Ескерту. Күші жойылды - Шал ақын аудандық әкімдігінің 2009.12.10. N 215 Қаулысымен
«Әкімшілік рәсімдеулер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107 Заңы 1 бабы, 9-1 бабы, 15-1 бабына, «Мемлекеттік қызмет көрсетудің тұрпатты стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558, «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімінің бекітілуі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулыларына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Шал ақын ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есеп жүргізу» берілген мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулы ресми жарияланғаннан күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А. Әмрин
Аудан әкімдігінің 2008 жылғы
29 мамырдағы № 104
қаулысымен бекітілді
«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есеп жүргізу» мемлекеттік қызмет көрсету СТАНДАРТЫ
1.Берілген стандарт Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есеп жүргізу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін аңықтайды (келесіде - мемлекеттік қызмет).
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің түрі – жарым-жартылай автоматтандырылған.
3.Мемлекеттік қызмет «Өтемақыны тағайындау жөніндегі уәкідетті орган – уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 ақпандағы № 110 қаулысымен бекітілген Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарды тіркеу Ережесінің 1 тармағының 2 тармақшасының негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет «Шал ақын ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен көрсетіледі (келесіде – «ЖҚ және ӘББ» ММ).
5. Мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны хабарлау болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарға көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі: он күнтізбелік күннен кешіктірмей.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпаратты және толтыру үлгілері Шал ақын ауданы, Сергеев қаласы, Ыбраев көшесі, 50 үй, мекен-жайы бойынша орналасқан «Шал ақын ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимаратындағы стендтарда
орналастырылған.
10.Мемлекеттік қызмет көрсету дүйсенбіден жұмаға көрсетіледі.
Қабылдау кезек тәртібі бойынша алдын ала жазылусыз және жұмыс күннің ішінде тез қызмет көрсетіледі.(сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, түскі үзіліс 13-00-ден 14-00-ге дейін.)
11. «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимараты бірінші қабатта орналасқан, күту залы, құжаттарды толтыру үшін орындар, қажетті құжаттар тізімі және толтыру үлгілері мен стендтер бар.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) өтініш бланкі;
2) жеке куәлік (паспорт);
3) салық төлеушініңң тіркеу нөмірін беру туралы куәлігі;
4) тұрғылықты жерінен анықтама;
5) сақтау кітапшасы немесе өтемақы беру бойынша уәкілетті органнан шарт;
13) барлық қажетті өтініштер бланктері «ЖҚ және ӘББ» ММ қабылдау бөлмесінің мамандарында;
14) 12 тармақта тізбеленген құжаттар «ЖҚ және ӘББ» ММ құрылымдық бөлімшесіне беріледі;
15) Құжатты тапсырған өтінушіге қабылданған күні және орындалу мерзімі көрсетілген үзбелі талон беріледі;
16) Қызмет көрсетудің әдісі – жеке бару.
17) Арызданушымен берілген мәліметтердің күмәнділігі, ұсынылған құжаттардың сәйкес болмауы мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтатуға негіз болады.
18. қызметті тұтынушыға қатысты басшылық жасайтын мемлекеттік органның жұмыс қағидалары:
1) қызмет берудің тәртібі туралы толық ақпарат алу;
2) әдептілік, жауапкершілік және профессионализм;
3) өтінішті, белгіленген үлгіні және оған қоса берілген бланктерді тегін алу;
4) қабылданған шешім туралы хабар алу, хабарда бас тарту болған жағдайда бас тарту себептері көрсетіледі.
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызметтің көрсетілу нәтижелері осы стандарт қосымшаларында нұсқалған сапа және мемлекеттік қызметке қол жеткізу көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. «ЖҚ және ӘББ» ММ жұмысы сапа және мемлекеттік қызметке қол жеткізу көрсеткіштерінің мақсатты аңықтамалары бойынша бағаланатын жыл сайын әлеуметтік жұмыс тобын құру бекітіледі.
21. Лауазымды тұлғаның әрекетіне шағымдану «Шал ақын ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысына, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жұмыспен
қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің басшысына арыздану арқылы іске асырылады.
Талас сұрақтар азаматтық соттық іс жүргізу тәртібімен шешіледі.
22. Шағымдар жазба түрінде пошта, электрондық пошта бойынша немесе «ЖҚ және ӘББ» ММ хатшысы арқылы жұмыс күндері қабылданады.
23. Қабылданған шағымдар «ЖҚ және ӘББ» ММ өтініштерді тіркеу журналында тіркеледі. Шағымдар заң мерзіміне байланысты қаралады,
нәтижесі туралы жазба түрінде пошта немесе электрондық пошта бойынша хабарланады.
24. Мемлекеттік қызметті көрсетуге міндетті «ЖҚ және ӘББ» ММ басшысының мекен-жайы: 151300 Солтүстік Қазақстан облысы,Шал ақын ауданы, Сергеевка қаласы, Ыбраев көшесі, 50 үй,бастықтың телефоны 8-715-34-2-16-91,бастықтың орынбасары 8-715-34-2-15-37, жұмыспен
қамтудың құрылым бөлімшесінің 8-715-34-2-18-31, электрондық пошта мекен-жайы ro-shal@mail.online.kz
Солтүстік Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және
әлеуметтік бағдарламалар департаменті басшысының мекен-жайы: Петропавл қаласы Абай көшесі, 64 телефон 8-715-2-46-56-48, №213 кабинет, электрондық пошта мекен-жайы: obl_dep@mail.online.kz.
25. Қосымша қызметтер туралы тұтынушыға ақпарат - Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарға
бірыңғай мемлекеттік ақшалай өтемақы алу мүмкіндігі.
«Семей ядролық сынақ полигонында
ядролық сынақтардан зардап шеккен
азаматтарды тіркеу және есеп жүргізу»
мемлекеттік қызмет көрсету стандартына
қосымша
Кесте. Сапа және мемлекеттік қызметке қол жеткізу көрсеткіштерінің мағынасы
Сапа және мемлекеттік қызметке қол жеткізу |
Көрсеткіш- тің нормативті мағынасы |
Келесі жылдағы |
Есепті жылдағы |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Дер кезінде |
|||
1.1. құжат тапсы- рылған күнінен белгіленген мерзімде қызмет |
|
||
1.2. қызмет алуда кезекте 40 минуттан астам тұрған |
|
||
2. Сапа |
|||
2.1. қызмет көрсету сапасының процесімен |
|||
2.2. лауазымды тұлғалардың құжаттарды дұрыс ресімделуінің % (үлес) (өткізілген аударулардың, есеп айрысулардың т.б.) |
|||
3. Қол жеткізу |
|||
3.1. қызмет көрсету тәртібі туралы сап және ақпаратпен |
|||
3.2. тұтынушылардың алғаш тапсырудан |
|||
3.3. интернет арқы- лы алынатын ақпа- раттар қызметінің % (үлес) |
|||
4. Шағым процесі |
|||
4.1. осы қызмет түрі бойынша тұтынушыларға көрсетілген қызметке негізделген шағым- дарының жалпы санының % (үлес) |
|||
4.2. көрсетілген мерзімде қарасты- рылып, қанағаттан- дырылған негізделген шағым- дардың % (үлес) |
|||
4.3. шағым тәртібі- мен қанағаттанды- рылған тұтынушылар- дың % (үлес) |
|||
4.4. шағым мерзімдерімен қанағаттандырылған тұтынушылардың % |
|||
5. Әдептілік |
|||
5.1. қызметкерлер- дің әдептілігімен қанағаттандырылған |