім Департаменте мемлекеттік мекемесінің бастығына, занды мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, телефон (87152) 463432. Электрондық мекені: obldosko@mail.kz.
Таласты сұрақтар азаматтық соттық іс жүргізу тәртібімен шешіледі.
22. Шағымдар почта бойынша немесе жұмыс күндері қолма қол қабылдау бөлмесі арқылы жазбаша түрде қабылданады:
1) «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына, заңды мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл селосы, ықшам ауданы 20. Электрондық мекені asel55@yandex.ru телефон (8 71533) 27461.
2) жоғарыда көрсетілген мекемелер:
«Солтүстік Қазақстан облысы білім Департаменте мемлекеттік мекемесі, заңды мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, телефон (87152) 463432. Электрондық мекені: obldosko@mail.kz;
«Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, заңды мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл селосы, Шоқан Уәлиханов атындағы көшесі, 44, телефон (8 71533) 21102. Электрондық мекені: airtay-akimat@mail.kz.
Таласты сұрақтар азаматтық соттық іс жүргізу тәртібімен реттеледі.
23. Шағымдар азаматтардың өтінішін есепке алу журналында тіркелінеді. Шағымдар заңда көрсетілген мерзімдерде қаралады, нәтижесі туралы өтініш берушіге почта бойынша немесе жеке бару кезінде жазбаша түрде хабардар етіледі.
24. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсету үшін жауапты мамандардың мекен-жайы:
«Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, заңды мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл селосы, ықшам ауданы 20. Электрондық мекені asel55@yandex.ru телефон (8 71533) 27461.
Жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін. Қабылдау алдын ала жазбасыз және жедел қызмет көрсетумен реттік тәртіппен жүзеге асырылады.
«Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің маманы, заңды мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл селосы, ықшам ауданы 20.
Электрондық мекені: asel55@yandex.ru телефон (8 71533) 27461.
Жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін. Қабылдау алдын ала жазбасыз және жедел қызмет көрсетумен реттік тәртіппен жүзеге асырылады.
25. Мекен-жайы: «Айыртау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 150100, Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл селосы, Ш.Уәлиханов көшесі, 44, қабылдау бөлмесінің телефоны 8(71533) 21102, электронды мекен-жайы: airtay-akimat@mail.kz
"Кәмелетке толмаған балаларға тиесілі
тұрғын үй алаңын ауыстыруға немесе
сатуға рұқсат беру үшін нотариалды
кеңсеге анықтама беру" мемлекеттік қызмет
көрсету стандартына қосымша
Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа мен қол жетімділіктің көрсеткіштері |
Көрсеткіш- |
Келесі жылдағы көрсеткіш- |
Есептік |
1. Уақыттылығы |
|||
1.1. Құжатты тапсырған |
100 |
100 |
100 |
1.2. Қызмет көрсетуді алу үшін кезекте 40 минуттан артық емес күткен тұтынушылардың % (үлесі) |
100 |
100 |
100 |
2. Сапа |
|||
2.1. Қызмет көрсетуді ұсыну сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) |
100 |
100 |
100 |
2.2. Лауазымды тұлғамен дұрыс ресімделген құжаттардың оқиғаларының % (үлесі) (жүргізілген аударымдар, есептер және т.б.) |
100 |
100 |
100 |
3. Қолжетімділік |
|||
3.1. Қызмет көрсетуді ұсыну тәртібі туралы сапамен және ақпаратпен қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) |
100 |
100 |
100 |
3.2. Тұтынушымен дұрыс |
100 |
100 |
100 |
толтырылған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % (үлесі) |
|||
3.3. Ақпараты Интернет арқылы қолжетімді қызмет көрсетудің % (үлесі) |
0 |
0 |
0 |
4. Шағымдану үдерісі |
|||
4.1. Қызмет көрсетудің аталмыш түрі бойынша қызмет көрсетілген тұрғындардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі) |
0 |
0 |
0 |
4.2. Белгіленген мерзімде қарастырылған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың % (үлесі) |
0 |
0 |
0 |
4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртібімен қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) |
100 |
100 |
100 |
4.4. Шағымданудың мерзімімен қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) |
100 |
100 |
100 |
5. Сыпайылық |
|||
5.1. Қызметкерлердің сыпайылығымен қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) |
100 |
100 |
100 |