Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 2010.02.08 N 182 Шешімімен
Ескерту. Тақырыбына жаңа редакцияда - Тайынша аудандық мәслихатының 2009.10.23 N 157 Шешімімен
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабы 2-тармағына, «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсету үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысының 3, 4-тармақтарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Тайынша аудандық мәслихатының 2009.10.23 N 157 Шешімімен
1. Қоса беріліп отырған Тұрғын үйді ұстау (жеке тұрғын үйден басқа), коммуналдық қызметтерін пайдаланғаны, және телефон үшін абоненттік ақыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс қызметтері үшін төлеуге отбасыларға (азаматтарға) көмек көрсету Ережелері бекітілсін.
2. Қосымшаға сәйкес аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Ж. Габдуллин
Аудандық мәслихаттың хатшысы Қ. Ысқақов
Аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 23 қазандағы
№ 157 шешімімен
Бекітілген Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегінің мөлшері және көрсетілетін тәртіптің Нұсқауы
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Тайынша аудандық мәслихатының 2009.10.23 N 157 Шешімімен
1. Жалпы ережелер
1. Осы нұсқау аз қамсыздандырылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегінің (одан әрі – тұрғын үй көмегі) мөлшері мен көрсетілетін тәртібін анықтайды.
Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу халықты әлеуметтік қорғау нысандарының бірі болып табылады.
2. Тұрғын үй көмегі – төлемге шығындардың орнын толтыру:
Тұрғын жайдың меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникацияның қалалық желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну төлемін.
3. Қазақстан Республикасының отбасылары (азаматтары), оралмандар, шетел азаматтары және тұрақты тұруға рұқсаты бар, Тайынша ауданы мен Тайынша қаласында тұрақты тұратын, тұрғын жайдың (пәтерлердің) меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспананы жалға алушы меншік иелері болып табылатын азаматтығы жоқ тұлғалар, егер отбасының бюджетіндегі өтемақылық шаралар мен баспана мөлшері қамтамасыз етілген шегіндегі коммуналдық қызметтерді тұтыну мөлшері шегіндегі тұрғын үйді күтіп ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну төлемі тұрғын жайдың алағы мөлшері шегіндегі шығындар осы мақсатқа шекті рұқсат етілетін шығыстар үлесінен артық болса тұрғын үй көмегі аудандық бюджет есебінен көрсетіледі. Тұрғын үйдi ұстау, коммуналдық қызметтердi (сумен қамтамасыз ету, канализация, жылумен, электр жарығымен, газбен қамтамасыз ету, қоқыстарды шығару) тұтыну және коммуникацияның қалалық желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтері үшін төлемдерге шектi рұқсат етiлген шығындар үлесi жиынтық кiрiсiнiң 10 % мөлшерiнде белгiленедi.
Егер тұрғын үйдi ұстауға (тұрғын үйдi пайдалануға) және коммуналдық қызметке төлем мөлшерi (тарифi) заңмен белгiленген тәртiппен белгiленбесе, онда шығындарды өтеу нақты шығындар бойынша жүргiзiледi.
Тұтынушылар үшін есептеуге алынатын шығындар, коммуналдық қызметтер тұтынуының есеп аспаптары бар есеп аспаптарының көрсеткіштері негізінде соңғы тоқсанда толық көлемде көрсетілген қызметтері немесе алдыңғы тоқсандағы белгіленген мөлшерлемелердің шегіндегі нақты шығындар бойынша айқындалады.
4. Осы жергілікті өңірде тұрақты тұратын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді төлеуге, айсайынғы және мақсатты жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес кондоминимум объектісінің жалпы мүлігін күрделі жөндеуге, ұстауға, бюджеттік қаражаттар есебінен кондоминимумның жалпы мүлігін күрделі жөндеуге жабдықтаушының шотына ұсынылу бойынша тұрғын үй көмегі көрсетіледі.
