Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6, 31 баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13 бабына сәйкес, шағынаудандар тұрғындарының өтініштерін және қалалық ономастикалық комиссияның шешімін қарап, Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ және Орал қалалық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Орал қаласы Зачаганск кенттік округі "Жақсы ауыл" шағынауданындағы жаңа көшеге "Дәуқара батыр көшесі" атауы тағайындалсын.
2. Осы шешім мен қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Орал қалалық мәслихатының Орал қаласының әкімі
кезекті 9-шы сессиясының
төрайымы
Орал қалалық мәслихатының
хатшысы