Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы мәслихаттың 2012.05.28 № 5-6 Шешімімен
Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 43 бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6, 7 баптарына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Орал қалалық мәслихатының "Орал қаласының жасыл желектерін күтіп ұстау мен қорғау Ережесі" туралы" 2007 жылғы 13 маусымдағы № 46-15 (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тізілімінде 2007 жылғы 19 шілдеде 7-1-72 нөмірмен тіркелген, "Жайық үні" газетінің 2007 жылғы 30 тамыздағы № 35, "Пульс города" газетінің 2007 жылғы 13 қыркүйектегі № 37, 2007 жылғы 20 қыркүйектегі № 38 жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
2 тармақтағы "ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді" сөздері "ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Орал қалалық мәслихатының кезекті
11-ші сессиясының төрайымы
Орал қалалық мәслихатының хатшысы