Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2009.12.04 N 392 қаулысы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы № 107 «Әкімшілік процедуралар туралы» Заңының 9-1-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 «Жеке және заңды тұлғаларға көрсететін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Тұрғын үй ұстауға арналған жәрдемді тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Т. Абдоллаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Аудан әкімі Е. Мәмбетов
Қызылжар ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 06 маусымдағы № 210
қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандарты «Тұрғын үй ұстауға арналған жәрдемді тағайындау»
1. Мемлекеттік қызметтің анықтамасы: тұрғын үй ұстауға арналған жәрдемді тағайындау
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған
3. Мемлекеттік қызмет көрсетуге негіз болатын нормативтік құқықтық актінің атауы, бабы (тармағы) және баптың (тармақтың) мазмұны:
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» № 94-1 Заңының 97-бабы, 2-тармағы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 «Жеке және заңды тұлғаларға көрсететін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» қаулысының 85-тармағы
4. Осы мемлекеттік қызметті ұсынатын мемлекеттік органның, мемлекеттік мекеменің, өзге де субъектілердің атауы:«Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, Солтүстік Қазақстан облысы, Бескөл с., Гагарина к-сі, 2а, 3 қабат, әлеуметтік бағдарламалар секторы, ro_kyzil@mail.online.kz
5. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны (нәтижесі): әлеуметтік көмек беру немесе бас тарту туралы хабарлама
6. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке және заңды тұлғалардың санаты: тұрғын үй ұстауға арналған жәрдем ауданда тұрғылықты тұратын тұрақ жай иесі немесе, оның ішінде, пайдаланушы отбасыларына, егер тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға жұмсаған шығындар, тұрғын үй алаңы компенсациялық шаралармен қамтамасыз ету нормасының шегінде болса көрсетіледі
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
1) Тұтынушы қажет құжаттарды тапсырған сәттен мемлекеттік қызметті көрсетуге дейінгі уақыт мерзімі (есепке тұру сәті, талон алуы және т.с.с.), – 15 күнге дейін;
2) қажет құжаттарды тапсыру кезегінде барынша рауалы күту уақыты (тіркелуде, талон алуда және т.с.с.)- 40 минут;
3) дайын құжаттарды алу кезегінде барынша рауалы күту уақыты - 40 минут.
8. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ақылы екендігін немесе тегіндігін көрсету: ақылы болған жағдайда құнын (алым, төлем) төлеу кезінде толтырылуы талап етілетін құжаттың қажетті нысандарын (түбіртегін) көрсету
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына және қол жетімділігіне қойылатын талаптар туралы ақпарат көзі ретінде мемлекеттік қызмет көрсету стандартын міндетті түрде орналастыру орнын көрсету. Бұл стандартты ресми жариялау көзіне, мемлекеттік органның, мемлекеттік мекеменің немесе мемлекеттік қызмет көрсететін өзге де субъектінің сайтына немесе мемлекеттік қызмет көрсететін органдарының мекен-жайларына сілтеме болуға тиіс. Мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Бескөл с., Гагарина к-сі, 2а, 3 қабат, әлеуметтік бағдарламалар секторы, ro_kyzil@mail.onlaine.kz
10. Жұмыс кестесін (күндер, сағаттар, үзілістер) көрсету, қызметті алу үшін алдын ала жазылуға бола ма (шарттары мен талаптарын көрсету), жедел қызмет көрсету бар ма (шарттары мен талаптарын көрсету).
Жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін, 9.00 сағаттан 18.00. сағатқа дейін, үзіліс 13.00. сағаттан 14.00. сағатқа дейін
11. Қызмет көрсететін орынның шарттарын көрсету (үй-жай режимі, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жеке мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін жасалған жағдайлар, күтудің және қажетті құжаттарды дайындаудың қолайлы жағдайлары (күту залы, үлгілер қойылған таған)
және т.с.с.).
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін, оның ішінде жеңілдіктері бар адамдар үшін қажетті құжаттар мен талаптардың тізбесін (мысалы, өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасының болуы), көрсету:
1) Өтініш;
2) Жеке куәліктің көшірмесі;
3) Тұратын жерінен анықтама (Азаматтарды тіркеу кітабының
көшірмесі).
4) Жұмыс орнынан анықтама
5) СТН көшірмесі Қажет құжаттардың салыстыру үшін түпнұсқасы және көшірмесін беру керек, соңынан түпнұсқалар өтінушіге қайтарылады.
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті сайтқа сілтемені не бланк берілетін орынды (өтініш нысандары және т.с.с.) көрсету: Солтүстік Қазақстан облысы, Бескөл с., Гагарина к-сі, 2а, 3 қабат, әлеуметтік бағдарламалар секторы, ro_kyzil@mail.onlaine.kz
14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті сайтқа сілтемені не толтырылған бланкілерді, нысандарды, өтініштерді және басқа да құжаттарды тапсыратын жауапты адамның мекен-жайын және кабинетінің нөмірін көрсету: «Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-сіне тапсырылады,мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Бескөл с., Гагарина 6а к-сі, 3 қабат, әлеуметтік бағдарламалар секторы, т.22107
15. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушының мемлекеттік қызметті алған күні бар барлық барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын құжаттың атауын және нысанын көрсету: талон
16. Кызмет көрсету нәтижесін жеткізу тәсілдері мен регламенттерінің толық тізбесін көрсету – электрондық почта, сайт
арқылы, жеке бару, курьер және т.с.с.: жеке бару, селолық округтың мамандары арқылы. Мекен-жай: Бескөл с., Гагарина 2а к-сі
17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру немесе қызметті ұсынудан бас тарту негіздерінің толық тізбесін көрсету.
1) Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үйі бар немесе тұрғын үй-жайды жалға берген тұлғалар
2) Егер еңбекке қабылетті жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында емес және жұмыспен қамту қызметінде есепте жоқ, мүгедектерге (күтімге мұқтаж деп табылған) күтім көрсететін, немесе 7 жасқа дейінгі (бір немесе одан көп) бала тәрбиесімен айналысатындардан басқа, тұлғалар бар отбасылары.
18. Мемлекеттік органның қызмет көрсетуде тұтынушыға қатысты басшылыққа алатын жұмыс қағидаттарын санамалау (сыпайылық, көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат, тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы толық ақпараттың сақталуын, қоғалуын және құпиялығын қамтамасыз ету, тұтынушы белгілеген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету: кызметті көрсету туралы толық және егжей-тегжейлі ақпарат; мамандардың сыпайылығы, жауапкершілігі және профессионалдығы; белгіленген үлгідегі өтінішті және қосымша бланкілерді тегін беру; тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы толық ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялығын қамтамасыз ету, тұтынушы белгілеген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.
19. Тұтынушыларға қызмет көрсету нәтижелері осы үлгі стандартқа қосымшағасәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құралған жұмыс топтары бекітеді.
21. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіретін және шағым дайындауға жәрдем көрсететін мемлекеттік органның атауын, электрондық почтасының мекен-жайын, шақыруларды өңдеу орталықтарының (call-орталықтар) телефон нөмірлерін не лауазымды адам кабинетінің нөмірін көрсету.
Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану «Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-сінің бастығы немесе орыбасарына өтіну арқылы. Мекен-жайы: Солтүстік-Қазақстан облысы, Бескөл с., Гагарина 6а к-сі.
22. Шағым берілетін мемлекеттік органның атауын, электрондық почтасының мекен-жайын не лауазымды адам кабинетінің нөмірін көрсету.
Шағым «Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі» ММ бастығы (3 қабат) немесе орынбасарына
(2 қабат), мекен-жайы: Солтүстік-Қазақстан облысы, Бескөл с., Гагарина 6а к-сі, телефон 2-16-50, жоғары тұрған ұйымдарға беріледі.
23. Шағымның қабылданғанын растайтын және берілген шағымға жауап алатын мерзім мен орынды көздейтін құжаттың атауын, шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректерін көрсету: Талон
24. Тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган, мекеме немесе өзге де субъект басшысының, оның орынбасарының және жоғары тұрған ұйымның байланыс деректерін көрсету (сайт, электрондық почтасының мекен-жайы, жұмыс және қабылдау кестесі, мекен-жайы, телефондары).
«Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мекен-жайы: Солтүстік-Қазақстан облысы, Бескөл с., Гагарина 6а к-сі, 3 қабат, телефон 2-16-50.
Бөлім бастығы, телефон - 2-16-50.
Бөлім бастығының орынбасары телефон - 21902
«Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті» ММ, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы Абай к-сі, 64, телефон 87152465648
Мемлекеттік қызмет көрсету
Типтік стандартына қосымша
Кесте. Сапа мен қолжетімділік көрсеткіштерінің маңызы
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері |
Көрсет- |
Көрсеткіш- |
Көрсеткіш-тің есепті жылдағы ағымдағы мәні |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Уақтылығы |
|||
1.1. құжатты |
99 |
99 |
99 |
1.2. қызмет көрсетуді алуға 40 минуттан |
0 |
0 |
0 |
2. Сапасы |
|||
2.1. % үлесі қызмет көрсету үндерісінің сапасы қанағаттанған тұтынушылар |
95 |
95 |
95 |
2.2. % үлесі лауазымды тұлғаның дұрыс ресімдеген құжаттары болған жағдайда |
100 |
100 |
100 |
3. Қол жетімділігі |
|||
3.1. % үлесі қызмет көрсету тәртібіне және ақпараттың сапасына |
95 |
95 |
95 |
3.2. % үлесі тұтынушылардың дұрыс толтырған құжаттары бірінші ретте тапсырған |
95 |
95 |
95 |
3.3. % үлесі интернет арқылы тиімді ақпараттар қазметі |
100 |
100 |
100 |
4. Шағымдану қағидаттары |
|||
4.1. % үлесі қызмет көрсетудің осы түрімен қызмет тұтынушылардың жалпы санына негізделген |
5 |
5 |
5 |
4.2. % үлесі белгіленген |
100 |
100 |
100 |
4.3. % үлесі осы шағымдану тәртібіне |
90 |
90 |
90 |
4.4. % үлесі шағымдану мерзімдеріне |
90 |
90 |
90 |
5. Сыпайылылық |
|||
5.1. % үлесі тұлғалардың әдептілігіне |
100 |
100 |
100 |