Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының әкімдігінің 2009.10.16 N 250 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы қарашадағы № 107 «Әкімдіктің рәсімдер туралы» Заңының 1, 9-1, 15-1 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы», № 561 «Жеке заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» қаулыларына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Азаматтардың жеке санаттарына санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмек көрсету» мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Алтыншаш Жұлдызбекқызы Тайшабаеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Әділет басқармасына тіркеу үшін жіберілсін.
4. Осы қаулы ресми жарияланған кезден бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі М. Тасмағанбетов
Ғабит Мүсірепов атындағы
аудан әкімдігінің
2008 жылдың 14 сәуірдегі
№ 97 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты «Азаматтардың жеке санаттарына санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмек көрсету»
1. Берілген стандарт жеке дәрежедегі азаматтарға санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмек көрсету.
2. Көсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны - ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының әкімдігінің 2005 жылғы 23 наурызда «Азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек беру ережесін бекіту туралы» № 157 қаулысының (мемлекеттік тіркеу № 13-5-8 2005 жылғы 15 шілдеде, «Новости Приишимья» 2005 жылғы 15 тамызда № 27) Қала әкімдігінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы «Жеке дәрежедегі азаматтарға санаторлық-курорттын емделуге әлеуметтік төлемдерді ұсыну Ережесін бекіту туралы» аудан әкімдігінің 2005 жылғы 16 маусымдағы № 157 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» № 331 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен (мемлекеттік тіркеу № 13-5-54, 2008 жылғы 08 ақпандағы «Новости Приишимья» 2008 жылғы 31 мамырдағы № 22, «Есіл өңірі» 2008 жылғы 02 маусымдағы № 22) негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызметті «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі көрсетеді. Новоишимское селосы, Мектеп көшесі 19.
5. Мемлекеттік қызметті көрсетудің аяқтау нысанасы жеке дәрежедегі азаматтарға санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмек көрсету.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетіледі:
1. Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен оларға теңестірілген тұлғаларға;
2. Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға;
3.Ұлы Отан соғысы жылдары қаза тапқан жауынгерлерлерінің, екінші қайтара тұрмысқа шықпаған жесірлеріне;
4. Ұлы Отан соғысы тылында жанкешті еңбегі және әскери мінсіз қызметі үшін бұрынғы ҚСР Одағының ордендері және медальдарымен наградталған тұлғаларға;
5. Барлық дәрежедегі мүгедектерге;
6. «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Ана даңқы» атағын алған көп балалы аналарға;
7. Саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен зейнеткері болып табылатын тұлғаларға;
8. Социалистік Еңбек Ері және «Халық қаһарманы» атақтарын алғандарға, зейнет жасындағы;
7. Мемлекеттік қызмет келесі мерзімде көрсетіледі:
1) Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі қажет құжаттарды өткізгеннен кейін: он бес күн;
2) Қажет құжаттарды қалыптасқан электронды сұрауға тапсырғанда ең көп берілген күту уақыты отыз минөт;
3) Құжат алу үшін кезекте тұрудың ең көп уақыты отыз минөт;
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі
9. Мемлекеттік қызмет көрсету және керекті құжаттар олардың толтырылуы туралы толық ақпараты «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесі ғимаратының залындағы тақтада орналасқан. Мекен-жайы: Новоишимское селосы, Мектеп көшесі, 19.
10. Мемлекеттік қызмет дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін көрсетіледі, үзіліс 13-ден 14-ке дейін қабылдау кезекпен, алдын ала жазылусыз және тез қызмет көрсетіледі.
11.«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі ғимараттың 2 қабатында орналасқан, онда бөлім мамандарын шақыру түймесі, күту залында орындықтар, ақпарат тақталары орналасқан.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі.
12. Осы мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші тапсырады:
белгіленген түрдегі өтініш;
төлқұжатының көшірмесі;
мәртебесін анықтайтын құжаттың көшірмесі;
тұратын жерін анықтайтын құжаттың көшірмесі;
санаторий-курорттық емделудің керектігі туралы медициналық мекеменің қортындысы.
