Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 27 наурыздағы N 15-200/-IV Шешімімен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің
491 бабының 2 тармақшасына
сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты
ШЕШТІ:
1. Облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін ақының ай сайынғы ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихат
сессиясының төрағасы С.Сейтжанов
Облыстық мәслихаттың
хатшысы Ә.Досболов
Оңтүстік Қазақстан облыстық
мәслихатының
2008 жылғы 30 маусымдағы
N 8/101-ІV шешімі
Облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін ақының ай сайынғы ставкалары
№ |
Облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары |
Бетінің алаңы 3 шаршы метрге дейінгі сыртқы (көрнекі) жарнамаға ақының айлық есепті көрсеткіштердегі ставкалары |
1. |
Тараз қаласы бағытынан Шымкент қаласына кіреберіс жолдары |
20 айлық есепті көрсеткіштері |
2. |
Қалған барлық облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары |
10 айлық есепті көрсеткіштері |
Ескертпе: Көлемнен тыс жарнамалық ақпаратты орнату кезінде ақының ай сайынғы ставкасы ақпараттық парақтың көлемінің 3 шаршы метрге қатысты өсуіне бара бар көбейеді.