5. Баспана көмегі келесі отбасыларына тағайындалмайды:
1) жеке меншігінде бір бірліктен (үлестен) көп баспанасы (пәтері, үйі) барларға;
2) баспананы жалға (екінші жалға алушы) берушілерге;
3) бір айдан астам стационарлық емделудегі, туберкулезбен ауыратын мүгедектер мен тұлғаларды, емдеу мекемелерінде тұрақты есепте тұрған онкологиялық және психологиялық аурулары бар және уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы бар азаматтарды қоспағанда жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарда тіркелмеген жұмыссыздары барларға, магистратура мен аспирантураны қосқанда күндізгі оқыту нысанының оқушылары мен студенттеріне, тыңдаушылары мен курсанттарына, сондай-ақ І және ІІ топтағы мүгедектерді, сексеннен асқан тұлғаларды, жеті жасқа дейінгі балаларды күтумен айналысатын азаматтарға.
Дәлелді себептерсіз ұсынылған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан бас тартқан, қоғамдық жұмыстарға қатысуды, оқуды немесе қайта оқуды өз еріктерімен тоқтатқан жұмыссыз отбасы мүшелері бар отбасылары алты ай мерзімге баспана көмегін алу құқығынан айырылады.
Меншік иесінің немесе тұрғын үй иесінің біреуінің қайтыс болғанында меншік иесінің қайтыс болған күнінен 6 ай ішінде тұрғын үй көмегі мұрагерлік құқығын алғанша дейін баспана алаңының нормасы және коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері шегінде пәтерде (үйде) тұрақты тұрып жатқан отбасы мүшелеріне тағайындалады.
3. Тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш
6. Тұлға (одан әрі- арызданушы) жеке өз атынан немесе отбасының атынан Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (одан әрі – Бөлім) белгіленген үлгідегі өтінішпен баспана көмегін тағайындауға жүгінеді.
7. Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:
1) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі (жылына бір рет);
2) арызданушы мен оның отбасы мүшелерінің тоқсандағы, өтінішке дейінгі тоқсандағы алынған табысы туралы мәлімет;
3) өтініштің соңғы тоқсанындағы эксплуатациялық шығындар мен коммуналдық қызметтер үшін нақты төлем туралы мәлімет.
4) ол абонент болып табылатындығын растайтын құжат (шарт немесе телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот).
Қабылдауда өзімен бірге болсын:
1) арызданушыны және оның отбасының барлық мүшелерін куәландыратын құжаттар (оның ішінде балаларының туу туралы куәліктері);
2) пәтерге техникалық құжат, шарт (жекешелендіру, сату-сатып алу, айырбастау, сыйға тарту) немесе тіркеу куәлігі, мұрагерлікке құқық туралы куәлік, пәтерге ордер;
3) зейнеткерлер мен мүгедектер үшін зейнетақылық куәлік және жинақтау кітапшасы;
4) азаматтарды тіркеу кітабы;
5) салық төлеушінің тіркеу нөмірі (жылына 1 рет);
6) некелерін бұзған тұлғалар үшін неке бұзу туралы куәлік (жылына 1 рет);
8. Кондоминимумның жалпы мүлігін күрделі жөндеуге шығындарды өтемақылауға құқылы отбасылар (тұлғалар) осы ережелердің 7 тармағында көрсетілген құжаттардан басқа қосымша мыналарды ұсынады:
1) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің кондоминимум объектісінің жалпы мүлігін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің қажеттілігі туралы қорытындысының көшірмесін;
2) тұрғын үй иесі мен жөндеу жұмыстарын іске асыратын тұрғын үй иелерінің кооперативі мен ұйымдары арасындағы жасалған кондоминимумның жалпы мүлікті күрделі жөндеуді жүргізуге шарттың көшірмесін;
3) кондоминимумның жалпы мүлкін күрделі жөндеу бойынша жүргізілген жұмыстарды қабылдау-тапсыру кесімінің көшірмесін:
Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін қажетті құжаттар салыстыру үшін көшірме түрінде және түпнұсқа түрінде ұсынылады, кейін құжаттардың түпнұсқалары арызданушыға қайтарылып беріледі.
