Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.04.28 № 165 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қолданушылардың назарына!!!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т қараңыз.
Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының "Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту жөніндегі" 2005 жылғы 19 сәуірдегі N 132 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3649 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту жөніндегі" 2005 жылғы 19 сәуірдегі N 132 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2006 жылғы 27 қазандағы N 228 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4463 тіркелген) енгізілген өзгерісімен бірге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптар туралы нұсқаулықта:
1-тармақта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) белгілеген есептердің, сондай-ақ хабарламалардың, анықтамалардың, жеке шоттардан үзінді көшірмелердің, өткізілген операциялар туралы есептердің және ақпараттық операциялар жүзеге асырылғанын растайтын басқа құжаттардың нысандарын автоматты қалыптастыруды;";
7) тармақша "жүргізуді" деген сөзден кейін "және автоматты қалыптастыруды" деген сөздермен толықтырылсын;
9) тармақшада "шығару мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс" деген сөздер "шығару мүмкіндігін;" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 10), 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын:
"10) осы ақпаратты енгізуде қателерді болдырмау мақсатында түрлі пайдаланушылардың бұйрықтарын екі реттік енгізу жүйесін ("бірінші енгізу" және "екінші енгізу") қолдануды қамтамасыз ету. Ақпаратты енгізуде "екінші енгізудің" пайдаланушыларында "бірінші енгізудің" пайдаланушылары енгізген ақпаратқа қол жетімділіктері жоқ. "Екінші енгізудің" деректері "бірінші енгізудің" деректеріне сәйкес келмеген жағдайда, бағдарлама тиісті хабарламаны беруге тиіс;
11) электрондық құжаттармен алмасуды қамтамасыз ету;
12) бағдарламалық қамтамасыз етудегі іркілістер жағдайында резервтік көшірмеден ақпаратты бұдан кейін қалпына келтіру мүмкіндігімен бағдарламалық қамтамасыз етудің резервтік көшірмесі бар болуы арқылы жұмысты іркіліссіз және үзіліссіз жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз ету.";
2-тармақта:
бірінші абзацтағы "брокерлік-дилерлік" деген сөздер "брокерлік және дилерлік" деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақша алынып тасталсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) мынадай операцияларды:
жеке шотты ашуды;
тіркелген тұлға туралы мәліметтердің өзгеруін;
эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылымын жоюды;
бағалы қағаздар ұстаушылардың шоттарынан (шоттарына) бағалы қағаздарды есептен шығаруды (есепке алуды);
жарғылық капиталдың мөлшерін өсірмей, орналастырылған акциялардың саны өсуіне байланысты бағалы қағаздарды ұстаушылардың жеке шоттарында (қосалқы шотта) акциялардың саны ұлғайғаны (акцияларды бөлшектеу) жөніндегі жазбаны енгізуді;
бағалы қағаздардың ауыртпалығы және ауыртпалықты алып тастауды;
бағалы қағаздарды оқшаулау және бағалы қағаздарды оқшаулауды алып тастауды;
сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны енгізуді және сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны жоюды;
жеке шотты жабуды;
жеке шоттан көшірмені беруді;
жүргізілген операциялар туралы есепті беруді;
бағалы қағаздарды ұстаушылардың, орталық депозитарийдің, эмитенттердің және уәкілетті органның сұратуы бойынша басқа есептерді дайындауды және беруді;";
4) тармақшадағы "сақталуын қамтамасыз етуге тиіс" деген сөздер "сақталуын;" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу процесінде орталық депозитарийдің бағдарламалық қамтамасыз етуімен өзара әрекеттесуді қамтамасыз етуге тиіс";
мынадай мазмұндағы 2-1, 2-2 және 2-3 тармақтармен толықтырылсын:
"2-1. Номиналды ұстаушы ретінде бағалы қағаздар нарығында клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және дилерлік қызметті, кастодиандық қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың бағдарламалық қамтамасыз етуі осы Нұсқаулықтың 1 және 2-тармақтарында көзделген талаптарға қосымша, клиенттердің номиналды ұстауға және (немесе) кастодиандық қамтамасыз етуге берілген активтерін есепке алу мүмкіндігін, клиент активтерін жеке есепке алуды, оны есептеу бойынша барлық операцияларды жүргізуді, жеке шот бойынша операциялардың тарихын талдау мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
