"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына сәйкес, тиісті аумақтардағы тұрғындардың пікірлерін ескере отырып және Мақтарал, Сарыағаш аудандары мәслихаттары мен әкімдіктерінің ұсыныстары бойынша Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Оңтүстік Қазақстан облысының жекелеген әкімшілік-аумақтық бірліктері:
Мақтарал ауданы бойынша
Абай ауылдық округінің Плодовиноградное ауылы - Жүзімдік ауылы болып;
Абай ауылдық округінің Прибрежное ауылы - Алтын кемер ауылы болып;
Абай ауылдық округінің Интернациональное ауылы - Жолбарыс Қалшораев
ауылы болып;
Қызылқұм ауылдық округінің Қазақстанның 60 жылдығы ауылы - Қостақыр
ауылы болып;
Қызылқұм ауылдық округінің Комсомол ауылы - Жалпаққұм ауылы болып;
Мақталы ауылдық округінің Железнодорожное ауылы - Теміржол ауылы
болып;
Жамбыл ауылдық округінің Прогресс ауылы - Көкпарсай ауылы болып;
Жылысу ауылдық округінің Минеральные воды ауылы - Жылы су ауылы
болып;
Ш.Ділдәбеков ауылдық округінің Большевик ауылы - Зерделі ауылы болып;
Ш.Ділдәбеков ауылдық округінің Кирпичное ауылы - Кемер ауылы болып;
Ш.Ділдәбеков ауылдық округінің Ленинабад ауылы - Сырабат ауылы
болып;
Ш.Ділдәбеков ауылдық округінің Кәріс ауылы - Күрішті ауылы болып;
Ш.Ділдәбеков ауылдық округінің Жданов ауылы - Байдала ауылы болып;
Ш.Ділдәбеков ауылдық округінің Чкалов ауылы - Сұлубұлақ ауылы болып;
Сарыағаш ауданы бойынша
Бірлесу ауылдық округінің Целинное ауылы - Берекелі ауылы болып;
Бірлесу ауылдық округінің Октябрьдің 60 жылдығы ауылы - Қазақстан
ауылы болып;
Біртілек ауылдық округінің Қазақ ССР-інің 15 жылдығы ауылы -
Шырылдақ ауылы болып;
Біртілек ауылдық округінің Энгельс ауылы - Еңбекші ауылы болып;
Біртілек ауылдық округінің Чапаев ауылы - Біртілек ауылы болып;
Жартытөбе ауылдық округінің Стаханов ауылы - Достық ауылы болып;
Дарбаза ауылдық округінің N 52 разъезд ауылы - Ердәуіт ауылы болып
қайта аталсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихат
сессиясының төрағасы
Облыс әкімі
Облыстық мәслихаттың
хатшысы