"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының
11-бабына
сәйкес Кентау қалалық мәслихаты мен әкімдігінің пікірлерін ескере отырып, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты
ШЕШТІ
және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Кентау қалалық билік органдарының әкімшілік бағыныстағы Ащысай, Байылдыр, Хантағы поселкелері Ащысай, Байылдыр, Хантағы ауылдары болып қайта құрылсын.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы
Облыс әкімі
Облыстық мәслихаттың хатшысы