Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев атындағы аудандық мәслихатының 2009.10.20 N 18-2 Шешімімен
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 «Агроөнеркәсіптік кешенді және селолық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабындағы 5-тармаққа сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 30 маусымдағы № 9-4 «Ауылды (селолық) жерде тұратын денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын алу үшін әлеуметтік көмек көрсету ережесі туралы» (мемлекеттік тізілімде 2004 жылғы 2 тамыз № 1313 тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
Шешімнің кіріспесінде «Қазақ кеңестік социалистік республикасының 1991 жылғы ақпанның 13-індегі «Қазақстан Республикасында ауыл мен агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытының басымдылығы туралы» Заңына» сөздері «Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 «Агроөнеркәсіптік кешенді және селолық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабындағы 5-тармаққа» сөздерімен ауыстырылсын.
Ереженің 1-тарауының 1-тармағында «1991 жылғы 13 ақпандағы Қазақ советтік социалистік республикасының «Қазақстан Республикасында ауыл (село) және аграрлық-өнеркәсіптік кешенінің дамуларының басымдылықтары туралы» Заңын» сөздері «Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 «Агроөнеркәсіптік кешенді және селолық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабындағы 5-тармағын» сөздерімен ауыстырылсын.
2-тарауының 4-тармағында «еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органына» сөздері «Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне» сөздерімен ауыстырылсын;
2-тарауының 4-тармағының 2-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының ксерокөшірмелері»;
2-тарауының 4-тармағының 4-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «азаматтарды тіркеу кітабының ксерокөшірмесі».
4-тарауының 7-тармағында «еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органына» сөздері «Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне» сөздерімен ауыстырылсын;
4-тарауының 8-тармағында «Жергілікті еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органы» сөздері «Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» сөздерімен ауыстырылсын.
2.Осы шешім мемлекеттік тіркелген кезден күшіне енеді, бірінші ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Мәслихат хатшысы
В.Уваров В.Гюнтнер