Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына және қор биржасының листингтік комиссиясының құрамына қойылатын талаптар туралы және Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымының қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту жөнінде" 2008 жылғы 28 қарашадағы N 195 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 27 наурыздағы N 61 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 5 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5661 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 249 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 249 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауда-саттықты ұйымдастырушылардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Агенттік Басқармасының "Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына және қор биржасының листингтік комиссиясының құрамына қойылатын талаптар туралы және Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымының қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту жөнінде" 2008 жылғы 28 қарашадағы N 195 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5495 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      6-тармақта "басшы қызметкерлері" деген сөздер "атқарушы органның басшылары және мүшелері" деген сөздермен ауыстырылсын;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "10. Қор биржасы эмитенттер аудитінің мәселелері бойынша қор биржасы директорлар кеңесінің комитетін (бұдан әрі - эмитенттер аудиті жөніндегі комитет) құрады, олардың функциялары мыналар болып табылады:
      1) эмитенттердің қаржылық есептілігі бойынша аудиторлық есептерді (эмитенттердің қаржылық есептілігін аралық шолу бойынша аудиторлық ұйымдардың есептерін) қарау, олардың бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізіміне енгізілуі болжануда немесе енгізілген, осы қаулының 17-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қор биржасы бөлімшесінің сұрауы бойынша көрсетілген есептерді қарау нәтижелері туралы тиісінше ақпаратты дайындау;
      2) қор биржасының ресми тізіміне эмитенттердің болуы және олардың бағалы қағаздарын енгізу үшін қор биржасымен танылатын аудиторлық ұйымдардың тізбесін қалыптастыру;
      3) қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленген өзге функциялар.";
      11-тармақта:
      5) тармақша алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
      "Эмитенттер аудиті жөніндегі комитеттің шешімі бойынша оның мәжілістеріне қатысу үшін аудит және қаржылық есептілік саласында кәсіптік білімі бар сарапшылар шақырылады . ".
      2. Осы қаулы оны бірінші ресми жариялаған күннен кейін, он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
      3. Сауда-саттықты ұйымдастырушы осы қаулы қолданысқа енгізілгеннен кейін отыз күнтізбелік күн ішінде өзінің ішкі құжаттарын осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін.
      4. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
      1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне жіберсін.
      5. Агенттік Төрайымының қызметі (А.Ә. Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қолға алсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

      Төрайым                                          Е. Бахмутова

О внесении изменений и дополнения в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 28 ноября 2008 года № 195 "О требованиях к организационной структуре организатора торгов и к составу листинговой комиссии фондовой биржи, и об утверждении Правил осуществления деятельности структурного подразделения организатора торгов, осуществляющего деятельность по надзору за совершаемыми сделками в торговой системе организатора торгов"

Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 27 марта 2009 года № 61. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 5 мая 2009 года N 5661. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 19 декабря 2015 года № 249

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 19.12.2015 № 249 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В целях совершенствования нормативных правовых актов, регулирующих деятельность организаторов торгов с ценными бумагами и иными финансовыми инструментами Правление Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций (далее - Агентство) ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правления Агентства от 28 ноября 2008 года № 195 "О требованиях к организационной структуре организатора торгов и к составу листинговой комиссии фондовой биржи, и об утверждении Правил осуществления деятельности структурного подразделения организатора торгов, осуществляющего деятельность по надзору за совершаемыми сделками в торговой системе организатора торгов" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 5495), следующие изменения и дополнение:
      в пункте 6 слова "Руководящие работники" заменить словами "Члены и руководители исполнительного органа";
       пункт 10 изложить в следующей редакции:
      "10. Фондовая биржа создает комитет совета директоров фондовой биржи по вопросам аудита эмитентов (далее – комитет по аудиту эмитентов), функциями которого являются:
      1) рассмотрение аудиторских отчетов по финансовой отчетности эмитентов (отчетов аудиторских организаций по обзору промежуточной финансовой отчетности эмитентов), чьи ценные бумаги предполагаются к включению или включены в официальный список фондовой биржи, и подготовка соответствующей информации о результатах рассмотрения указанных отчетов по запросу подразделения фондовой биржи, указанного в подпункте 1) пункта 17 настоящего постановления;
      2) формирование перечня аудиторских организаций, признаваемых фондовой биржей для включения и нахождения эмитентов и их ценных бумаг в официальном списке фондовой биржи;
      3) иные функции, установленные внутренними документами фондовой биржи.";
      в пункте 11 :
       подпункт 5) исключить;
      дополнить абзацем восьмым следующего содержания:
      "По решению комитета по аудиту эмитентов для участия в его заседаниях приглашаются эксперты, обладающие профессиональными знаниями в области аудита и финансовой отчетности.".
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      3. Организаторам торгов в течение тридцати календарных дней после введения в действие настоящего постановления привести свои внутренние документы в соответствие с требованиями настоящего постановления.
      4. Департаменту надзора за субъектами рынка ценных бумаг и накопительными пенсионными фондами (Хаджиева М.Ж.):
      1) совместно с Юридическим департаментом (Сарсенова Н.В.) принять меры к государственной регистрации настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан довести его до сведения заинтересованных подразделений Агентства, Объединения юридических лиц "Ассоциация финансистов Казахстана".
      5. Службе Председателя Агентства (Кенже А.А.) принять меры по опубликованию настоящего постановления в средствах массовой информации Республики Казахстан.
      6. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Агентства Алдамберген А.У.

       Председатель                               Е. Бахмутова