2-2. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілім жүйесін жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың бағдарламалық қамтамасыз етуі осы Нұсқаулықтың 1 және 2-тармақтарында көзделген талаптарға қосымша, клиентке оның бұйрығын орындау жөніндегі есепті жеке шоттардың бірыңғай жүйесінде мәмілелер көрсетілгені туралы орталық депозитарийдің растауын алғаннан кейін және осы растау туралы ақпаратты бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілім жүйесіне енгізгеннен кейін ғана қалыптастыру мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
2-3. Номиналды ұстаушы ретінде бағалы қағаздар нарығында клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және дилерлік қызметті, бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілім жүйесін жүргізу бойынша қызметті, кастодиандық қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдар алмасатын электрондық құжаттардың типтік нысандары орталық депозитарийдің ереже жиынтығында айқындалады.";
3-тармақтағы "мерзімді" деген сөз "күн сайынғы автоматты" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Бағдарламалық қамтамасыз етудің әр пайдаланушысы үшін жеке пароль бойынша кіру көзделеді. "Администратор" қол жетімділік деңгейі үшін парольдарды өзгерту мүмкіндігі көзделеді. Бағдарламалық қамтамасыз етуде отыз күнде бір реттен жиі емес өзгерілетін тиісті парольды енгізусіз кіргізілетін деректерге, функцияларға, операцияларға, есептерге қол жетімділік мүмкіндігі жоқ.
Парольді қатарынан үш реттен астам қате енгізген жағдайда, оператордың есептік жазбасы жабылып тасталады. Администратор қайтадан ашуды оператордың өтінімі негізінде жүргізеді.
Парольді өзгерткенде, ақпараттық жүйе бұрынғы парольдарды қолдануды бақылайды (бұрынғы парольдарды есте сақтау тереңділігі үштен кем емес).
Бағдарламалық қамтамасыз етуде операцияны жасау немесе деректер базасына өзгерістер енгізу және осы операцияны немесе жазбаны жүзеге асырған пайдаланушыны сәйкестендіру уақытына қатысты мәліметтерді сақтау көзделеді.";
8-тармақта:
3) тармақшада "өзгертуге/жоюға жол берілмейді." деген сөздер "өзгертуге/жоюға;" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) электрқоректенудің өшуі, желінің, телекоммуникацияның істен шығуы, қосылған жерлердің ажырауы, санкциясыз қол жетімділік әрекетінің нәтижесінде тоқтатылған операцияларды автоматты аяқтауға жол берілмейді.";
9-тармақтың 1) тармақшасы "бағалы қағаздардың", "бағалы қағаздар" деген сөздерден кейін сәйкес "(ақшаның)", "(ақша)" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 17-1 және 17-2 тармақтармен толықтырылсын:
"17-1. Бағдарламалық қамтамасыз етудің іркіліссіз және үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында екіден кем емес үзіліссіз қоректену көзі бар болуы көзделуде, біреуі негізгі ретінде қолданылады, қалғаны - резервтік ретінде не дереу іске қосылуға дайын резервтік генераторы бар болуымен жалғыз үзіліссіз қоректену көзі көзделуде.
17-2. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілім жүйесін жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыру үшін серверлік және клиенттік аппараттық қамтамасыз етуде негізгі жабдық бұзылған, жойылған немесе оны қолдануға мүмкіндік болмаған жағдайда, дереу іске қосылуға дайын өзінің құрамында резервтік жабдығы бар. Бұл ретте серверлік жабдығы бар үй-жай қол жетімділік жүйесін бақылау жүйесімен жабдықталады.".
2. 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының отыз төртінші абзацын қоспағанда, осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастан он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сауда-саттықты ұйымдастырушыларға, бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жеткізсін.
4. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары 2009 жылғы 1 қазанға дейінгі мерзімде бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асырғанда қолданатын бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етулерін осы қаулыға сәйкес келтірсін.
Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілім жүйесін жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыратын ұйымдар 2010 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілім жүйесін жүргізу бойынша қызметті жүзеге асырғанда қолданатын бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етулерін осы қаулының 1-тармағының отыз төртінші абзацымен сәйкес келтірсін.
5. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Төрайым Е. Бахмутова