Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық әкімдігінің 2011.10.14 N 257 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 37-бабына сәйкес, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің 2008 жылдың 25 наурызындағы № 78 «Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін мәдениет және спорт, әлеуметтік қамтамасыз ету мамандарының лауазымдарының тізбесін анықтау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы (2008 жылдың 3 мамырдағы № 18 «Нива» газетінде жарияланған 2008 жылдың 18 сәуіріндегі № 13-12-61 Тимирязев ауданы әділет басқармасында тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
Қаулыға қосымша 1-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«1. Әлеуметтік қамтамасыз ету мамандар лауазымдары:
күтім бойынша әлеуметтік жұмысшы»
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Б. Жұмабеков