Арызданушы және оның отбасының мүшелері Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өтініште көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығына жауап береді.
4. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі
9. Тұрғын үй көмегін тағайындау Бөліммен баспана көмегін көрсетуге жергілікті бюджетпен қарастырылған сома шегінде іске асырылады.
10. Бөлім қоса берілген құжаттармен бірге өтінішті қабылдайды, оны он бес күн ішінде қарастырады және тұрғын үй көмегін тағайындау немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
11. Тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсанға тағайындалады. Көмекті тағайындауға арналған құжаттар ағымдағы тоқсанның соңғы айының жиырма бесіне дейін қабылданады. Тұрғын үй көмегін алушылардың қайталанған өтініші бастапқы ресімдеу үрдісімен іске асырылады.
12. Тұрғын үй көмегі жайластырылған секторда тұратын тұлғаларға ақшасыз нысанда ұсынылады және өтініштер бойынша тұрғын үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иесіне немесе жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға) есептелген сомамен салыстыру бойынша тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге төлемді азайту ретінде қызмет ұсынушылардың шоттарына аударылады.
13. Ұсынылған құжаттарды қараудың нәтижелері бойынша Бөлім мен арызданушы арасында екі тарапты шарт жасалады, тұрғын үй көмегін есептеу енгізіледі. Шарт екі данада жасалады, оның біреуі тұрғын үй иесінде сақталады. Көрсетілген шарт тұрғын үй көмегін ұсыну үшін негіз болып табылады.
14. Бөлім тағайындалған тұрғын үй көмегі сомасын көрсете отырып меншік иелерінің немесе тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға) тізілімдерін қалыптастырады және қызметті ұсынушылардың есепшоттарына аударуды жүргізеді. Телефонға абоненттік төлемнің тарифтерінің өсуіне өтемақы қызмет ұсынушының немесе арызданушылардың жеке шоттарына аударылады.
15. Нақты жүргізілген күрделі жөндеуге төлемдер екінші деңгейдегі банк бөлімшелері немесе «Қазпошта» АҚ филиалы арқылы алушылардың жеке шоттарына есептелген соманы аудару жолымен жүргізіледі.
16. Бөлім тұрғын үй меншігінің бар екендігін растайтын мәліметтерді тиісті органдардан сұрайды (жылына 1 рет).
17. Тұрғын үй көмегін алушы он күн мерзімінде Бөлімді тұрғын үй көмегі мөлшерінің өзгеруі немесе оны алмау құқығына ие болу үшін негіз болуы мүмкін жағдайлар туралы ақпараттандыруға міндетті.
18. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес тұрғын үй көмегінің тағайындалынуының және ұйымдастырылуының дұрыстығына жауап береді.
5. Тұрғын үй көмегі мөлшерін айқындау
19. Отбасына (азаматтарға) тұрғын үй көмегінің мөлшері Бөліммен осы мақсаттарға отбасы шығындарының жол берілген деңгейі шегінде және өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілетін нормалар шегінде тұрғын үй-жайды (пәтерді) күтіп ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға меншік иесінің немесе жалға алушының (екінші жалға алушының) нақты төлемі арасындағы айырмашылық түрінде есептеледі.
Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау кезінде келесі тұрғын үйлердің мөлшерлері ескеріледі:
жалғыз басты азаматтарға – 30 шаршы метр;
екі адамнан тұратын отбасыларға – 48 шаршы метр;
үш және одан көп адамнан тұратын отбасыларға - әрбір адамға 18 шаршы метрден;
айына бір адамға шаққандағы газды тұтыну:
газ плитасы мен орталықтандырылған ыстық сумен қамту кезінде – 4,8 килограмм;
газ плитасының, газбен суды қыздыру құралының бар болғанында, орталықтандырылған ыстық сумен қамтудың болмағанында – 13,7 килограмм;
газ плитасының бар болғанында, орталықтандырылған ыстық сумен қамтудың, газбен суды қыздыру құралының болмағанында – 8,2 килограмм;
айына электр энергия:
бір бөлмелі пәтер – 100 Квт;
екі бөлмелі пәтер – 120 Квт;
үш бөлмелі пәтер – 150 Квт;
тәулігіне бір адамға кететін су:
көшедегі құдықтардан су алу – 40 литр;
су құбыры бар, бірақ та канализациясы жоқ тұрғын үйлер – 75 литр;
су құбыры мен канализациясы бар, бірақ та ваннасы жоқ тұрғын үйлер – 120 литр;
су құбыры, канализациясы ыстық суымен ваннасы бар, қатты отынмен қыздырылатын тұрғын үйлер – 180 литр;
су құбыры, канализациясы және газбен суды қыздыру құралымен ванналары бар тұрғын үйлер – 225 литр;
қол жуғышпен, жуғыштармен, душтармен, 1500-1700 сантиметр ұзын ванналармен жабдықталған, ыстық сумен қамтылған тұрғын үйлер -260 литр.
20. Тұрғын үй көмегін алу үшін тұлғаның (отбасының) жиынтық табысын айқындау Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қолдау Министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-п бұйрығымен бекітілген мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға үміткер тұлғаның (отбасының) жиынтық табысын есептеу Ережелері негізінде жүргізіледі.
21. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтерге нақты есептелген төлем сомасынан аспауы тиіс.
22. Отбасының тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге төлемнің рұқсат етілген шығындары шегіндегі үлестің өзгеруі кезінде коммуналдық қызметке тарифтер мен нақты шығындар, отбасының құрамы мен шығындары, тағайындалған тұрғын үй көмегінің мөлшері қайта есептеледі. Артық төленген сома өз еркімен қайтарылуы тиіс, егер бас тартылатын болса сот тәртібімен шешіледі.
6. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру көзі
23. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру аудандық бюджет есебінен, ал телефонға тарифтердің өсуіне өтемақы сәйкес қаржылық жылға бекітілген республикалық бюджет есебінен іске асырылады.
Аудандық мәслихаттың
2008 жылғы 10 шілдедегі
№ 60 шешіміне
қосымша
Аудандық мәслихаттың күші жойылған кейбір шешімдерінің
Тізбесі
1) Аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 12 қазандағы «Тұрғын үйді ұстау (жеке тұрғын үйден басқа), коммуналдық қызметтерін пайдаланғаны, және телефон үшін абоненттік ақыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс қызметтері үшін төлеуге отбасыларға (азаматтарға) көмек көрсету Ережелері туралы» № 50 шешім;
2) Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 14 шілдедегі «Тұрғын үйді ұстау (жеке тұрғын үйден басқа), коммуналдық қызметтерін пайдаланғаны, және телефон үшін абоненттік ақыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс қызметтері үшін төлеуге отбасыларға (азаматтарға) көмек көрсету Ережелері туралы» аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 12 қазандағы № 50 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 94 шешім;
3) Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 18 қарашадағы «Тұрғын үйді ұстау (жеке тұрғын үйден басқа), коммуналдық қызметтерін пайдаланғаны, және телефон үшін абоненттік ақыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс қызметтері үшін төлеуге отбасыларға (азаматтарға) көмек көрсету Ережелері туралы» аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 12 қазандағы № 50 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 113 шешім;
4) Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 23 желтоқсандағы «Тұрғын үйді ұстау (жеке тұрғын үйден басқа), коммуналдық қызметтерін пайдаланғаны, және телефон үшін абоненттік ақыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс қызметтері үшін төлеуге отбасыларға (азаматтарға) көмек көрсету Ережелері туралы» аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 12 қазандағы № 50 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 186 шешім.