Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 28.06.2013 N 13/10 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Аграрлық-өнеркәсіптік кешен және селолық аймақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабының 14-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу.
2. 2001 жылғы 22 тамызының № 15/2 «Ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы» (2001 жылғы 23 қазанда № 37 «Нива» газетінде жарияланған, № 449 2001 жылғы 28 қыркүйектегі нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде тіркелген) өз күшін жойды деп танылсын.
3. Осы шешім ресми жарияланғаннан соң он күнтізбелік күннен кейін күшіне енеді.
VІІІ сессиясының төрағасы
аудандық мәслихаттың хатшысы А. Анненков