Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық әкімдігінің 2010.01.14 N 6 Қаулысымен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Қазақстан Республикасы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 31-бабына 1-тармағына 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасы, «2008 жылға аудандық бюджет туралы» Заңының 28-бабына 2007 жылғы 27 желтоқсандағы Мамлют аудандық мәслихат сессиясының № 5/2 шешіміне (2008 жылғы 23 қаңтардағы № 13-10-54 нормативтік- құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде тіркелген, 2008 жылғы 8 ақпандағы № 8 «Знамя труда» газетінде жарияланған) сәйкес аудандық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің «Азаматтардың жеке санаттарына санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік төлемдер беру Ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 22 ақпандағы № 1496 нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде тіркелген, 2005 жылғы 18 наурыздағы № 12 «Знамя труда» газетінде жарияланған) 2005 жылғы 16 ақпандағы № 98 қаулысына төмендегі өзгетулер енгізілсін:
Қаулымен бекітілген азаматтардың жеке санаттарына санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік төлемдер беру Ережесіне:
1-тармағында «жергілікті мағынасы» сөзді «санаторийлерде, профилакторийлерде және пансионаттарда» сөзімен ауыстырылсын;
3-тармағы 8) тармақшасы төмендегідей мазмұндалсын:
«8) барлық санаттардың мүгедектері.».
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Б. Бәкеевке жүктелсін.
3. Осы қаулы оны бірінші рет ресми жариялағаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Б. Нұғыманов