13. Бланкілер Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы береді.
14. Мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті өтініштерді және басқа да құжаттарды «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемеге тапсырады, мекен-жайы: Новоишимское селосы, Мектеп көшесі 19, № 3-ші бөлме.
15. Мемлекеттік қызмет алу үшін барлық керекті құжаттарды тапсырғаннан кейін,мемлекеттік қызмет алушыға қабылданған күні және орындалу мерзімі көрсетілген хабарлама тапсырылады.
16. Хабарламаны пошта арқылы немесе мемлекеттік мекемеге жеке келу арқылы мемлекеттік мекеме «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мекен-жайы: Новоишимское селосы, Мектеп көшесі 19, № 3-ші бөлме.
17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту негіздері:
1) құжаттардың толық пакеті болмаған жағдайда;
2) ұсынған құжаттардың сәйкессіздігі;
18. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жұмысы адамның конституциялық құқығын сақтау сыпайылық, жауапкершілік көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат, тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғауын және құпиялылығын қамтамасыз ету.
19. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жұмысының қорытындысы тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа, қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
21. Лауазымды тұлғаның әрекетіне шағымдану «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекеменің бастығына хабарласу арқылы жүргізіледі, мекен-жайы: Новоишимское селосы, Мектеп көшесі 19, № 1 немесе орынбасарға, № 6 бөлме.
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкіміне Абылай-хан көшесі 28 үй.
Солтүстік Қазақстан облысы жұмыспен қамту жене әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті – Петропавл қаласы, Абай көшесі, 64.
22. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, 1 бөлме, бастығының орынбасары № 6 бөлме;
Электронды пошта: ro_celin@mal.onlihe.kz
Шағым жазбаша түрде пошта арқылы немесе өзінің әкелуімен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қабылдау бөлмесі арқылы жұмыс күндері қабылданады
23. Қабылданған арыз, кісілерден түскен хаттарды, арыздарды өтініштірді тіркейтін журналға жүмыспен қамту жене әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде Заң арқылы бекітілген мерзімде тіркеледі.
Өтініш берушіге арыздың қаралуының қорытындысы туралы жазбаша хабарланады.
24. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының мекен-жайы: Новоишимское селосы, Мектеп көшесі 19, № 1 бөлме.
электронды пошта: ro_ celin@mail.online.kz,
Мекеменің бастығы - телефон 21060, № 1-ші бөлме.
Бастықтың орынбасары – телефон 23009, № 6-ші бөлме.
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімі Абылай-хан көшесі, 28
Солтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті, мекен-жайы: Петропавл қаласы, Абай көшесі, 64.
Мемлекеттік қызмет көрсету
стандартына қосымша
Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері |
Көрсет- |
Көрсеткіш- |
Көрсеткіш-тің есепті жылдағы ағымдағы мәні |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Уақтылығы |
|||
1.1. құжаттарды |
95 |
95 |
95 |
1.2. қызмет алуды |
95 |
95 |
95 |
2. Сапасы |
|||
2.1. қызметті ұсыну |
95 |
95 |
95 |
2.2. құжаттарды |
95 |
95 |
95 |
3. Қол жетімділік |
|||
3.1. қызметті ұсыну |
95 |
95 |
95 |
3.2. тұтынушы құжаттарды |
95 |
95 |
95 |
3.3. интернет арқылы қол |
0 |
0 |
0 |
4. Шағымдану үдерісі |
|||
4.1. қызметтің осы түрі |
5 |
5 |
5 |
4.2. белгіленген |
5 |
5 |
5 |
4.3. шағымданудың |
5 |
5 |
5 |
4.4. шағымдану мерзіміне |
5 |
5 |
5 |
5. Сыпайылық |
|||
5.1. қызметкерлердің |
95 |
95 |
95 |