Қолданушылардың назарына!!!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
Инвестициялық портфельді басқарушының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, сондай-ақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың есеп беру тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 196 (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.09.2014 № 178 (01.07.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
3. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2012.02.24 № 85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
4. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының үшінші, төртінші, бесінші абзацтарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
5. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жеткізсін.
6. Агенттіктің Төрайым қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Төрайым Е. Бахмутова