Ескерту. Күші жойылды - Атырау облыстық мәслихатының 06.03.2014 № 231-V шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы № 209 "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) кодексінің 489, 491 баптарына сәйкес ІV шақырылған облыстық мәслихат кезекті X сессиясында ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 23 шілдедегі № 112-ІV "Атырау облысы бойынша облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының бөлінген белдеулерінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақыларды бекіту туралы" шешіміне (2008 жылдық 27 тамызында Әділет департаментінде N 2532 санымен тіркелген, "Атырау" газетінің 2008 жылғы 30 тамызында N 103 (18872) санымен жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
қосымшаның 4 тармағы алып тасталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың бюджет, қаржы, экономика, кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына (М. Шырдабаев) жүктелсін.
3. Осы шешім Атырау облысы бойынша Әділет департаментінен тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың
X сессиясының төрағасы У. Бисенұлы
Облыстық мәслихаттың хатшысы Ж. Дүйсенғалиев