"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3, 8 және 11-баптарына сәйкес, Тарбағатай ауданы мәслихатының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы N 3-6 және әкімдігінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы N 455 бірлескен шешімі мен қаулысы негізінде, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) мынадай елдi мекендер өзге қоныстар категориясына жатқызылсын және есептi деректерден шығарылсын:
Құмкөл ауылдық округінің Тақиякеткен ауылы, Қарасу ауылдық округінің Бәкей ауылы, Көкжыра ауылдық округінің Мешел ауылы, Қызыл кесік ауылдық округінің Қуан ауылы, Екпін ауылдық округінің Нәуім және Нарын ауылдары;
2) Тақиякеткен қонысы Құмкөл ауылдық округінің Көкбастау ауылының құрамына, Бәкей қонысы Қарасу ауылдық округінің Қарасу ауылының құрамына, Мешел қонысы Көкжыра ауылдық округінің Қызбай ауылының құрамына, Қуан қонысы Қызыл кесік ауылдық округінің Қызыл кесік ауылының құрамына, Нәуім және Нарын қоныстары Екпін ауылдық округінің Көкжол ауылының құрамына енгізілсін.
2. Осы шешім мен қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Ж.ӘШІМОВ
Облыс әкімі Ж.КӘРІБЖАНОВ
Облыстық мәслихат
хатшысы В.АХАЕВ